Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘКЕМТЕАТРҒА МҰРАТ САПАРОВТЫҢ КӨРМЕСІ ҚОЙЫЛДЫ

16.11.2018
РУХАНИЯТ
ӘКЕМТЕАТРҒА МҰРАТ САПАРОВТЫҢ КӨРМЕСІ ҚОЙЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында танымал сценограф, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Мұрат Сапаровтың «Уақыт және кеңістік философиясы» атты шығармашылық есеп беру көрмесі өтті. Саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің өркендеуіне арнаған М. Сапаровтың шығармашылық көрмесі өзінің ердің жасы 50-ге толуымен байланысты ұйымдастырылғандығын атап өту орынды. Театрдың фойесінен орын алған төл туындылары көрермен назарын айрықша аударды.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген дарын иесі Мұрат Исмайылұлы 1990-1995 жылдары республикалық Орал Таңсықбаев атындағы көркемсурет училищесінің сценография бөлімінде, одан кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сценография, театр-кино және телевидениенің қоюшы-суретшісі бөлімінде оқып, білім-білігін толықтырады. Алғашқы еңбек жолын Алматыдағы неміс театрында балалар ертегісін бейнелеуден бастаған қылқалам шебері 2002 жылдан бастап М.Әуезов атындағы әкемтеатрда сценограф, суретші ретінде қызмет етіп келеді. Театр сахнасында Мұрат Сапаровтың «Апат», «Ақын. Періште. Махаббат», «Сыған серенадасы», «Қара кемпір», «Қожанасыр тірі  екен», «Қыз мұңы», «Шырақ жанған түн», «Актриса» қойылымдарын, Ә.Рахимов, Е.Обаев, Н.Жақыпбай, А.Кәкішева сынды режиссерлер мен драматургтердің, Ә.Тарази, И.Сапарбай, Д.Исабеков, Н.Оразалин сынды қаламгерлердің туындыларын бейнелеуде суретшінің шеберлігі мен философиялық тереңдігі ұштасып, көрермендер тарапынан жоғары бағасын алып келеді.

Көрменің салтанатты ашылуында КСРО Халық артисі, М.Әуезов атындағы драма театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов:

— Мұрат — шығармашылық жолдағы үлкен ізденіс иесі. Түрлі спектакльдердің көркемдік дәрежесін көтеруде белсенділік танытып отырады. Мұрат өзіне тапсырылған жұмыстардың бәрін адал атқарады. Нағыз таза суретші. Сол тазалықтың арқасында суреттері де жарқырап, жүректен орын алып келеді. Шын таланттар көп емес, жүздің ішінде біреу болса, Мұрат сол біреудің нақ өзі, – деген Асанәлі Әшімов шығармашылық табыс биігінен көріне беруіне тілектестігін білдірді.

Салтанатты шарада театр қайраткері Сәбит Оразбаев, ұстазы Есенкелді Тұяқов, режиссер Әубәкір Рахимовтар сөз алып, таланатты суретші Мұрат Сапаровтың ізденісі мен еңбегіне ерекше тоқталып, театр қойылымдарындағы көркемдік-эстетикалық ізденісін жоғары бағалап, еңбегінің жарқырай беруіне тілектестіктерін білдірді.

Ұлбосын ИСАБЕК

Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026
Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

03.02.2026
Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

03.02.2026
Қатерлі ісік қауіпті дерт

Қатерлі ісік қауіпті дерт

03.02.2026
«Көксу» шекара бөлімшесінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

«Көксу» шекара бөлімшесінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.