Талдықорған: +21°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ҰЛЫ ДАЛА — ӨРКЕНИЕТ БЕСІГІ

07.12.2018
ТҮПСАНА
WhatsAppTelegramFacebook

   Еңбекшіқазақ ауданында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Онда Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы жан-жақты талқыланды.

 

   Кеңес мүшелері ең алдымен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында болып, «Алтын Адамға» қатысты жәдігерлермен танысты. «Таңбалар. Петроглифтен ою-өрнекке дейін» деген тақырыпта ұйымдастырылған көрмені тамашалады
– Көшпелі отырысымыздың осы музейден бастау алуы көп жайды аңғартады. Өйткені, бұл мекен – тарихымыздың тым тереңде жатқандығының куәсі. Елбасымыз өз мақаласында «Алтын Адамның» табылуы төл тарихымызды жаңаша тануға жол ашқанын атап көрсетті. Сол арқылы Ұлы Даламызда үлкен өркениеттің болғаны дәлелденді. Сондықтан да осындай киелі орынның қасиетін паш етіп, ұлттық тұлғаларымызды асқақтату өскелең ұрпақтың парызы, – деді «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің төрағасы Нүсіпбай Әбдірахым.
   Бүгінгі таңда «Есік» мемлекеттік қорық-музейі ғылыми орталыққа айналды. Алыс, жақын шетелдермен байланыс орнатып, археологиялық зерттеулерге ден қойып келеді. Елбасының «Алтын Адамға» қатысты ой-пікірлері музей қызметкерлерін де қанаттандырып отыр.
– Музейге саяхат жасайтын шетелдік туристер «Алтын Адам» сүйегінің қайда жатқандығы туралы сұрақтарды жиі қояды. Әзірге оған нақты жауап қайтару мүмкін болмай тұр. Сондықтан біз ақылдаса келіп, сақ жауынгерінің сүйегін жер қойнына тапсыру рәсімін жасайық деп тиісті орындарға ұсыныс жолдаған едік. Егер ол қолдау тапса, «Алтын Адамның» даңқы одан сайын биіктей түсетіні анық, – дейді музей директоры Гүлмира Мұхтарова.
Өз кезегінде сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов келесі жылы ауданның 90 жылдық мерейтойы өтетіндігін айтты. «Міне, сол кезде бабамыздың сүйегін жерлеп, ескерткіш орнатсақ деген ниеттеміз», – деді ол.
Көрмеге музей қызметкерлерінің экспедициясы кезінде жасалған эстампаждар мен петроглиф суреттері қойылыпты. Рахат, Өрнек, Талғар археологиялық қалашықтары маңынан және Ұйғыр ауданындағы Кетпен тауынан табылған петроглифтердегі ою-өрнектер қонақтарды ерекше әсерге бөледі. Тастағы әрбір таңбалар ықылым замандардан сыр шертіп тұрғандай.
   Бұдан кейін қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы Есік қаласындағы Райымбек батыр орта мектебінің мәжіліс залында жалғасты. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қызметкерлері, этномәдени бірлестік өкілдері, қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
   Жиынды «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің төрағасы Нүсіпбай Әбдірахым ашып, жүргізіп отырды. Қатысушылар Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласынан түйген ой-пікірлерін ортаға салды.
Алғашқы болып сөз алған   М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Рысжан Аязбаева өңірлердегі музейлер жұмысына тоқталды. Қазіргі таңда облыстық тарихи өлкетану музейінде 27 мың экспонат сақтаулы тұр. Бірақ, өкінішке қарай, тек олардың 2000-нан астамы ғана көрушілердің назарына ұсынылады. Қалған жәдігерлер қоймаларда жатыр, өйткені оларға орындар таршылық етуде. Сондықтан облыс орталығынан кең көлемдегі жаңа музей ашудың кезегі келгенін тілге тиек етті.
   Кеңестегі жарыссөзде аудандардағы музейлерге қатысты мәселелер де қозғалды. Мәселен, бір ғана Еңбекшіқазақ ау-данында бес музей бар. Солардың ішінде Нұра ауылындағы «Жеті қазына» бүркітшілер мұражайы жекеменшік негізде жұмыс істейді. Атакәсіп – бүркітшілікке ерекше қызығатын шетелдік туристер де аз емес. Олар аталған мұражайға атбасын жиі бұрады. Осы жайларға тоқталып өткен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қуат Байғожаев бүркітшілер мұражайын көпшілік орнына айналдыру үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе деген пікірін алға тартты. 
   Талдықорған қаласындағы С. Сейфуллин атындағы көпсалалы кітапхананың директоры Ғалия Тоқабаева, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Ұлан Боранбайұлы және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыровтар Елбасы мақаласының бағдарламалық сипаттарын ашып көрсетті. Атқарылуға тиісті істердің бәрі «Рухани жаңғырудың» құрамдас бөлігі екендігіне тоқталды. Осы арқылы ұлттық сананың тереңдеуі қамтамасыз етіледі. Тәуелсіздік идеологиясымен тәрбиеленген жаңа ұрпақтар толқыны өсіп жетіледі. Елбасы мақаласының мазмұны мен мәні осындай ерекшеліктерімен құнды. 
Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары  Серік Нұрқадыров мәжілісті қорытындылады. Одан әрі партиялық топ Ақши ауылындағы «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінде» болып, ондағы жұмыстармен танысты және жұртшылық өкілдерімен кездесті.

Болат МӘЖИТ,
Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Бүгінгі валюта бағамы: доллар қанша теңге

Бүгінгі валюта бағамы: доллар қанша теңге

03.04.2026
Қазгидромет жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды

03.04.2026
Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.