Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАРА НАР (ҚАРАША ҚАРАМАН)

24.11.2018
РУХАНИЯТ
ҚАРА НАР (ҚАРАША ҚАРАМАН)
WhatsAppTelegramFacebook

    Біз сонау 1971 жылы Алматыда таныстық. Қазақстанның түкпір-түкпірінен елу баланың маңдайы жарқырап, ҚазМУ-дің ең әйгілі журналистика факультетіне оқуға түстік. Елудің ішіндегі паспортсыз туу туралы куәлікпен оқуға қабылданған Ғабиден (Ғ. Құлахметов ақын, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болған) екеуміз. Шын мәнінде сарыауыз балапанбыз. Үлкен қала түгілі шойын жолды, орысты көрмеген едім. Түсі суық, жүріс-тұрысы әскери адамдардай суыт Қараша Қараманмен таныстық. Әуелі бөлмелеріміз жатақханада көрші болды. Кейін ағалы-інідей араласып кеттік.

 

   Түсі суық болғанымен жүрегі жылы екен. Тек темірдей демейін, кәдімгі тәртіпті қатты ұстанады. Ғабиден екеумізді туған бауырындай баулыды. Жүген-құрық тимеген асау тайдай екеумізді ұзамай бастықтырды. Бөлменің еденін жууды, макарон пісіруді, сәнді киім киюді, шалбар үтіктеуді үйретті. Не керек, студенттік тұрмыстың бар машақатына мәтіби болып шыға келдік. Уақытында Пушкин кітапханасына жетектеп апарады, не оқып, не жазуды үйретеді. Бұл тәртіпке тек бізден екі жас ересек, қазір үлкен жазушы Серік Байхонов қана көне қоймады. Қарекең екеуі қызылордалық. Бірі – Қазалы, бірі – Шиеліден. Содан да болар. Бәлкім, Серіктің жаратылысы бөлек сияқты көрінеді осы күні. Ғабиден әзілді жақсы көретін. Бірде «Қараша – қатал» деген теңеуді жайып жіберді. Бір оттықтан жем жеп, бір тұнықтан су ішіп жүрсек те бүкіл курс Қарекеңнен именетін. Бірақ, керемет сыйлайтын. Үлкен-кішісі түгел. Марқұм курстасымыз Ержұман Смайлов та сол сойдан еді. 
   Содан қайран студенттік бес жыл бес күндей болмай өте шықты. Ош қаласында 2 айлық әскери жиында болдық. Дипломмен қоса лейтенант шенін алып қайтамыз. Бұрын әскерде болған курстастарымыз, бірі старшина, бірі сержант, бірі ефрейтор екен. Шендерін тағып алды. Тағы «сорладық». «Молодойлар» деп қарауылға, асханаға кезекшілікке бізді салады. Сонда Ғабиден марқұм «Старшина Қараша имеет ордена» деп әндететін. Сапта келе жатқанда айтатын ән ғой. Міне, біз Қаракеңді 70-ке келсе де әлі «Старшина Қараша» дейміз. Старшина әскерде солдаттың ең жақын қамқоршысы. Қарекең сол қамқор қалпынан әлі өзгерген жоқ.
   Қарекеңнен ендігі бір үйренетін мінезі – тұяғы тиген жерден таймайтын, айтқанынан қайтпайтын, не болсын түгендеп,  түбірлеп, зерттеп, жазған-сызғанынан әсте ши шығармайтын. Жолдамамен Үштөбеге, аудандық  қазіргі «Қаратал» газетіне барды. Облысқа, республикаға жоғарылап кететіндей мүмкіндігі мол болды. Үлкен жерде, үлкен креслода отырған Ғабиден досымыз кранша көтерсе, тиянақты Қарекеңді талай биіктен көретін едік. Ол қаламы бас білген аудандық газетін тастамады. Сол жерден зейнеткерлікке шықты. Міне, табандылық дегеніміз – осы. 
   Қарекең жасы зейнеткерліктен асып кетсе де әлі қатарда. Қасым Аманжолов ағасы жырлағандай, «Сайраған ізі жатыр жер бетінде». Ол – қаламынан туған шығармалары. Өзің туған қараша айындағы қансонардай жыл сайын үйірімен үш тоғыз боп тұр, Қареке!
   Рухани қылышыңыз қынапта, біз – сапта. Сіз – старшина, біз – солдат. 

Мағауия СЕМБАЕВ,
«Орталық Қазақстан» газетінің бас 
редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген 
қайраткері, Президент сыйлығының 
лауреаты
Қарағанды

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.