Талдықорған: +6°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МЕШІТ АШЫЛДЫ

16 тамыз 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

   Рахат ауылдық округіне қарасты Қайназар ауылында жаңа мешіт жамағатқа есігін айқара ашты. Көптен күткен қуанышқа көпшілік молынан жиналды. Мешіттің сыртқы келбеті алыстан көз тартады. Күмбездің басындағы күнмен шағылысқан айшықтары айналаны нұрға бөлеп тұр.

 

   Сәулеті жарасқан Алла үйінің ішкі көрінісі де әдемі үйлескен. Кең де жарық. 400 адам бір мезетте жүздерін құбылаға қаратып, бастарын сәждеге қоя алады. Әйелдерге арналған намаз залы да бар, 300 орынды асхана да мешіт ауласында орналасқан. Енді бұл орын адамдарды имандылық пен ізгілікке, қайырымдылық пен мейірімділікке үндейтін рухани орда болары сөзсіз. Сауапты істі қолға алып, өз қаражатына мешіт тұрғызған кәсіпкер Ақат Боқаншиевке ауылдастары дән риза.
   Ақат Дүйсембайұлы Ақсу ауданы, Ойтоған ауылының тумасы. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған ол өзінің біліктілігінің арқасында мектеп директорлығы қызметіне дейін көтерілді. Ел басқару ісіне де белсене қатысып, ауыл әкімі болған жылдары соның бір дәлелі. Қазір кәсіпкер. Қайназар ауылына қоныс аударғанына да көп бола қоймапты.
–  Осында келгеніме 4-5 жылдың жүзі болды. Жеке шаруа қожалығым бар. Мал шаруашылығымен айналысамыз. Аздаған уақыттың ішінде Қайназар ауылының тұрғындарымен біте қайнасып кеттік. Мешіт тұрғызуға осы ауылдың әр азаматы, әсіресе, жастар жағы белсене атсалысты. Сондықтан да бұл игі іс бірліктің, ынтымақты тірліктің нәтижесі деп мақтанышпен айтамын, – дейді Ақат Дүйсембайұлы.
   Мешіттің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов ел алғысына бөленген кәсіпкерге жұртшылық атынан ризашылығын білдірді.
– Өз еңбегімен табыс тауып, өзін ғана жарылқамай, айналасына мейірім шуағын төгіп жүрген жомарт жүректер аз емес. Бүгін, міне, осындай игі істің куәсі болып отырмыз. Бұл, сөз жоқ, өскелең ұрпаққа керек нағыз үлгі-өнеге. Жаңадан ашылып отырған имандылық ордасы жастардың бойына адамгершілік пен мейірімділіктің дәнін себетіні анық, – деді Бекет Төлегенұлы.
   Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілі Сағитжан Дәулетияр жаңа мешіттің имамы Нұрболат Сыдықовқа арнайы қызметтік куәлігін табыс етіп, ісіне сәттілік тіледі. Ауданның бас имамы Сапархан Төреқұлов ата-баба рухына арнап Құран бағыштады.
   Қайназар ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігі көңіл қуантады. Бес мыңға жуық адам тұратын елді мекенде күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйі халыққа қызмет көрсетуде. Ондағы шежіре мектебі, әжелер ансамблі жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде. Енді, міне, жаңадан ашылған мешіт те сол сабақтастықты ары қарай сәтімен жалғастыратынына ауыл ақсақалдары бек сенімді.
– Көп ұлттан құралған ауылымыздың ынтымақты тірлігіне ризамыз. Мешіт салу көптен күткен арманымыз еді. Осы күнге дейін Кеңес өкіметінен қалған ұжымшардың ескі үйін пайдаланып келдік. Көпшіліктің тілегін жерге тастамай қолдау көрсеткен Ақат бауырымызға мың алғыс, – деп ағынан жарылған ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Толқынов ауылдастары атынан кәсіпкерге ат мінгізді.
  «Азаны бар ауыл азбайды» деген дана халқымыз. Жиналған жамағат жаңа мешіттен шыққан алғашқы азан дауысына ұйып, жұма намазын оқуға бет түзеді.

Болат МӘЖИТ.

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

3 қараша 2026
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

2 қараша 2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

2 қараша 2026
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

2 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.