Талдықорған: -1°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰЖАТЫН «КОНСТРУКТОР» РЕТТЕЙДІ

29 қазан 2018
ЭКОНОМИКА
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰЖАТЫН "КОНСТРУКТОР" РЕТТЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендердің нақты қажеттілігіне қарай құжаттарды автоматты түрде «құрастыруға» мүмкіндік беретін келісімшарттар нұсқаларының онлайн-сервисін іске қосты.

Заманауи ахуалда шағын және микробизнес өз қызметін белсендіру бойынша маңызды міндеттерді орындау, рұқсаттар мен мақұлдаулар алу, түрлі органға барумен қатар басты нәрсені – сауатты құрылған шарттар, заңгерлер мен бухгалтерлер кеңесі, заңдар мен актілер ережелерін білу бойынша шараларды ұмытып кетеді. «Атамекен» бұл міндетті өзіне алып, «BestProfi» компаниясымен бірлесіп, бірегей сервис – «Құжаттар конструкторын» www.contract.аtameken.kz әзірледі. Шағын және микробизнеске арнап «Атамекен» осы сегментке анағұрлым өзекті 100 құжатты дайындап, «Бизнес құқығын қорғау» айдарында ашық қолданыста жариялады. 
Бұл – қызметкермен еңбек келісімшарты (оның ішінде шетел азаматымен), атқарылған жұмыс актісі, дүңгіршек немесе асхананы жалға алу шарты, бір реттік қызмет көрсету келісімшарты және тағы басқалары. Сервистің артықшылығы – кәсіпкер нұсқалық блоктарды қатар қолданып, өзінің қажетіне қарай құжаттарды «құрастыра» алады. Ыңғайлылық үшін сервис құрылған құжаттар нұсқасы тарихнамасы және контрагенттер деректерін сақтап отырады. Осылайша келесі жолы толтыру кезінде уақыт үнемделеді. сontract.аtameken.kz сервисі пайдалануға ашық әрі ыңғайлы. 
Кәсіпкерлерге бар болғаны сайтқа тіркеліп, тегін «Бизнес құқығын қорғау» тарифын таңдау керек. Сервисте жарияланған келісімшарттар үлгілерінде мүмкін болатын тәуекелдер ескерілген, кәсіпкерлердің құқығын қорғау тетіктері ойластырылып, әлеуетті шығындар барынша азайтылған. Бұған қоса әр құжатта кәсіпкерлер арасында туындаған дауды сотқа дейін «Атамекеннің» Арбитраж орталығы арқылы шеше алатыны туралы тармақ бар. Дауларды осындай жолмен шешу бизнестің уақыты мен қаражатын үнемдейді.
Сервисте дайын құжаттардан бөлек, азаматтық еңбек, қылмыстық құқық, бухгалтерлік саласы бойынша практикалық тәжірибесі мол сарапшылардың 500 дайын кеңесі жарияланған. Сонымен қатар сервиске кәсіпкерлік жайында мемлекеттік органдардың 10 мың жауабы қамтылған. Сайтта іздеу тетігі арқылы есеп-қисап, заңгерлік, маркетинг және басқа мәселелер бойынша вебинарларды көруге болады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА,
“Жетісу”

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.