Талдықорған: +21°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ЖАРКЕНТТЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 375 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ

03.12.2018
ТҮПСАНА
ЖАРКЕНТТЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 375 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алаш рухын оятқан Орбұлақ шайқасы жеңісінің 375 жылдық тойы Жаркент  қаласында республикалық деңгейде аталып өтті. Осы бір жан тебірентерлік жақсы рәсімге арысы – Астана, Алматы, Шымкент, Талдықорғаннан, берісі – жазиралы Жаркенттің түпкір-түпкірінен өкілдер қатысты. Жиынға қатысушылар Орбұлақтағы Алаш баласы тізе қосқан, иықтасып күш біріктірген ұлы жеңісті ұлықтай білу, сол арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімін шыңдап, ұлттың ұлағатына дем беретін рухани маңызы мол  шара  деп  бағалады.

1643 жыл. Орбұлақ шайқасында еңсегей бойлы Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір сұлтан бастаған қазақтың 600 батырдан тұратын қолы атақты Белжайлаудан Күреңбел аңғарына асып түсер тар қолтықта жоңғардың 50 мың әскеріне төтеп беріп, Самарқаннан көмекке келген Әлімұлы Жалаңтөс баһадүрдің 20 мыңдық жасағаның көмегімен ата жауды 40 жылға жуық ес жимастай етіп қырғынға ұшыратқан еді.

Ел тәуелсіздігін сақтауға үлес қосқан, ертедегі Алаш баласының бірлігін айқындайтын осы шайқастың алғаш 350 жылдығы республика деңгейінде аталып өткені ел есінде. Ал 2008 жылы жазда Орбұлақ шайқасы болған қасиетті орында тағы бір қастерлі рәсім жүзеге асырылды: ел үшін жер жастанған батырлардың рухына Құран оқылып, құрбандық шалынды. Одан  бері ұлтымыздың ұлы тарихын жаңғырту жолында берекелі іс атқарып жүрген ел ағалары аз емес. Бұл іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткені облыс әкімі Амандық Баталовқа, көркем шығармалар мен ғылыми еңбектер жазып, Орбұлақ ақиқатын оқырманға жеткізген зерттеуші-жазушы, жерлесіміз Бексұлтан Нұржекеевке, белгілі меценат Бекет Тұрғараұлына ел алғысы  ерекше.

Өткен  жылы  жазда Бекет Тұрғараұлы Қосқолаң тауының етегіндегі бас қолбасшы Жәңгір мен оның сарбаздары қаза болған жерге белгітас орнатты. Сондай-ақ, биыл сәуірде Бекет мырзаның ұйытқы болуымен шырайлы Шымкент қаласында «Орбұлақ шайқасы: ұлы жеңістің ақиқаты және маңызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Киелі оңтүстік жерінде Жәңгір хан мен Жалаңтөс батырдың айбынды ескерткіші бой көтерген болатын.

Жеңіс тойы алдымен Жаркент қаласындағы саябақта «Орбұлақ»  мемориалды кешенін  ашу  рәсімімен  басталды. Биіктігі 17 метр, ұзындығы 30 метрлік кешеннің композициясы симметриялық құрылымда жасалған, ортасы – стелла-жебе. Стелланың ортасында үш метрлік  биіктікте қоладан  құйылған  қалқан бар. Онда: «Орбұлақ  шайқасы», «1643» және  арабша «Алла  бізбен бірге – жеңіске  жетеміз!» – деген жазу  жазылған. Ортасында Қазақ хандығының геральдикасы бейнеленген. Монументтің ақ мәрмәрдан жасалған 16  метрлік стелла жебені, ал 28 метрлік көпфигуралы композиция садақты білдіреді. Оң мен сол жағында қанатты  барыстар, сақ  дәуірінен келе жатқан шекара  қорғаушылар  символы орнатылған.

Орбұлақта оянған рух – бүкіл қазаққа ортақ жеңіс. Ал шайқас болған жердің маңызы тіптен бөлек. «Ұлы жебе» атты ескерткіш-кешенді ашу салтанатында алғашқы сөз облыс әкімі Амандық БАТАЛОВҚА ұсынылды.

– Баршаңызды Орбұлақ шайқасы  жеңісінің  375  жылдығымен, айтулы  мереке – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз  еліміздің айбыны  асқақ,  келешегі  кемел  болсын! – деп сөз бастаған облыс әкімі бұдан әрі Орбұлақ  жеңісінің тарихи маңызына кеңінен сараптама  жасады.

Салтанатты  сәтте  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты  Қуаныш Сұлтанов, ҚР Мемлекеттік  сыйлығының иегері, жазушы Бексұлтан  Нұржекеев, Жаркент  қаласы, А.Луначарский  атындағы  орта мектептің 11 -сынып  оқушысы  Ернар  Ерғалиұлы сөз сөйлеп, шараға қатысушыларды кешеннің ашылу қуанышымен  құттықтады.

Бұдан кейінгі шара Елбасының «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Орбұлақ шайқасы жеңісінің 375  жылдығына арналған ғылыми конференциямен жалғасты. Ғылыми  конференцияны облыс  әкімінің  орынбасары Ақан Әбдуәлиев жүргізді. Алқалы  басқосуда ҚР Парламент  Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов лебізін білдірсе, «Орбұлақ деректері» тақырыбында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, жазушы Бексұлтан Нұржекеев баяндама жасады. Орбұлақ шайқасы деректерін ұзақ жылдан бері зерттеп, оның өткен орнын  анықтаған қаламгер баяндамасын қағазға қарамай, жан-жақты көсіле айтып  шықты. Одан  кейін Орбұлақ шайқасындағы тарихи  тұлғалар жайлы баяндама  жасаған ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих  ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық  Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерттеу республикалық ғылыми орталығының директоры Талас Омарбеков қазақ-қалмақ соғыстарының деректері жөніндегі  өз  пайымдарына  тоқталды.

Конференцияда тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ Қазіргі Қытайды зерттеу  орталығының  директоры Нәбижан  Мұқаметханұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Еуразиялық зерттеулер» кафедрасының профессоры Мақсат Алпысбесұлы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корроспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан  тарихы» кафедрасының меңгерушісі Берекет Кәрібаев баяндама жасады. Ғалымдардың кейбір деректерге байланысты таластары болғанымен, жалпы Орбұлақ шайқасы туралы тарихи пайымдары бір нүктеде қауышты.

Конференциядан кейін жазушы Бексұлтан Нұржекеев құрастырған «Қасиетті  Орбұлақ»  атты  кітаптың тұсаукесер  рәсімі жасалып, жаңа жинақ қатысушыларға  таратылды. Түстен кейін жиналған  қауымға Орбұлақ  шайқасындағы жеңістің 375 жылдығына арналған Б.Римова атындағы облыстық драма  театрының «Орбұлақ» қойылымы  көрсетілді.

                                                    Мырзағали  НҰРСЕЙІТ

  Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Елімізде мыңдаған дәрінің бағасы төмендеді

Елімізде мыңдаған дәрінің бағасы төмендеді

03.04.2026
Путинцева жартылай финалға шықты

Путинцева жартылай финалға шықты

03.04.2026
Бүгінгі валюта бағамы: доллар қанша теңге

Бүгінгі валюта бағамы: доллар қанша теңге

03.04.2026
Қазгидромет жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды

03.04.2026
Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.