Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Алғашқы ұстазым

04.10.2018
РУХАНИЯТ
Алғашқы ұстазым
WhatsAppTelegramFacebook

Бұдан 61 жыл бұрын Нарынқол ауданы, Қақпақ ауылындағы Буденный атындағы жетіжылдық мектептің 1-сыныбына барған едім. Кейін ол Коммунизм орта мектебі болып, онжылдықты бітірген біздер бірінші түлек атандық. Міне, содан бері қаншама уақыт өтсе де ең алғашқы мектеп табалдырығынан аттаған кезім, алғашқы ұстазым, сыныбым бүгінгідей көз алдымда.

Әке-шешем шопан болғандықтан ба, қыркүйектің ортасынан ауған кезде мектеп табалдырығын аттадым. Ол кезде мектеп формасы жоқтың қасы. Үстімде қолдан тіккен ақ көйлегім, жеңі жоқ кеудешем, аяғымда бәтіңкем бар. 1-сыныпқа арналған ана тілі кітабы, бір дәптер, бір қарындашты қолға ұстай салғанмын. Сөмке де қат еді, оқушылар қолдан тігіп ұстайтын.
Сабақ басталғалы біраз күн өтіп кеткендіктен оқушылар біршама әріпті үйреніп алыпты. Сыныпта 30-дан аса бала бар, партада екіден-үштен отырады. Мен бірінші қатардың соңғы партасына үшінші оқушы болып жайғастым. Есіктен орта бойлы, арық, бет сүйегі көрініп тұратын, басында тақиясы, үстінде қара китель (сым костюмның ескі түрі), бір қолында таяғы, бір қолында папкасы бар қараторы, мұртты кісі кірді. Оқушылар тұрып, сәлем берді. Бұл ұстазым Хасенов Әбдісүлеймен атайды алғаш көруім еді. 
Атайымыз соғысқа қатысып, елін, жерін қорғаған, кеудесін оққа тосқан адам еді. Тақиясын шешсе басында сегіз жерден ойық тыртықтың орны көрініп тұратын. Ол жарықшақтың орны болар деп топшылайтынбыз. Осындай қиын өмір өткелінен өтсе де мейірбан, сабырлы, парасатты жан еді. Қажет кезде қатал, талапшыл да болатын. Ол кісінің езу тартып күлгенін көрмейтінбіз. 
Мектебіміз бірнеше сынып бөлмесі қатар орналасқан, тақтайдан жасалған шатыры бар, ағаш еденді ұзынша үй еді. Мектеп директоры Шоғанбек Әбдісүлейменов біздің атайдың жалғыз ұлы болатын. Атайдың үйі мектепке таяу орналасқан тоқал там (қоржын үй). Бұл үйде атай кемпірі, баласы, келіні, немерелерімен тұратын. Атайдың үйінен шыққанын көріп тұратынбыз. Ол кісіні мектептің алдындағы есіктің бір жағына қыздар, бір жағына ұлдар қатарласып тұрып, бас киімімізді шешіп, қолымызды кеудемізге қойып қарсы алатынбыз. Басқа сынып оқушылары бұлай істемейтін. Олар бізді мазақтап: «атайларың үйінен шықты, сапқа тұрыңдар», – деп күлетін. 
Мен оқуға келген күннің ертесінде атай әліппе, қазақ тілі, арифметика, букварь, орыс тілі, төрт-бес дәптер, қалам, қаламұш, сурет салатын дәптер әкеліп берді. Букварь кітабының бірінші бетінде «Дружба народов СССР» деген жазуы және КСРО құрамындағы әртүрлі ұлт өкілдері ұл-қыздарының ұлттық киімдерімен қол ұстасып түскен суреті бар. Мен: «Атай, кітаптардың ақшасы қанша болады, үйден әкеліп берейін», – дедім. Ол кісі: «Ақшаңның керегі жоқ,  жақсы оқып, үлгілі оқушы болсаң, оның қайтарымы сол», – деді. Сөйтсем, атай жалғыз маған емес, сыныптағы барлық оқушыға осындай сый жасайды екен. Кітаппен ғана емес, бізді оқу құралдарымен де қамтамасыз етіп тұрды. Тіпті бір оқушының аяқкиімі жыртылып, табаны түсіп, жіппен байлап қойғанын көріп, бәтеңкесін шешіп алып, аудан орталығына апарып тіктіріп келген еді. Тек шешесі ғана бар бір оқушы үстіне жамау-жамау жейде киіп жүретін. Сол көйлегі жыртылып қалды. Атай оған да бір жейде әкеліп берді. Мұндай бақыт атай оқытқан сынып оқушыларына ғана тән еді. Сол кезде ол кісінің еңбекақысы қанша, баласы екеуі ғана жұмыс істейді, бұларға қайдан ақша табады, не малы, бау-бақшасы жоқ, бір еңбекақыға қарап отыр, жанұяда топты жан, солай бола тұрса да сүрінгенге сүйеніш, жыртылғанға жамау болады деп ойлайтынмын. Бұл жерде «бүркіт шашып жейді, құмай басып жейді» деген ұлағатты сөз еске түседі. 
Қазір қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын, нағыз кемелденген заман ғой, не ішем, не кием демейсің, керек болса машинаның өзін көйлекше ауыстыратындар аз емес. Алайда ниетіміздің бұзылғанынан ба, есіктің алдына келген қайыршыларға дым бермейтін сараң байлар қаншама? Тіпті көмек бермек түгілі амандасудың өзіне сызданып, ауырсынатындар да кездеседі. Бұл байлықтың буы шығар. Мұсылманның бес парызының бірі – тапқан табысыңнан зекет беру. Оның қайтарымын Алла береді. Құдайға қараған жандар осылай өзінде жоқ болса да, жұрттан барын аямайды. Ойлап тұрсам бұл да Алланың ол кісіге берген жақсылығы, берекесі екен. 
Мен сондай жаны жайсаң, жүрегі кең, нағыз адамгершілік пен жомарттықтың иесі, қайырымды,  ұлағатты ұстаздан білім алғаныма мақтанамын. Қайран атай әр оқушыға келіп сабақты жеке түсіндіретін, жеке-жеке талап ететін. Жазуы қандай көркем еді! Жаны қандай әдемі, таза болса жазуы да тайға таңба басқандай мөлдіреп, тізіліп тұратын. 
«Әкеге қарап ұл, шешеге қарап қыз өсетіні» секілді ұстазға қарап шәкірт бой түзейді. Олардың жақсы тәрбие алып, дұрыс адам болып қалыптасуында ұстаздың орны ерекше. Әрине, ата-ананың да тәрбиесі керек, дей тұрғанмен ұстаздың аты – ұстаз. Барлық мұғалім осы атай сияқты болса, шіркін! Шын мәнінде атай оқушыларға сабақ оқытуы, тәрбие беруі жағынын алсаң да ешкімге ұқсамайтын, жақсы қасиеті мол ерекше жан еді. Осындай жақсы адам туралы естелік жазудың өзі бір ғанибет.
Атайдан кейін де көптеген ұстаздың алдынан өттік. Бәрі де өз мамандығын құрметтейтін, халық үшін, елдің болашағы үшін аянбай еңбек ететін жандар болды. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,  деп Абай атамыз айтқандай, барын шәкірттерінен аямаған аяулы мамандық иесі еді. Олардың көбі бақилық болып кетті, біразы еткен еңбегінің жемісін көріп, өмірдің қызығын қызықтап жүр. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, бәрі де жандары жайсаң, көңілі көктем, игі жандар. Олардың алдында шәкірттік ниетпен басымызды иеміз. Осындай ұстаздарымыз – Жақуда Оспанов, Қыдырбай Айдаров, Болатай Өзбеков, Балғыз Әпиева, Бозжігіт Мәнекеев, Күлянда Аппақова, Нұрымхан Төлегенова, Күлсара Батырханова, Бейсек Нұрсейітов, Құрмаш Қанапиев, Ақай Иманбеков, Анна Борисовна Школярова, Әбдірақынбай Әміров, Марфуға апайдың есімдерін мақтанышпен айтамыз.  
Ұстаздарымыздың өнегелі өмірі көпке үлгі. Олардың еңбектері алтын әріппен жазылады, шәкірттердің есінде мәңгі сақталады.
 

Алтын Сәлімова
Райымбек ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.