Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

ТАҒЫЛЫМДЫ тақырыптарды қозғайды

06.07.2018
ЕКІ ТІЗГІН
ТАҒЫЛЫМДЫ тақырыптарды қозғайды
WhatsAppTelegramFacebook

Оқырмансыз газетті, тыңдармансыз радионы, көрерменсіз телеарнаны елестету мүмкін емес. Әуелден-ақ қоғамдағы тыныс-тіршіліктен хабардар қылып, халықпен біте қайнасып келе жатқан облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің орны ерекше. Шыққанына ғасыр толған қос газет жыл басынан бері көптеген шараларды қолға алып, әртүрлі игілікті істерді жүзеге асырды. Өңірдегі барлық аудан, қала оқырмандарымен жүздесу де назардан тыс қалмады.

Бұл жолы облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым және облыстық «Огни Алатау» газетінің жауапты хатшысы Асхат Алтынбеков Сарқан ауданындағы оқырманмен жүздесті. Кездесуді аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғалымжан Маманбаев жүргізді. Екі газеттің маңыздылығына, саяси-экономикалық орнына тоқталған ол алғашқы сөз тізгінін Нүсіпбай Додабайұлына ұсынды. Ол:
– Өздеріңіз естігендей, облыстық «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінің мерейтойын жыл басынан бері бастап кеттік. Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының тікелей қолдауының арқасында көптеген игілікті істер өтіп жатыр, – деп атқарылған шараларға тоқталды. Айталық, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде журналистер арасында дойбы, шахмат, қол күрес, асық ату секілді бірнеше спорт түрінен облыстық деңгейде жарыс өтті. Сол мерекенің тұсында екі газеттің алғашқы жарық көрген кезінен бері шыққан нөмірлері және журналистер пайдаланған жазу мәшінкелері, фотоаппараттар қойылған арнайы көрме ұйымдастырылды. Аз уақыттан соң футбол, волейбол, үстел теннисі, биллиард және тағы басқа спорт түрлерінен республика бойынша журналистердің арасында дода көрініс тапты. Сондай-ақ, мектеп оқушылары арасында ақындар айтысы өтіп, «Ғасыр – ғұмыр» атты республикалық жыр мүшәйрасы тамамдалып, жеңімпаздар қаржылай сыйлыққа ие болды. Осыларды тілге тиек еткен Нүсіпбай Әбдірахым жоспарланған шаралардың ішіндегі маңыздысы оқырманмен кездесу екендігін алға тартты. Әрмен қарай «Жетісу» газетінің тарихына тоқталып, аумалы-төкпелі заманды басынан өткергендігін, ашаршылық, соғыс жылдарында да халықпен бірге болғандығына мән берді. Сонымен қатар, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде қолға түсіп, сотталғалы тұрған 5 азаматтың қасқайып тұрған суретін газетке жариялағаны үшін бас редактор Мамадияр Жақыптың жазықсыз қудаланғанын еске алды. 
– Қазіргі уақытта редакцияда 47 адам жұмыс істейді. 5 Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 16 Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, 1 халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, 1 ҚР Президенті грантының иегері бар. Осындай шығармашылық, журналистік салада табысқа жеткен азаматтар қызмет етеді. Кейінгі кезде бір топ жас толқын, жас өрендерді қабылдадық. Олардың да аяқалысы бізді қуантып келеді, – деп сөзін түйіндеген Нүсіпбай Додабайұлы газеттің алған марапатын тілге тиек етіп, кездесуге жиылған оқырман қауымға үлкен алғысын жеткізді. 
Мінбеге көтерілген облыстық «Огни Ала тау» газетінің жауапты хатшысы Асхат Алтынбеков екі газеттің бір құстың қос қанатындай болып, «Өлке тынысы» ЖШС қарамағына қарайтынын, көп жылдан бері бірлесіп қызмет етіп жатқандығын баяндады. Әрі 1918 жылдың 8 наурызында «Заря свободы» атауымен алғаш жарық көрген басылымның бүгінге дейінгі ғұмыр жолын айтып, қазіргі болмысына тоқталды. Өз кезегінде газет бірнеше рет атауын өзгертіп, 1963 жылдан бері «Огни Алатау» болып халықпен бірге жасап келеді. Жауапты хатшы газет тек журналистердің ғана емес, одан бөлек беттеуші, корректор, жүргізушілердің еңбегі арқылы таралып жатқандығына назар аударды. 
Ойын ортаға салған облыстық «Жетісу» газетінің тұрақты оқырманы Төлеужан Битимбаев:
– Жасымыз жетпіске жетіп қалды. 40 жылдан астам уақыттан бері газетті үзбей оқып келемін. Өзіме керекті мағлұматты алып, сусындаудамын. Бұл өмірде рухани азыққа жетер ештеңе жоқ. Осы тұрғыдан келгенде «Ардагер» және «Ұлт ұяты» беттері салт-дәстүр, әдет-ғұрып сынды тағылымды тақырыпты қозғайды. Сондай-ақ, еліміздің бір кездегі тарихының барлығын газет беттерінен көруге болады. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде де таптырмас құралға айналған басылымға шығармашылық табыс тілеймін, – деп жылы лебізін білдірді. Ал облыстық «Огни Алатау» газетінің оқырманы, Сарқан қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының ұлағатты ұстазы Лидия Антоненко болса: «30 жылдам астам уақыттан бері осы газетті оқудамын. Бұл басылым балалық шағымда да жанымнан табылды. Өйткені, менің ата-анам жазылып, үйге алып келетін. Қазір тығыз қарым-қатынастамын. Оқушыларымның туындыларын «Ақжелкен» айдарына жіберіп тұрамын», – деп қос басылымды мерейтойларымен құттықтап, жүрекжарды жырын арнады. 
Жиынды қорытындылаған Ғалымжан Қанатұлы:
– Болған оқиғаның тізбесі деген бар. Мысалы, қазіргі кезде бұзылған ғимарат, жол мәселесі, қылмыс секілді жаңалықты жаман жағынан көрсеткісі келіп, ғаламторға салады. Ал басылым мемлекет қандай жұмыс жүргізуде, қаражат бөлінді ме, жоқ па, жоспары қандай, келешегі не болады деген сұрақтарға жауап беріп, тереңнен зерттелген мақалалар жариялайды. Міне, осы тұрғыдан келгенде газеттің берер пайдасы зор. Әсіресе, ақпараттық соғыс кезінде газет-журнал ауадай қажет. Білімді, білікті, елді, жерді қорғайтын ұрпақ газет оқу керек, – деді.
«Орамал тон болмайды, жол болады» демекші, қос газет Төлеухан Битимбаев, Ғалиябану Рамазанова, Бейсенбай Разбеков және Лидия Антоненко есімді тұрақты оқырмандарына Алғыс хат пен микротолқынды пеш сыйға тартты. Аудан әкімдігі келген қонақтарға арнайы кәдесый берсе, жиналған жұрт тілектерін арнап, алғыс айтып тарқасты.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.