Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕЛБАСЫ РӨЛІ ШАБЫТ СЫЙЛАДЫ

04.12.2018
РУХАНИЯТ
ЕЛБАСЫ РӨЛІ ШАБЫТ СЫЙЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев турасында аз жазылып жүрген жоқ. Дегенмен, солардың арасында Елбасы туралы режиссер Рүстем Әбдірашов түсірген «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмінің алар орны ерекше. Нұржұман Ықтымбаев, Бибігүл Төлегенова сынды қазақ өнерінің майталмандары түскен киноэпопеяда Елжас Әлпиев, Әбілмансұр Серіков және Нұрлан Әлімжан Нұрсұлтан Әбішұлының балалақ және жастық шақтарын сомдайды. Біз осы актерлермен хабарласып, Мемлекет басшысының рөлін қалай ойнағаны турасында ой-пікірлерін білген едік.

Елжас ӘЛПИЕВ:
– Мен өзім ата-анамның көптен күткен жалғыз баласымын. Ол кезде балабақшаға барып жүрген бес жастағы бала едім. Елбасының сәби шағын ойнау бақыты бұйырғаны үшін ең алдымен анам Кенжегүл мен әкем Нұрқайдарға алғыс айтуым керек шығар. «Қазақфильм» киностудиясында Тұңғыш Президентіміз жайлы көркем фильм түсірілетіні жайлы, онда Нұрсұлтан Әбішұлының кішкене кезін сомдайтын балаға кастинг жарияланғанын естіп, мені сонда апарыпты. Онда көп жайды түсіне бермеймін, өзім сияқты көптеген баламен бірге үш күн  бойы аға-апайларымның алдынан өткенім есімде. Солардың арасында кино режиссері Рүстем Әбдіреш болғанын кейін білдім.
Кастинг біткеннен кейін: «Қатысқандарыңызға рахмет. Өзіміз хабарын береміз!» – деп шығарып салды. Араға уақыт салып Рүстем аға өзі телефон шалып, мені бала Нұрсұлтан – Сұлтанның рөлін ойнауға таңдап алғандарын жеткізді. Сондағы әке-шешемнің қалай қуанғаны әлі күнге дейін көз алдымда.
Бес жасар бала актерлік өнер, шеберлік туралы нені біле қоюшы еді?! Кино түсірушілерге аз қиындық әкелмеген болуым керек. Айналаңдағы қаптаған адамдар, камералар, жарық қондырғылары көңіліңді алаңдата береді.  Оларға үйрену үшін де біраз уақыт кетті. Бірақ режиссер Рүстем аға, анам мен кино мамандары үнемі қасымда болып, бала Сұлтанның бейнесіне енуіме көмектесті.  Осылайша ақпан айында қысқы көріністерді түсіріп, содан кейін мамырдан жыл аяғына дейін толық аяқтап шықтық. Түсірілім Елбасының туған жері – Үшқоңыр жайлауында  жүргізілген еді.
– Елжас, одан  кейін киноға түстің бе? Қазір қайдасың?
– Қазір Іле ауданы, Боралдай ауылында  тұрамыз. Сегізінші сыныпта оқимын. Әрине, шақырып жатса киноға түсуге қарсы емеспін. Алайда әзірге ондай ұсыныстар болмай тұр.
– Болашақтағы арманың қандай?
– Әрине, өнер институтына түсіп, актер мамандығын меңгерсем деймін. Халқымыздың асылдары мен абыздарын сомдау – үлкен арманым!

Нұрлан ӘЛІМЖАН,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Бұл – тарихи туынды. Әрі Ұлт Көшбасшысының өмірі жайлы сыр шертетін кино болғандықтан оның басқалардан орны ерек. Сондықтан түсірілім жұмыстарында үлкен жауапкершілікті сезіндім. Осы рөлге лайықты деп танылғанымда барынша көп ізденуге тырыстым. Елбасының жазған кітаптарын оқып, ол туралы ұсынылған деректі фильмдерді көріп шықтым. Үлкен экранға шықпастан бұрын оны басты прототиптің өзі тамашалайтынын біліп, тіптен қобалжыдым. Қанша айтқанмен: «Қалай болар екен?» – деп уайымдайсың ғой. Асылы, бұл жұмыс үшін біраз тер төгуге тура келді. Камера алдында жас жігіттің кейпіне енуің керек деген талап қойылды, содан іле-шала бокспен қарқынды түрде айналыса бастадым. Бірнеше ай бойы спортзалдан шықпай, нәтижесінде 12 келіге арықтадым. Ол кезде жастар шаштарын ұзын ғып өсіруші еді ғой, мен де соған сай біраз өзгердім. Сосын мінез-құлқымды, қимыл-қозғалысымды қолдан келгенше бозбала Нұрсұлтанға ұқсатуға күш салдым. Сөйтіп, ақыры басты рөлді сомдайтын болып шықтым.
– «Елбасы жолы» атты фильмдер циклының екінші және үшінші бөлімдерінде 1950-1960 жылдар кезеңіндегі оқиғалар қамтылады. Екі фильмде, екі картинада ойнау қиындық тудырмады ма?
– Қос картина бір адам жайлы болғанмен  екеуін мүлде салыстыруға келмейді. Неге десеңіз, әрқайсысында Нұрсұлтан Әбішұлының әр жылдардағы тыныс-тіршілігі көрсетілген. Оның үстіне, екі киноның шығармашылық тобы да бірдей емес. Өз басым мына рөлімді сәтті алып шықтым деп бөліп-жарып айта алмаймын. Әр кейіпкерімді жанымды салып ойнағаннан кейін олай айтуға аузым бармайды екен.
Осы орайда «Неге үш фильмге де Нұрланды таңдаған?»  деген заңды сауалдың туындайтыны айтпаса да түсінікті. Оның себебін өзім де білмеймін. Бәлкім, өзіме берілген жұмысты жақсы атқарып шыққанымнан болар? Мүмкін, кескін-келбетіміздің ұқсастығынан шығар, кім білсін? Мамандардың айтуынша, ол кісімен жазық маңдайымыз, бет-пішініміз, жалпы өңімізде ұқсастықтар бар екен. Жеке басым Президентпен егіздің сыңарындаймыз деп тағы айта алмаймын.
Бір айтарым, Президенттің өзі киноның әр бөлімін ерекше ықыласпен тамашалады. Оң бағасын берді. Кейіннен актерлерге жақындап келіп, ризашылығын білдірді. Менің қолымды қысып, құшағына алды. Осылайша мерейімді өсірді. Шығармашылық адамына мұның барлығы шалқар шабыт беретіні сөзсіз.
Көзімнің жеткені, Нұрсұлтан Әбішұлы өте қарапайым жан екен. Президент – пейілі кең, кинода ойнаған әрқайсымызбен емен-жарқын дидарласты. Сосын, түсірілім жұмыстарынан түйгенім, ол аса еңбекқор. Шынында, қарапайым отбасыдан шыққан Елбасы аталған қырының арқасында осындай жетістікке жетті емес пе? Әрі-беріден соң осы еңбекқорлығы, қайтпас қайсарлығы бәрімізге үлгі болуы керек. Сол кісіге ұқсап бақсақ, жаман болмайтынымыз анық. Сол себепті, осы рөлдерімнен кейін өзіме ерекше кірпияздықпен қарап, одан сайын көп жұмыс істеу қажеттігін, сонда ғана белгілі бір белестерді бағындыратынымды түсіндім.

Қуат Қайранбаев

 

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.