Талдықорған: +23°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОБА

7 желтоқсан 2018
САЯСАТ
WhatsAppTelegramFacebook

   Қаскелең қаласында орналасқан Сүлейман Демирел университетінің базасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің қолдауымен «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің тұсаукесер рәсімі өтті. 

 

   Салтанатты іс-шарада  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев, СДУ президенті Мейірбек Мәжитов, Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев және Алматы облысына қарасты колледждер мен мектеп директорлары бас қосты.        
   Қонақтарды қарсы алған университет президенті Мейірбек Мәжитов   алдымен еуропалық үлгіде салынған білім ғимаратының  ішін аралатып, сатушысыз, бақылаусыз жұмыс жасайтын «Адал дүкен» сауда орнын, тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсету мақсатында жабдықталған  қайырымдылық  бұрышын  көрсетті. Ал, жаңадан ашылған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасының жұмыс бөлмесінде Сулейман Демирел университеті студенттер клубының жетекшісі Шәміл Ванкеев білім шаңырағында құрылған 28 клубтың жұмысы жайлы жан-жақты баяндап берді.
   Бұл жобаны іске асырудың негізгі бағыттарын:  «Азаматтың негізгі өмірлік ұстанымы мен адами құндылықтары жастық шақта қалыптасатыны ескеріле отырып, «Sanaly Urpaq» жобасы облыс аумағында іске қосылуда. Осы орайда 14 қарашада Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде алғашқы «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі ашылды. Жобаны іске асырудың негізгі бағыттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру ұйымдарының ашықтығы мен академиялық адалдық, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға талдау жасау және ақпараттық қолдау», – деп айқындап берген Серікбай Өрікбайұлы қарапайым өмірден мысалдар келтіре отырып, жемқорлықтың қаншалықты зиянды құбылыс екенін, пара алмайтын және бермейтін қоғамның артықшылықтарын бүкпесіз баяндады. 
   Білім ошағының басшылығы жобалық кеңсенің ашылуын ерекше жаңашыл форматта – «Sana Talks» интерактивті пікір алмасу алаңын ұйымдастыру арқылы өткізді. «Sana Talks» қатысушылары қоғамдық дертке айналған жемқорлық мәселесіне қатысты көзқарастары мен індеттің алдын алуға бағытталған ұсыныстарын білдірді. Мысалы, Ресейдің Саха-Якут елінен келген  саха қызы Даяна Портнягина өзінің Қазақстандағы жоғары оқу орнына қалай түскенін, ұстаз мамандығын таңдауының себебін айта келіп,  жемқорлыққа жол бермейтін ұрпақты мектеп қабырғасынан тәрбиелеу қажеттігіне тоқталса, Сомалилік студент Абдолла Хусейн отандық таксистердің  туристерге деген қарым-қатынасына тоқталып, шетелдік туристерді қарсы алу мен сүйемелдеу бойынша өзіндік бағдарлама жасауды ұсынды. Ал, ақын Алтынбек Ибрагимов болса домбыраның сүйемелдеуімен жемқорлықты әшкерелейтін жыр жолдарын төкпелете жеткізді.
   Алқалы жиында сөз алған Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасының құндылығы жайлы айта келіп, университет қабырғасында атқарылып жатқан игі істерді аудан көлемінде, атап айтқанда мектептерде жалғастыру қажеттігіне баса назар аударды. Бұл бағытта студенттер мен ұстаздардың бірлесе атқарар жұмыстары ұрпақ тәрбиесіне қосар берекелі қадам болмақ.   
   Іс-шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен университет арасында меморандумға қол қойылып, оның аясында қос тарап екіжақты серіктестік  арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ортақ әдіс-тәсілдер мен  қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша келісім жасады. 
– Әр оқу орны үшін ең басты қағида – сапалы білім мен саналы тәрбие болуы тиіс. Біздің міндетіміз – қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын жүргізу, ортақ әдіс-тәсілдерді енгізіп, жастармен жан-жақты жұмыс жасау. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей,  бұл бағытта екіжақты серіктестік орнатып, маңызды жұмыс атқарарымызға сенімдімін», – деді.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ. 

 

Қатысты жаңалықтар

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30
Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Бүгін, 11:03
Текеліде автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Текеліде автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Бүгін, 10:53
Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.