Талдықорған: +20°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАЗАҚСТАН 28-НШІ ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

02.11.2018
ЭКОНОМИКА
ҚАЗАҚСТАН 28-НШІ ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан 36-ншы орыннан 28-ге көтерілді. Бұл — Қазақстан Үкіметі мен бизнес-қауымдастықтың бірлескен реформаларының нәтижесі. Биыл Дүниежүзілік банктегі рейтингке тұңғыш рет Үкімет мүшелерімен қатар «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы қатысты.

Doing Business рейтингі 10 тақырып бойынша жиынтық көрсеткіштерді өлшеу әдісімен жасалады, олардың әрқайсысы бірнеше индикатордан тұрады және жеке алынған елдің жалпы рейтингіне тең әсер етеді. Құжатқа сәйкес «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан 1-орынды, «Келісімшарттарды орындауды қамтамасыз ету» индикаторы бойынша 4-орынды, «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша 35-орынды, «Кәсіпорындарды тіркеу» индикаторы бойынша 36-орынды иеленді.

Бір жыл бұрын Қазақстан кәсіпкерлік қызметті жүргізудің ыңғайлылығы бойынша 36-шы орында тұрған. Дүниежүзілік банкте Doing Business (Вашингтон қаласы) мәселелері бойынша өткен кездесуге Қазақстаннан ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин бастаған жұмысшы тобы барды. Жұмыс тобының құрамына «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов кірді.

Қазақстандық делегация кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелеріне негізделген заң шеңберінде жүзеге асырылатын, Қазақстандағы бизнес-ахуалды жақсартуға арналған реформаларды таныстырды. Doing Business рейтингінің 9 индикаторы бойынша еліміздегі 7 кодекс пен 20 заңға 148 түзету енгізілді. Барлық өзгеріс бизнес-қауымдастықтың ортақ пікірін ескере отырып кіргізілді. Doing Business көшбасшыларының алғашқы үштігінде Жаңа Зеландия, Сингапур және Дания бар. Ресей 31-ші орынға, Беларусь 37-ші орынға, Қырғызстан 70-ші орынға, Өзбекстан 76-ші орынға тұрақтады.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Туризм әлеуеті  жоғары бағаланды

Туризм әлеуеті жоғары бағаланды

23.04.2026
Көктемгі науқан көңілге сеп

Көктемгі науқан көңілге сеп

23.04.2026
Салық өзгерістері: Тұлғалар ескерер түйткілдер

Салық өзгерістері: Тұлғалар ескерер түйткілдер

23.04.2026
Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді

Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді

23.04.2026
Елде ауа райы құбылады: жауын-шашын жауып, күн суытады

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.