Талдықорған: +16°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ӘЛЕМГЕ ЖАРЫҚ СЫЙЛАЙДЫ

17.10.2018
ЭКОНОМИКА
ӘЛЕМГЕ ЖАРЫҚ СЫЙЛАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Күнделікті тұрмыста қолданатын, көшеде көріп жүрген аспалы және жарық шамдар, розеткалар, ұзартқыштар мен басқа да жарық техникасы біздің елде де жасалады. Дәлірек айтқанда, жарықтандыратын жабдықтарды Жамбыл ауданында орналасқан «ҚазТекИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығарады. Барлық жағынан бірегей және инновациялық бұл зауыт 2012 жылы Қасымбек ауылында ашылды.

Кәсіпорынның аумағы жиырма мыңнан аса шаршы метрді алып жатыр. Кейіннен бұл зауытта «Тексан Пласт» маркісімен әртүрлі өлшемдегі кабельді каналдар шығару қолға алынды. Бұдан кейін компания өндірілетін өнім көлемін ұлғайтып, Қазақстан нарығына сапалы және бәсекеге қабілетті тауарларды ұсына бастады. 
– 2015 жылы «Тексан Металл» жобалық желісі бойынша электр және өрт қалқандарын, қоқыс жәшігін, шешінуге және құжаттар мұрағатына арналған металл шкафтарын жасауды жолға қойды. Сол кезден бастап Бішкек, Душанбе, Ташкент, кейіннен Дубай, Панама, Ганада да бөлімшелеріміз ашылды, – дейді аталмыш компанияның бас директоры Диас Құрмашев.    
Қазіргі таңда зауытта ай сайын 200 мың дана өнім шығарылады. Бұл дегеніміз, 350 түрлі өнім – кеңседегі, көшедегі, өндірістік және тұрмыстық жарықдиодты шамдар. Өнімдердегі қазақстандық құрам үлесі 92 пайызды құрайды. Оның сапалы болуын Жапония, Түркия және Голландиядан әкелінген құрал-жабдықтар қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде «ҚазТекИнвесттің» республика бойынша төрт филиалы және он үш дилерлік дүкені бар. Сонымен бірге ол Қазақстандағы «VIKO by Panasonic» компаниясының жалғыз дистрибьюторы болып саналады.   
Айта кетейік, бүгінде «ҚазТекИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыс пен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Зауытта 200-ден аса адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Жалпы, «Тексан» компаниялар тобында 2000-ға тарта адам еңбек етеді. Компанияның экспорттық әлеуеті зор. Кәсіпорын басшысы Диас Құрмашевтің айтуынша, дайын өнімдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Парсы шығанағы елдеріне және Латын Америкасы мен Біріккен Араб Әмірлігі, Гана сияқты мемлекеттерге экспортталады. 
– Біз қазақстандық компаниялардың ішінде бірінші болып отандық тауарды Парсы шығанағы елдеріне, Латын Америкасы мен Африка елдеріне экспорттай бастадық. Гуанчжоу қаласында жарықдиодты деңгейлер мен дроссельдерді шығаратын жеке зауытымыз бар. Біздің мамандар кез келген өнімге 10 жылға дейін кепілдік бере алады, – дейді аталмыш компания басшысы.
Қазіргі кезде зауытта жоғары білікті мамандар жаңа өнімдерді әзірлеумен айналысуда. Өнім дайындауда әсіресе сапа жағына ерекше көңіл бөлінеді. Сол себепті құны да бәсекеге қабілетті және ұзақ мерзімге жарамды. Зауыттың тағы бір маңызды бағыты «Тексан Молд» брендімен пресс-формалар мен штамптарды шығару және жөндеумен байланысты. 
Сондай-ақ, компанияның жеткен жетістіктері де аз емес. Мәселен, олар республикалық және халықаралық көрмелер мен сапа байқауларының белсенді қатысушысы. Биыл «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауында «Өндірістік мақсаттағы тауарлар» аталымы бойынша екінші орынды иеленді. 

А. БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

22.04.2026
Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

22.04.2026
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

22.04.2026
Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

22.04.2026
Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.