Талдықорған: +7°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Кемел елім, Көксуым

9 тамыз 2018
РУХАНИЯТ
Кемел елім, Көксуым
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шара ұйымдастырылып, көптеген жоба қолға алынып жатыр. Осы бағдарлама аясында жерлестер форумы да жер-жерде ұйымдастырылып, әр азамат елі мен жеріне қолынан келген көмегін беріп, пайдасын тигізуде. Аталған форум Көксу ауданында да «Іскер азамат – ел тірегі» тақырыбымен кең ауқымда өтті. 

Әуелі Әлімғазы Райымбекұлы бастаған ел азаматтары Көксу ауданының орталығы Балпық би ауылындағы шағын саябақта орналасқан Балпық би бабамыздың бюстіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен ата рухын еске алды. Одан кейінгі мереке аудандық Мәдениет үйінде жалғасты. 
Мәдениет үйінің кіреберіс залы кітап көрмесіне айналыпты. Көрме төбесінде «Жетісу» газетінің бас редакторы ақын Әміре Әріннің «Кенен жерім – кемел елім, Көксуым, көкке өрлеген көктемеден Көк туың. Жыр-қыздарға, жұлдыздарға тағылған, Жетісуда жел тербеген көп гүлің» деген өлең үзіндісін үлкен қаріппен теріп, жазып қойыпты. Бұл жерден Төлен Қаупынбайұлы құрастырған «Қабан жырау», Сәбит Биболовтың «Ескелді би – даналық дариясы», Сағындық Тәнекенің «Жүрегім жыр толғайды», Нұрила Бектемірованың «Халықтың қазыналы Қалқасы», Әли Алпысбаевтың «Өнер жолында», Амангелді Ыбыраевтың «Көңіл толқындары», Бірлік Бекбауылұлының «Өмір толқындары», Зейнолла Жұмаділұлының «Жүректің жыр толғаймын өмірімен» сияқты кітаптарын көруге болады. Кітаппен қатар ауданнан шыққан он бес Еңбек Ерінің суреттері мен ғұмырнамасы жазылған арнайы буклеттер де шығарылған.
Ізгілік пен қайырымдылық, туған ауылға кішкентай болса да көмек жасау мәселесі көтерілген мазмұнды қойылымның соңы салтанатты шараға ұласты. Мінберге көтерілген аудан әкімі Алмас Әділ:  «Туған жерге, оның мәдениетін дамытып, салт-дәстүрін сақтауға айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің көріністерінің бірі» деп Елбасы атап көрсеткендей, өңірімізді өркендетуге атсалысып жүрген атпал азаматтарымыз барын бүгінде үлкен мақтанышпен айта аламыз. Кіндігімізді кескен, тәй-тәй басып өскен, тұнық өзенін кешкен, мөлдір суын ішкен, қасиетті мекен – ауылдың қадірі әрқашанда бөлек», – деп сөз бастады. Ауданда атқарылған көптеген нәтижелі істерге тоқталды. 
Олқылықтар да жоқ емес. Бұл турасында Алмас Қабдулұлы: «Келер жылы ауданымыздың құрылғанына 75 жыл толады. Ауданымыз тарихы тереңде жатқан бай өлке. Тоғыз жолдың торабы. Аудан аумағында Қойлық, Дүнгене, Екі оғыз қалалары, Жарлыөзек қалашығы, Төрткүл керуен сауда сарайы болғандығы өздеріңізге тарихтан мәлім. Ал ауданымызда осы бай тарихты дәріптейтін тарихи өлкетану мұражайы жоқ! – деп іскерлерге ұсыныс білдірді.  
Аудан әкімінің баяндамасында туған жеріне көмек берген азаматтардың да есімдері аталды. Мәселен, Төкен Егінбаев 4 млн. теңгеге шағын футбол алаңын қайта қалпына келтірсе, Азамат Жүнісов пен Мәулен Мамыров бірлесіп Мәдениет үйінің спортзалын күрделі жөндеуден өткізген. Ал Ақтекше ауылында Ербол Бейсенов 56 млн. теңгеге ауыл тұрғындарына арнап тойхана салып жатса, Мұқыры ауылында Мәулен Мұқашев 3 млн. теңгеге Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектептің жаздық спорт алаңын ретке келтірген. 
Мінберге шығып, баяндама жасаған мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков аудандық мәслихат сессиясының 2018 жылғы 1 тамыздағы 34/2 шешімімен Досанғали Дауылбаев пен Төкен Егінбаевқа «Көксу ауданының Құрметті азаматы» атағын берді. 
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. «Меломен» тобы «Арман шағала», «Сүйгенім бол», «Далада қар» сияқты әндерін орындаса, аудан өнерпаздары халық әндерін айтып, күй мен би ұсынды.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Бүгін, 20:13
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Бүгін, 20:05
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Бүгін, 18:00
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.