Журналист – қоғам барометрі. Халық ішінде қалыптасып қалған осы бір ғажайып ұғымның өзінен-ақ ақпарат саласы өкілдерінің бет-бейнесін, халық пен билік арасындағы алтын көпір болып жүрген қасиетті кәсібінің ықпалын аңдауға толық негіз бар. Жуырда аттай 100 жылдық ғұмырды бастан кешіп, жаңа ғасырға жарқын қадам басқан облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің бас редакторлары мен редактор орынбасарлары тәжірибе алмасу мақсатында шет мемлекеттерге барып қайтқан еді. Сол іссапардан алған әсері мен көкейге түйген орамды ой-пікірлерімен бөлісу мақсатында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жиын өткізді.
Жиынның алғашқы сөзін алған облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов Беларусь астанасы Минскіге барған сапары жайлы кеңінен тарқата әңгімелеп берді. Одақтас елдер қатарында болған аталмыш мемлекеттен не аламыз, не үйренеміз деген күдікпен сапарға шыққан редактор жалпыұлттық газетінің редакциясына бас сұғып, арқа-жарқа әңгіме өрбіткені жайлы егжей-тегжейлі баяндап, олардың үлгі болар тұстарын да атаусыз қалдырмады.
Өз кезегінде сөз алған облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі Әміре Әрін Өзбекстанға сапар басын Төле би баба жатқан мазарға зиярат етуден бастағанын жеткізді. Ташкентке барған айбоз ақын аталмыш мемлекеттің ұлттық әлеуетін, ұстанымын баяндады. Бауырлас мемлекет бүгінде шетелден келген қонақтарды өз тілінде сөйлей қарсы алып, ата дәстүр мен ата тілін ерекше қастерлейді. Өзбек тілінде шығып жатқан республикалық «Халық сөзі» газеті 150 мыңнан астам таралыммен халыққа жолданады екен. Ана тілін ардақтаған ала шапанды бауырлас мемлекеттің жас мамандары газеттің беделі мен ықпалы арқылы баспана мәселесінен таршылық көрмейтін көрінеді. Онда жаңа келген жалынды журналист айналдырған бір-екі жылда газет тарапынан жаңа пәтерге қоныстанып, айлығының 20 пайызын газет қорына беріп отырады. Он жыл өткенде үйді өз меншігіне өткізіп алады. Осылайша бауырлас мемлекеттің беделді басылымының ішкі саясаты, тыныс-тіршілігін кең көлемде әңгімелеген Әміре Әрінұлы тарихи орындарды аралап, мәдениетіне назар аударғанын және өзбек халқының ұлттық ұстанымына берік екендігін тебірене жеткізді. Сөзінің соңында ала шапанды ағайыннан алар дүниеміз бар екенін де атаусыз қалдырмады.
Украина астанасы Киевке барған облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым да аталмыш мемлекеттің жалпыхалықтық «Вести» газетінің тыныс-тіршілігінен хабардар етті. Бүгінде 370 мыңға жуық таралыммен шығып жатқан газеттің беделі зор. Басылым Украина баспасөз кеңістігінде үздік үштікке кіретін газет көрінеді. Ащы сын, өткір пікірлі мақалалар жиі басылады. Газет өз бағытынан таймай, талай мәрте қысым көрген. Осындай ықпалды басылым «Жетісу» газетінің электронды жазылу үрдісіне таңданыс білдіріп, қазақстандық жүйені іске асыру керектігіне ынталы екендіктерін білдірген. Осылайша қос елдің БАҚ кеңістігі жайлы хабар алмасқан Н. Додабайұлы Киев қаласының тарихи орындарына да ат басын бұрып, бір кездердегі одақтас елдің ғажайып жерлеріне саяхат жасағандығын сөз етті.
Жиында сөз алған Забира Сайдильдина Ресей астанасы Мәскеу шаһарына барған сапары жайлы әңгіме өрбітті. Бүгінде «Комсомольская правда» газеті әлемнің 45 мемлекетіне таралады. Сол мемлекеттерде әлемдік деңгейдегі Ресей басылымының тілшілері бар көрінеді. Аталмыш басылымның таралымы 2 млн. 300 мың шамасында. 8 баспаханасы бар беделді басылымның үш бірдей сайты тәулік бойы ел тыныс-тіршілігінен лезде хабар беріп тұрады. Журналистер басылымға арнайы кастинг тапсыру арқылы қызметке алынады және олар кәсіби шебер мамандар көрінеді. Осылай деп мәлімдеген Забира Дайранқызы сөз соңында іссапардың өтуіне ұйытқы болған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаевқа Мәскеу төрінен алып келген естелік сыйлығының бар екенін жеткізді.
Жиын қонақтары журналистерді қызықтырған сауалдарға тұшымды жауап беріп, ақпарат айдынында жаңа үрдіске сай жақсы жұмыс жасауларына тілекші екендіктерін жеткізді.

АРДА БИ