Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Жаһандық жылынудың Қазақстанға әсері қандай?

17.07.2018
ЕКІ ТІЗГІН
WhatsAppTelegramFacebook
Жылдан-жылға жер бетінде экологиялық ахуал нашарлап, техногендік апат салдары артуда. Соңғы кезде сарапшылар жер бетіндегі климат өзгерісінің адам денсаулығына әсері күшейіп отырғанын жиі айтып жүр. Ғаламдық өзгерістердің салдары Қазақстанда да анық сезіле бастады. Бүгінгі таңда табиғаттың тосынсыйларына қалай дайындалу қажет және қайткенде денсаулығымызды сақтап қаламыз, қоршаған ортадағы өзгерістер бағытында қандай шаралар қолға алынып жатыр деген сауал әркімді толғандыруда.

 
Ғалымдардың зерттеуі көрсеткендей, 1980 жылдан бастап ғаламшардағы орташа температура 0,8°С-ге көтерілді. Егер зерделеп қарар болсақ, климаттағы 20 өзгерістің 19-ы 1980 жылдан кейінгі уақытпен тұспа-тұс келеді. Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы тұжырымы климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады. Осыған байланысты әлемдік ғылыми зерттеудің бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару­ болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауылшаруашылығына тікелей байланысты. Демек, бұл тақырып ауыл және мал шаруашылығымен айналысатын біздің еліміз үшін де маңызды. 
Климат өзгерісінің Қазақ- станға әсері қандай дегенге нақты тоқталар болсақ, мәселен, соңғы он жылда еліміздегі орташа ауа температурасы жоғарылады. Ғалымдардың болжамынша, алдағы бірнеше онжылдықта да температура көтеріліп отырады. Сонымен қатар, соңғы жылдары толқынды немесе «аптап толқыны» деп аталатын күндер көбейіп кетті. Яғни, бірнеше күн бойы күн қатты ысиды. Жылдың жаз мезгілдерінде осындай ыстық күндердің көбейгені биыл да анық байқалды. Егер облыстың осы бір айдағы ауа райының өзгерісіне қарайтын болсақ, күндіз қапырық ыстық бет қаратпаса, түнде суық ауа тым төмендейді. 
Оған табиғаттағы экстремалды құбылыстарды қосыңыз. Бұл дегеніңіз – сел мен көшкін тудыратын нөсер жауындар, су тасқыны. Аталған табиғат құбылыстарының бәрі климаттың өзгерісі және адам денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіруде. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, жылдың жылы маусымында күннің бір градусқа ысуы цереброваскулярлық аурулардың артуына түрткі болады. Бұл жерде ми аурулары туралы айтылып отыр. Медициналық тілмен айтсақ, мидағы қан айналысы бұзылып, церебралдық қан тамырлары патологиялық өзгерістерге ұшырайды. Ал мидағы қан айналысының бұзылуынан болатын аурулардан көз жұму көрсеткіші жүректің ишемиялық сырқатынан кейін екінші орында тұр. Сонымен қатар, климат өзгерісі су мен ауаның қауіпсіздігіне де әсер етеді. Ал су мен ауаның адам денсаулығы үшін маңызды дүниелер екендігін ешкім де жоққа шығармайды. Атап айтсақ, климат өзгерісі Қазақстан үшін су тапшылығы проблемасын тудыруы мүмкін. Су ресурстарына зиян келсе, ауылшаруашылығы өндірісінің тепе-теңдігі бұзылады. Ал бұл халықтың денсаулығы мен тұрмысына ықпал етпей қоймайды. 
 Еуроодақтың мәліметіне сәйкес, әр адам жылына табиғатқа 5 тонна зиянды қалдық таратады. Ауаға көмірқышқыл газының көп таралуы ең алдымен адамзаттың мұнай мен көмір өнімдерін үнемі пайдалануына байланысты. Мысалы, тек Қазақстанда 87 млн. тонна мұнай электр энергиясын өндіруге жұмсалады. Өкінішке қарай, алпауыт елдер баламалы қуат көздеріне көшуге асықпайды. Ал дамушы елдердің экономикалық әрі қаржылық мүмкіндігі шектеулі. Статистика комитетінің деректеріне қарағанда,   Қазақстанда экологиялық салықтың көлемі 2010 – 2016 жылдары 82,6 млн. теңгеден 119,80 млн. теңгеге өскен. Оның ішінде қоршаған ортаны ластаудан алынатын төлемдердің үлесі 47 миллионнан 59 млн. теңгеге дейін, ал қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар 16,7 миллионнан 152,2 млн. теңгеге ұлғайған. Бұған қарап экологиялық салық түгелдей қоршаған ортаны қорғауға жұмсалып жатқандай әсер қалдырады. 
Сарапшылардың айтуынша, жағдай мүлде басқаша. Бұл Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы мен Konrad Adenauer атындағы қордың Алматы қаласының әкімдігімен бірігіп «Алматы қаласының қоршаған ортасын сауықтыру мәселелерін талқылау» тақырыбында ұйымдастырған «дөңгелек үстел» жиынында жан-жақты сөз болды. Жиналыста  «Қазақстанның экологиялық ұйымдары» қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьеваның айтуынша, қоршаған ортаны жақсарту жұмысында істен сөз көп. Жергілікті атқарушы органдар көп жағдайда қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұ- мыс істеуге құлшыныс танытпайды. Олардың қатарында Алматы қаласы мен оның маңындағы облыстар да бар. Алып шаһар басшылығы қоршаған ортаны қорғаудағы қордаланған мәселені шешуде қоғамдық ұйымдармен серіктестік орнатуға белсенділік танытып отырған жоқ. 
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық денсаулық сақтау жүйесін климат өзгерістеріне бейімдеудің 2012 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Бұл жоспар негізінде денсаулық сақтаудың экологиялық жағынан қауіпсіз жүйесін құруға, оның кадрлық және ғылыми әлеуетін нығайтуға, қоршаған орта мен климат өзгерісінің халық денсаулығына кері әсерін болдырмауға бағытталған шаралар атқарылмақ. Жоспарда аталған мәселеге қатысты халықтың түсінігін арттырып, ақпарат тарату көзделген. Оған қоса, құжат негізінде «нобайлы» медициналық ұйымдардың энергиялық тиімділігін бағалау, медициналық мекемелердің экстремалды ауа райына төзімділігін сараптау жоспарланған. Жоспар бойынша халықты климат өзгерісі әсерінен қорғау үшін денсаулық сақтау орындары ауылшаруашылығы, су ресурстары сынды өзге де мекемелермен қоян-қолтық жұмыс істеуі керек.
Бүгінгі таңда Қазақстанда бірқатар бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, қазір шөлейттенуге қарсы күрес бағдарламасы қолға алынды. Елімізде аймақты көгалдандыруға арналған «Жасыл даму» мемлекеттік бағдарламасына ерекше мән беріледі. Халықты қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз етуге арналған «Ақбұлақ» бағдарламасына климат өзгерістеріне байланысты түзетулер енгізіліп жатыр. Бұл бағдарламаның маңыздылығы да осында. Сонымен қатар, ауылдарды дамыту бағдарламасы, «жасыл экономикаға» өтудің ұзақмерзімдік стратегиясы әзірленуде. Болашақтағы және қазіргі күнгі қауіп-қатерлерге жауап беретін бұл бағдарламада климат өзгерісіне бейімделу шаралары қамтылған. 
Қазақстан климаты құбылмалы. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, елімізде қыста минус 40 градус, жазда плюс 40 градус болады. Бұл, әрине, адам ағзасына әсер етпей қоймайды. Қазір Алматы облысында ауаның ластану деңгейі жоғары. Оған Алматы қаласының да әсері көбірек тиюде. Өйткені, Алматы қаласы ойықта орналасқандықтан, ауаның алмасуы сирек құбылыс. Тағы бір айта кететін жайт, қала мен қала сыртындағы жайма базарлардың айналасы лас қоқысқа, әртүрлі тұрмыстық қалдықтарға толы. Осылай ауаның ластануына жол бермес үшін әр жерде шашылып жатқан қоқысты жинап, оларды өңдеп, пайдаға асыру керек. Ол үшін шет мемлекеттердің жобасымен қоқыс өңдейтін зауыт салсақ ұтылмаймыз.
 «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры Вера Мұстафинаның мәліметіне қарағанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен Алматы қаласы ғана 100 пайыз қамтылған.  Өлкеміздегі климаттың өзгерісіне ірі қалалардағы қоршаған ортаның бүлінуі, қатты тұрмыстық қалдықтарға мән берілмеуі, өзен-көлдер тазалығын қолға алмау да ықпал етіп отыр.  Әлемде 20 миллионнан астам тұрғыны бар Мехико, 17 миллиондай халық өмір сүретін Тегеран мен Шанхай, Нью-Йорк, Лос-Анжелес, Лондон, Ыстамбұл, Токио мен Мәскеу сияқты қалалар бар. Олардың қасында аядай Алматының экологиясын айту ерсі көрінетіндей. Керісінше, Алматыға қарағанда әлемнің үлкен қалаларының экология мәселесі азырақ. Мәселен, 90 жылдардың ортасында Шанхайдың ортасынан ағып жатқан Сучжоу өзені өлі өзенге айналып, осы қаланың басшысы өзенді «Шанхайдың соры» деп атаған екен. Қалалықтар қоршаған ортаны күн сайын 10 мың тонналық қоқысқа көмген. Кейінгі жылдары Шанхай әлемдегі ең таза қалалардың біріне айналды. Егер Қазақстан қалаларының арасында осындай шаралар қолға алынса, Алматы, Өскемен, Қарағанды сияқты экологиялық қасіретке қанық қалалардың басшылығы мәселенің мәнісін ертерек түсінер еді. Әлемдегі таза қалалардың қатарына Еуропа елді мекендерін қосуға болады. Мұнда қала тұрғындарының өтініштері жерде қалмайды. Мәселен, Германиядағы Майн өзенінің жағасында орналасқан Франкфурт қаласының ауасы тазалығы жағынан тау ауасымен қатарлас. Онда экологиялық көшелер бар. Кәдімгі тас көшені қопарып тастап, тал отырғызып, гүл егіп, үлкен аллеяға айналдырған. Қалалықтардың талабымен тағы да бірнеше көше «экологиялық көшеге» айналу үстінде.
Біз Алматы қаласын кесіп ағатын Есентай өзенін тазалай алмай отырмыз. Тіпті, қаладан жыл сайын шығарылатын қатты тұрмыстық қалдықтардың өзін кәдеге жарату ісі өз деңгейінде жүзеге аспай келеді. Осының салдарына елді мекендердегі қоқыс полигонына жинақталған миллиондаған тонна қалдық адамды алаңдататын деңгейге жетті. Тіпті, олардан бөлініп шыққан улы газ ортаны ластап қоймай, ауадағы көмірқышқыл газының мөлшерін арттырып, климаттың өзгеруін жеделдете түсті. Бұл Алматы қаласын айнала орналасқан облысымыздың елді мекендеріне де үлкен қауіп төндіруде. 
Қордаланған бұл мәселенің түйінін тарқатудың бір жолы ретінде сарапшылар қоғамдық ұйымдардың жұмысын белсенді етуді атап отыр. Өйткені, кейбіреулер айтып жүргендей, бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысты үйлестіретін арнайы министрлік не агенттіктің жоқтығынан емес, заңнаманың орындалуын бақылаудың әлсіздігінен. Қарапайым халық қана емес, экология саласындағы мекемелер мен ұйымдардың өзі кейде өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезіне алмай жатады. Табиғатты ластау мен өзге де зиянды әрекеттерді көрсе де, оның алдын алуға немесе жоюға белсенділік танытпайды. Сондықтан жыл өткен сайын орын алатын табиғи апаттардың саны артып, күрделене түсуде. 
«Қазақстан экологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары Елдос Абақановтың сөзіне қарағанда, олар Экологиялық кодекс жобасына бірқатар ұсыныс енгізген. Соның бірі экологиялық салықтарды өз мақсатына жұмсау. Өйткені, қазір ол қоршаған ортаны қорғауға емес, әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалуда. Заңнамадағы олқылықтың салдарынан қоршаған ортаны қорғауға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын жұртшылық бақылай алмайды. Егер оны түзететін болсақ, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу сапасы артып, түйткілді мәселелердің күрмеуі біршама шешілмек.
 
Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Қазақ әдебиетінің алыбы Мұхтар Мағауиннің туғанына 86 жыл толды

Қазақ әдебиетінің алыбы Мұхтар Мағауиннің туғанына 86 жыл толды

02.02.2026
Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

02.02.2026
Бараат түні қандай құлшылық түрлерін орындаса болады?

Бараат түні қандай құлшылық түрлерін орындаса болады?

02.02.2026
Қар басу қаупі жоғары 157 шақырым. Жетісудағы жолдар бақылауда

Қар басу қаупі жоғары 157 шақырым. Жетісудағы жолдар бақылауда

02.02.2026
Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді.

Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді.

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.