Талдықорған: +26°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Өнердің өз Бақыты

09.08.2018
ЖАНСАРАЙ
Өнердің өз Бақыты
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының аяғы мен 80-ші  жылдардың басы еді. Қаратал өзенінің жағасында он шақты жас жігіт демалыс ұйымдастырдық. Қызық әңгіме мен ән-күйге толы дүркіреген сол бір кеш ерекше есте қалды.  Отырыста танысқан Бақытай Түстікбаев деген жігіт көп сөйлемейтін салмақтылығымен ерекшеленді. Бұлшық еттері бұлтылдаған шымыр, таудың тасындай берік, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт екені бірден байқалды. Сөз арасында Текелі шыңдарынан бастау алатын Қаратал өзені туралы әңгіме бастап, гитарасын алып ерекше дауыспен туған жер туралы ән шырқады. Әуезді шығарманың әсерінен отырған жеріміз үлкен концерт залына айналғандай көрініп кетті. Өнер құдіретінің бойымызды ләззатқа бөлеп, ерекше бір қуат бергенін сезіндік.

Киелі Қаратал жағасындағы сол отырысқа қатысқан абзал азаматтар бүгінде әр салада еңбек етіп, табысқа жеткен танымал жандарға айналды. Олардың ішінде жасы 60-қа толып отырған досымыз Бақытай да бар. 
Адам өмірінде ешқашан өзгермейтін «дос», «достық» деген құндылықтар болады. Бақытай досымыздың адал достықтың туын биік көтеріп, қастерлеп жүргеніне осы жылдарға бұзылмай жеткен қарым-қатынасымыз дәлел. Ел ағасы жасына келгенше халқына адал еңбек еткен досымызға көңілдегі жақсы тілектер мен шын жүрегімізден шыққан, өмірден түйген ойларымызды арнаймыз.
Дүние есігін ашқан соң әркімнің маңдайына жазылған өзіндік дара жолы болады. Бастысы, сол жолдың жарық, нұрлы бағытта қалыптасқаны. «Қиын да болса, түзу жолмен жүр» деген бабамыз Қожа Ахмет Яссауидің кейінгі ұрпаққа аманаттаған ұлы сөзін жүрегімізде сақтауымыз қажет. Бабалардың осындай асыл өсиеттерін, нақыл сөздерін ойында сақтап, өз өміріне, қажетіне жаратып, басты ұстаным ретінде берік ұстанып жүрген азаматтардың бірі – Бақытай Қабдолдаұлы Түстікбаев. 1958 жылы Талдықорған облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылында дүниеге келген ол 1975 жылы Шоқан ауылындағы орта мектепті бітірген соң Отан алдындағы борышын өтеп қайтады. Жастайынан ұлттық өнерге сусындап өскен жігіт әскерден соң түскен Алматы қаласындағы республикалық эстрада-цирк өнер студиясын 1981 жылы ойдағыдай аяқтайды. Одан соң халық шығармашылығы саласында еңбек ете жүріп, Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітіреді. Әр жылдары мұғалім, автоклуб меңгерушісі, көркемдік жетекші қызметін атқарған Бақытай Қабдолдаұлы бүгінгі күні Өтенай ауылдық округіндегі Мәдениет үйінің директоры әрі Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты.
Жұмыстың қай саласында болсын жоғары жауапкершілікпен, адал ниетпен қызмет атқарған Бақытай өзінің қарапайымдылығымен, биязы мінезімен жұрт көңілінен шыға білді. Көп жыл бойы облыс орталығына қарасты ауылдың тұрғындары оның тыңғылықты еңбегін, шыншыл болмысын жоғары бағалап, қалалық мәслихаттың депутаттығына сайлады. Бұл халық берген шынайы баға, үлкен жауапкершілік еді. Шынында халық қалаулысының жұмысы көп қырлы және жауапты. Соған сай Бақытай қолынан іс келетінін, халық сенімін ақтайтынын дәлелдеді. Сайлаушыларының үмітін ақтап, бүгінде лайықты құрметке бөленуде. 
Әрине, ел алдындағы беделдің оңай келмейтіні белгілі. Оның қажырлы атқарған істері мен нақты жұмыстары бұған куә.
«Өмірдің мәні неде?» деген мәселені көне грек философы Аристотель: «Айналаңа адал қызмет етіп, көмек көрсету!» деп тұжырымдаған екен. Осы қағида қанша жыл өтсе де маңызын жоғалтқан жоқ. Бұл ақиқаттың адамның қоғамдағы өз орнын табуына да көмектесетіні анық. 
Жас кезінен музыка аспаптарына, әсіресе, гитараға әуес болған Бақытай кейіннен пианинода да ойнап үйренді. Көңілін тербеген сәттерде ән жазып, музыкамен кәсіби деңгейде айналысты. Сондықтан оның биік мақсатына үлкен еңбекпен жеткеніне бәріміз куәміз. Жетісу мемлекеттік университетінде қызмет атқара жүріп құрған «Мөлдір» вокалды-аспаптар ансамблі республика, облыс, қала байқауларында жүлделі орындарды иеленіп, бас жүлделерді еншіледі. Сонымен қатар ол жетекшілік жасайтын «Талдықорған әуендері» халықтық фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблі облыс орталығының атын шығарып, көпшіліктің көзайымына айналған өнер ұжымы. Халқымыздың «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген даналық жолын ұстанып жүрген жерінде ұлағатты із қалдырып жүретін азаматтың жасаған еңбектері ел аузында.
Бақытай Түстікбаевтың өнер және өмір жолында кездесіп, ұстаздық еткен ағалары мен тәлімгерлері аз емес. Солардың ішінен ұзақ жылдар бойы Кербұлақ өңірінде ел басқарған, көптеген азаматқа ақыл-кеңесін беріп, жәрдемін көрсеткен Төленді Сарыбаев пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов, кезінде мәдениет саласын басқарған Таңатар Алшанбеков пен белгілі сазгер, дирижер, Алматы облысы мәслихатының депутаты Әли Алпысбаев сынды ел ағаларын әрбір сөзіне мысал етіп, ерекше атайды. Өйткені, ол елімізге белгілі тұлғалардың жақсы тілектерін тыңдап, ақ баталарын алған. Бабаларымыздың: «Баталы жан арымас» деген дана сөзіне сәйкестікті Бақытай Қабдолдаұлының кеңшіл, көпшіл пейілінен, араласып жүрген ортасынан, өмірлік жолдастарынан білуге болады.
Досымыз да республикаға белгілі көптеген жастың өнер әлемінде жүруіне ықпал жасап, қолдау көрсетіп келеді. Атап айтар болсақ, шәкірті Гүлжанат Қабдолдақызы 1992 жылы «Мөлдір» қыздар вокалды инструментальді аспаптар ансамблінің құрамында Халықаралық «Азия дауысы» ән байқауының лауреаты атанса, 2012 жылы республикалық «Дариға жүрек» байқауының бас жүлдесін иеленді. Өнерге деген сүйіспеншілік пен жанашырлықтың арқасында Бақытай жыл сайын балалар және жасөспірімдердің арасында әртүрлі конкурстар мен фестивальдерді кәсіби деңгейде өткізіп, көпшілік көңілінен шығуда. Соған сай бұл орайдағы жұмыстарды күн, түн демей, үлкен жауапкершілікпен атқарады.
Бүгінде Бақытай Түстікбаев жары Рәзия екеуі 3 бала, 6 немере тәрбиелеп отырған, көпке үлгі боларлық шаңырақ. Отбасында анасы бірге тұрады. Әкесі дүниеден ерте өтіп, балаларының қызығын көре алмағаны өкінішті. Жақсы көретінін ықылас-пейілімен ылғи білдіріп отыратын анасы көпшіл, үйге келген кісіні оң қабақпен қарсы алатын жайдары жан. 
Бақытай отбасы, ағайын-туысқан мен тұрмыс-тіршілік мәселелерін үнемі анасымен ақылдасып шешеді. «Ана» деген тіршілікке өмір берген киелі ұғым. Балаларымыз бен немере-шөберелеріміз Алла тағаланың берген өмірінде қасиетті аналарымызды сыйлап өтуге жазсын деп тілейміз. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген өлең жолдары бекер айтылмаған. Атақты француз жазушысы Оноре Бальзак: «Ұлттың болашағы – аналардың қолында» деген екен. Осы ұлы сөздің мәні – ана – өмір, ана – мәңгілік.
Әр кездескен сайын бала-шағаның амандығынан кейін өзімізді ойландыратын, алаңдататын мәселелер туралы пікірімізді ортаға салып, әңгімелесіп тұрамыз. Ол бүгінгі жастардың ізденіп, білім алып, ғылымды дамытып, жақсы музыка, ән шығарып, тағылымды кітаптар жазуы бүгінгі заманның талап-тілегінен туындап отырғанын үнемі айтып жүреді. Сондай-ақ, әрқашан ел тыныштығын, жұрт амандығын аузынан тастаған емес.
Халқымыз: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» дейді. 60 жастың асқарына жасаған жақсы істерімен, елдің ықылас-пейілімен, тілеулестігімен шығып отырған досымыз Бақытай Түстікбаев әлі де халқының игілігіне жарайтын көптеген туынды береді деп сенеміз. Досымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз.
Әрқашанда биік шыңдардан көрінгей!

Темір БИҚОЖА
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.