Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖЕР САТҚАН ӘКІМ ТҰТҚЫНДАЛДЫ

06.12.2018
РУХАНИЯТ
ЖЕР САТҚАН ӘКІМ ТҰТҚЫНДАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Иә, Талдықорғандағы жаңа театр ғимаратында сыбайластарымен жер сатқан ауыл әкімінің арсыз қылығын әшкерелейтін пьеса қойылды. Қазақстан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Құлқынның құлы» қойылымының тұсауы кесілді. Бикен Римова атындағы облыстық драма театры ұжымы сомдаған көрініс қоғам індетінің ащы шындығын жария етті.

Қарапайым ауылдағы әке мен бала арасындағы диалог көрермен көкейіндегі сауалды дәл тапқандай. Атадан балаға мирас болып қалып келе жатқан қыстаудың тарихымен таныстырған әкесі қалаға аңсары ауған ұлынына ренішін айтады. Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқып, әлі де болса үміт үзбейтінін, келін әкеп, қара шаңырақтың шырағын сөндірмейтініне сенім білдіреді. Ал қорадан жиіркенген ұлы кіндік қаны дәл сол жерде тамғанын кейін түсінеді. Оның сүйіктісі Мадина орыс пен қазақ тілін араластырып сөйлесе де, Қуанышқа деген махаббаты адал-тұғын. Мың бұралып билейтін өнері де бар.

Ауыл әкімі Қайырбек пен оның сыбайласы Ахмет еш рұқсатсыз қарияның жерін түгелімен Астанадан келген дөкейге сатып, пара алады. Тек пара алып қоймай, Қуаныштың сүйгені Мадинаны да астаналық қадірлі қонақтарға қызметке жұмсайды. Аурушаң анасының ем-домына ақша қажетсінген қыздың арын мәжбүрлі түрде аяққа таптайты. Ал Қуанышты істі қылып, заңсыз қару қолданғаны үшін жауапқа тартқызады. Әкесінің кеудесінен итеріп, соққыға жығады да жерін қоршап, қора-қопсысын бұзып, қарауыл қойғызады. Ауыл әкімі тек бұлардың ғана емес, аймақтың шұрайлы жерінің бәрін саудалап, халықтың ашу-ызасын келтіреді.

Зорлық көрген Мадина сыбайластарды ақшаны бөлісіп жатқан жерлерінен суретке түсіріп, қажетті мекемеге хабарлайды. Сөйтіп, үлкен көлемде пара алған олар ұсталып, қолдарына кісен салынып, темір тордан бір-ақ шығады. Оның зардабын өздері ғана емес, соңында қалған бала-шағасы да тартады. Жағылған қара күйе қадірлерін қашырып, ел мазағына айналады. Қойылымының ерекшелігі сол, тек қайғылы жағдайды ғана қамтымай, сатира жанрын да мән берілген. Әсерлі драма сыйбайлас жемқорлықтан түбегейлі бас тартуға үндеп, махаббат, сезім секілді асыл ұғымдарды қастерлеуге шақырады. Ең бастысы, талай боздақтың төгілген қанымен жеткен қасиетті жерді аялауға, сақтауға деген рухты оятады.

Актерлердің шеберлігіне тәнті болған көрермен аямай шапалақ ұрып, құшақ-құшақ гүлдерін ұсынды. Облыс әкімінің ықылас гүлі салтанатты түрде табысталды. Тұсаукесермен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев:

– Театр өмірдегі күнделікті тіршілікті сахнадан көрсетеді. Сондықтан, бүгінгі қойылымның мақсаты орындалды деп есептеймін. Республика бойынша алғаш рет осы театрда сахналанып отыр. Бұл — біз үшін үлен қуаныш, – деп өнер ұжымына алғыс айтты.

Жоба авторы — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың Алғыс хатын театр директоры Ғалия Темербаеваға тарту етті. Драманы жазған халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты — Тұрлыбек Мәмесейіт, қоюшы-режисер Қазақтанның Халық әртісі Ерсайын Төлеубай жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін ағытты. Соңында ел сүйіспеншіліне бөленген қазыналы қарт Әлімғазы Райымбеков ақ батасын берді.

Облыс әкімінің қолауымен қаржы бөлініп, Халықаралық сыбайлас жемқорылықпен күрес күніне орай көрермен назарына ұсынылған қойылым ендігі кезекте өзге облыстар мен қалаларда да сахналанбақ.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.