Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Мейрам БАЗАРҰЛЫ: «ӘНШІ ТЕЛЕАРНАДА ЕМЕС, САХНАДА ЖҮРСІН»

21 қараша 2018
РУХАНИЯТ
Мейрам БАЗАРҰЛЫ: "ӘНШІ ТЕЛЕАРНАДА ЕМЕС, САХНАДА ЖҮРСІН"
WhatsAppTelegramFacebook

   Жыл сайын колледжімізге өңіріміздің елге танымал тұлғаларын шақырып, кездесу ұйымдастыру дәстүрге айналған. Халқымыз «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» дейді. Көпті көруге бірден-бір мүмкіндік беретін мамандық ол – журналистика. Тілші өз кәсіби майданында тілі жаңа шыққан сәбиден ел тізгінін ұстаған азаматтарға дейін сұхбат алып, сырлас болып жатады. Осы орайда білім шаңырағына тәжірибесі бай, көңіліне түйгені, жүрегінде ұялаған қандай да бір арманы, жастарға айтар ақыл-кеңесі бар кәсіби журналисті шақырдық.

 

   Бұл жолғы кездесуге кіндік қаны Арқаға тамса да Алатаудың баурайында өскен Қазақстанның Құрметті журналисі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мейрам Жанәділов келді. Ақпарат саласының үздігі Талдықорған политехникалық колледжінің  студенттерімен жолығып, сыр-сұхбат құрды. «Өлке тынысы» ЖШС  бас директорына шәкірттер сан түрлі сауал қойып, ақыл-кеңесін алды. Мейрам Базарұлының өмірбаянымен танысқан шәкірттерді журналистикаға қалай келгені қызықтырды. 
   Негізі  шығармашылыққа жаны жақын болмағанда Қазақстанның Құрметті  журналисі қазір спорт саласында жүруі мүмкін екен. Өйткені, алғашқы оқыған мамандығы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, самбодан спорт шебері атанса да жаны телевизияны қалаған жас маман спорт тақырыбында қалам тербеді. Спорт комментаторы атанды, жай комментатор емес, әлемдік жарыстардың жай-жапсарын қарапайым тілмен көрерменге жеткізген бірегей маман болды. Әңгіме тележурналистикаға қатысты болған соң студенттер қонақтан телебағдарламаларды өзге маман иелерінің жүргізуіне қалай қарайтынын сұрады. Ол кісі өз сөзінде: «Әнші сахнада әнін айту керек, ұстаз-мұғалім аудиторияда сабақ беру керек, яғни, қай салада болсын әркім өз мамандығымен айналысу керек. Әнші телеарнада емес,сахнада жүрсін», — деді.
   Көрермен көңілінен шығу үшін  Мейрам Базарұлы да тележурналистика  қазанында қайнады. Ақпараттық-сараптамалық  «Шарайна», «Ақшам» бағдарламаларын жүргізді, қатардағы тілші болып, алыс-жақын мемлекеттерден репортаж әзірледі. Талдықорған қаласында «Қазақстан» телеарнасының тілшілер қосынын ашуға үлес қосты. Алматы облысындағы соңғы жаңалықтарды басты арна арқылы елге хабарлап отырды. Бір кездері «Жетісу» арнасын басқарған журналист қазір аймақтың екі басылымына басшылық етеді. 
   Мейрам аға шәкірттермен емен-жарқын сұхбат құрды. Латын қарпіне көшудің мәні, Елбасы Жолдауының маңыздылығы, әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы айтып берді. Өмірлік ұстанымы мен жетістікке жетудің кейбір құпиясымен бөлісті. Жастарды білім алуға, кітап оқуға шақырды. Жетісуда отбасын құрып, осы жерде өзіне жақын жолдастар тапқан, еңбек жолының нағыз бір керемет жылдарын өткізіп жатқан Мейрам аға: «Жетісу – туған жерім болмағанымен, туған жерімдей ыстық өлке», – деді.
  Тағылымы мол кездесу білімгерлерге үлкен әсер қалдырды. Колледж студенті Мадина Жасыбаева: «Бұл кісінің қарапайымдылығы бәрімізге ұнады, себебі, қойған сұрақтарымызға шынайы, ешқандай бүкпесіз жауап берді. Өмірлік ұстанымын, ағалық ақылын айтты. Бүгінгі кеш бізге қатты ұнады» – деді.
   Кездесу соңында кеш қонағы көңіліне жаққан екі студентке Ришад Тұрғанбайдың «Намыс-жебе» кітабын тарту етті. «Сыр-сұхбат» жобасының қадірлі мейманы да құралақан қайтпады. Сұлу Көкше бейнеленген үлкен картинаны сыйлыққа алды, көпшілік ізгі тілек айтып, естелік суретке түсіп тарқасты.

Ержан БЕЙСЕҒҰЛОВ,

Талдықорған политехникалық колледжінің оқытушысы

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

4 қараша 2026
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

4 қараша 2026
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

4 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.