Талдықорған: -1°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАБЫС КІЛТІ — ЖОБАЛАЙ БІЛУДЕ

19 қараша 2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

   Бүгінгі таңда сан салада жетістікке жетудің бір-ақ жолы бар. Ол – жобалық басқаруды жете меңгеру. Бұл кәсіпкерлік саласы үшін де өзекті. Себебі, кез келген кәсіпкер алға қойған мақсатын, бизнес жоспарын сәтті жүзеге асырамын десе, ең алдымен оның бүгіні мен ертеңін, пайдасы мен зиянын, тиімділігі мен қауіп-қатерін алдын ала ойластырып алғаны жөн. Сонда ғана туындайтын түрлі келеңсіздіктің алдын алып, кәсібін дұрыс бағытпен алға жылжытуға болады. Талдықорған қаласында өткен бизнес форумда осы және осыған қатысты мәселелер сөз болып, білікті мамандар оның жолдары мен әдіс-тәсілін көпшілікпен бөлісті.

 

   Бүгінгі таңда жобалау менеджментінің құралдары мен әдістерін игеру ақпараттық технологияны немесе көлікті жүргізуді үйренгенмен бірдей екен. Қазақстанның зерттеу ұйымдары консорциумы саланың қыры мен сырын жетісулық кәсіпкерлер де білсін, үйренсін деген мақсатпен осы шараны ұйымдастырып отыр. 
– Бизнес форумда Қазақстандағы жобалауды басқарудың тетігі және проблемалары талқыланды. Басқосу тақырыбына сай үздіксіз өзгерістер жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер сөз болды. Жобалаудың ұлттық жүйесін дамытуға қатысты ой-пікірлер ортаға салынды. Мамандардың айтуынша, бүгінде жобалау менеджерлеріне деген сұраныс жоғары. Оларды қажет ететін компания, кәсіпорын көбейген. Ұйым-мекемелер жобалау менеджментіне көңіл бөлудің пайдасы көл-көсір екенін жақсы түсінген, – дейді Жобалау менеджерлер одағының өкілі Ақбота Ағзамбекқызы.
   Алайда, жобалау саласында білікті мамандар тапшы. Әсіресе, қаракөздеріміздің қатарының аз екендігі белгілі. Сондықтан осындай бизнес-форумдар сол  ақтаңдақтың орнын толтыру мақсатында белсенді жұмыс істеуде. 
– Талдықорған өңірінде жобалаумен айналысатын
   Ж. Жәнекенов атындағы институт бар. Аталған институт Талдықорған өңірінде 1952 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі Талдықорған өңіріндегі су шаруашылығы саласындағы ірі-ірі жобалар осы институттың туындысы. Бұл оқу орнына 30 жылдан астам директор болып, кейінгі тоқырау жылдарында институтты сақтап қалған Жүсіп Ырысқалиұлының аты берілді. Осы реткі бизнес форум да аталған институттың ұсынысымен өтіп отыр. Мұндағы мақсат – өзіміздің қызметкерлердің біліктілігін арттырумен қатар өңірдегі кәсіпкерлердің жобалау саласындағы білімін тереңдету, – дейді заң ғылымдарының докторы, профессор Сарқытбек Молдабаев. 
   Шара аясында әлемге танымал мамандар бірнеше тақырып бойынша шеберлік дәрісін өткізді. Ақыл-кеңестерімен бөліскендердің бәрі өз саласының білгірлері әрі табысқа жетудің құпиясын жақсы білетіндер. Айтпақшы, жобалауды басқаруға бағытталған басқосуға студенттер де қатысып,  өздеріне керекті білім алды.
   Талдықорғанда облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен алғаш рет өткен бизнес форумға Ж. Жәнекенов атындағы жобалау институты, Қазақстанның Жобалау менеджменттер одағы мен еуропалық қайта құру және даму банкі де атсалысты.

Қажет АНДАС.

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.