Талдықорған: +16°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

НАРЫНҚОЛ КАРТОБЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАДЫ

18.10.2018
ЭКОНОМИКА
НАРЫНҚОЛ КАРТОБЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Таяуда Текес ауылындағы Талғат Нүсіпқожаев басқаратын «Өркен» және Мұрат Малдыбаевтың «Ерік» шаруа қожалықтарындағы картоп жинау науқанымен танысып, диқандармен сөйлесіп қайттық.

Биыл Нарынқол өңірі тұрғындары үшін қуанышты жыл болды. Аудан әкімі Жолан Омаров жыл басында өңірдегі шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесіп, теңіз деңгейінен жоғары жатқан, суы мөлдір, ауасы тұнық, топырағы құнарлы таулы өңірде картоптың берері көп жаңа сортымен жұмыс жасасақ деп бастама көтеріп, игілікті шаруаға жол ашқан еді. Соның нәтижесінде, көктемде Текес ауылдық округіне қарасты Талғат Нүсіпқожаев басқаратын «Өркен» шаруа қожалығына облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен қомақты қаражат бөлініп, Голландиядан картоптың «Санта» тұқымы жеткізілді. Сөйтіп, Райымбек ауданында тұратын фермерлер картоптың шетелдік тұқымын өсіре бастады.

Картоп жинайтын науқанның алдында тағы да облыс әкімінің көмегімен «Өркен» шаруа қожалығына жаңадан қуатты 6 «МТЗ» маркалы трактор, картоп жинауға арналған 3 комбайн әкелінді. Ал, Мұрат Малдыбаев басқаратын «Ерік» шаруа  қожалығына «МТЗ» маркалы 1 трактор, картоп жинауға арналған 1 комбайн жеткізілді. Бұл диқандардың шын мәнінде қуанышын одан сайын арттыра түскен еді. Алымды техникамен жүргізіліп жатқан іс те өнімді.

«Өркен» шаруа қожалығында жалпы 200 гектар картоп өсіріліпті. 78 гектарына Голландиядан әкелінген жаңа сортты картоп тұқымы отырғызылған. Аталған картоптың әр гектарынан 300 центнерден өнім жиналуда. Көрсең көздің жауын алатын, сап-сары алтындай картоп қызықтырмай қоймайды. Бұл картоп биыл да, алдағы жылдары да жеу үшін сатылмайды. Сұраныс иелеріне, ауданның шаруа қожалықтарына тұқым ретінде ұсынылмақ.

1996 жылдан бастап шаруа қожалығын құрып, картоп өсіріп, төрт түлік малмен де айналысып келе жатқан Мұрат Малдыбаев:

– Қасиетіңнен айналайын қара жер маңдайыңды терлетсең, еңбегіңді жемейді. Міне, мынау табыстың тайқазанын тасытып тұрған берекелі өнім – соның айғағы. Алқаптың әр гектарынан 250 центнерден өнім жиналуда. Қожалық мүшелерінің де қуаныштары ұлан-асыр. Науқан тұсында тұрақты жұмыс істейтін механизаторлар бар. Бәрінің еткен еңбек, төккен терлері ақталды. Картоп қолмен термейміз. Облыс әкімі арқылы алған жаңа комбайн бар жұмысымызды атқаруда, – дейді.

Мұндай қуаныш Тегістік ауылында тұратын картоп бағытындағы «Хантәңірі» өнідірістік кооперативінің төрағасы, «Мирас» шаруа қожалығының жетекшісі Марат Себдайырға да тән. Айта кетерлігі, Елбасымыздың өндірістік кооперативтер құру жөніндегі тапсырмасына орай 2016 жылы Нарынқол өңірінен құрамында картоппен айналысатын 4 қожалық негізінде «Хантәңірі» атты кооператив құрылған. Картоптың жаңа тұқымы дәл осы кооперативтің құрамындағы қожалықтарға тиді. «Мирастың» шаруасы өңірде көш бастап тұр. Небәрі 1 гектар жерге отырғызылған жаңа сортты тұқымнан 50 тонна картоп алынды. Бір сөзбен айтқанда, гектарына 500 центнерден рекордтық өнім жиналған. Жаңа тұқымның алғашқы жылғы шашуы осындай.

– Ауданымызда 5655 гектар картоп өсірілген. Қазіргі таңға дейін 3055 гектар жердің картобы қазылып алынды. Орташа есеппен әр гектарға шаққанда 180 центнерден айналуда. Ал жаңа тұқыммен жұмыс жасағандардың жайын көрдіңіздер. Голландиядан 236 тонна супер элиталық картоп тұқымы әкелінді. Дер кезінде отырғызылып, лайықты күтімге алынды. Енді қоймаларымызды толтырып жатқан картоп тұқымының жақсылығын өңірдің тұрғындары көреді. Тұқымға қызығушылар жетерлік. Берері мол картоппен жұмыс жасауға әркім ниетті. Оның үстіне шаруа қожалықтарымыздың да  жайы жақсы. Әлеуеті жоғары. Шаруалары мығым. Алла қаласа, алдағы жылдан бастап ауданымыздағы картоптың да көлемі артады. Техникаларымыз да жаңара түседі. Диқандарымыз жаңа технологиямен жұмыс жүргізеді, – дейді Райымбек ауданының әкімі Жолан Омаров.

Сөз орайында айта кетейік, аудан орталығы Нарынқол ауылының да шырайы кіріп келеді. Ауылға көрік беріп 20 тұрғын үй тұрғызылды, 11 көше асфальтталып жатыр. Жыл аяғына дейін 27 көшені жасау жұмыстары қолға алынады. Демек, Нарынқол ауылының болашағы жарқын.  

                               Қанат БІРЖАНСАЛ

Райымбек ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

22.04.2026
Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

22.04.2026
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

22.04.2026
Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

22.04.2026
Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.