Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Бізді ұлттық тәрбие біріктіреді

30.06.2018
ЕКІ ТІЗГІН
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық, тұрақтылық пен қарқынды даму әлемнің көптеген еліне үлгі болып отырғаны бүгінгі күннің шындығы. Ең алдымен халықтың қалаған ісімен айналысып, тіршілігін жандандыруға жасалып отырған мүмкіндік кейбір мемлекеттер үшін арманға айналуда. Оның дәлелін көптеп келтіруге болады. Бір ғана әлемдік картада «Таяу Шығыс» деп аталатын өңірге көз салсақ көптеген елдің соңғы 10 жылдың ішінде соғыстан көз ашпағанын көреміз.

Сондықтан өзгелерді мысалға алу арқылы еліміздің келешегі бүгінгі жастарға соғыс зардабының қандай болатынын ұқтыруымыз керек. Әйтпесе, анау айтты, мынау бүйтті деген желеумен астыртын әрекет жасаушылардың жетегіне еріп кететін жасөспірімдер қатары азаймай тұр. Жастар жаңа отырғызылған көшет секілді. Оның түзу де биік, жуан да берік болып өсуі берілген тәрбие мен тәлімге тікелей байланысты. Егер қисық әрі теріс тәрбие көрсе көзге сұрықсыз, іске жарамайтын шыбық шығады. Ондай ағаш құрылыс материалы болып жарытпайды. Мұны бейнелі түрде айтып отырмыз. Ағаш та адам баласы секілді. Бұтағы  ұрпағы тәрізді. Жапырағы жылдары мен күндері сияқты. Өседі, өледі, жеміс береді, қажетке жарайды. 
Адамның да басты мақсаты қоршаған ортаға, мемлекетке, ел мен жерге пайдалы болу, тәрбиелі ұрпақ өсіру. Мағыналы өмір сүріп, ағайын-туысқа, көрші-қолаңға жәрдем жасау. Осындай асыл құндылықтар жүктелген адам баласы кейде адасып, теріс жолға түсіп жататыны да рас. Алайда ондайды түзеу, дұрыс жолға салу ауыл ақсақалдарына, ер-азаматтарына жүктеледі. «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң», «Өз балаң өзектен тепсең де кетпейді» деген даналық сөзбен көптеген мәселенің басын ашып, түйінін тарқатқан ата-бабаларымыз қандай көреген десеңізші?! Араздасқанды татуластырып, шамданғанды жарастырған тәлім-тәрбиенің тамыры тереңде жатыр. Ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен ұлттық тәрбиенің өзегі осындай асыл құндылықтарға негізделгені баршаға аян.
Ел болған соң телісі мен тентегі де болатыны анық. Сондықтан да болар, ел іргесінің берік, шаңырағының биік болғанын көре алмайтын әрекеттер ара-тұра болса да көрініп қалады. Әсіресе, бүгінгідей ғылыми-технология дамыған кезеңде бүкіләлемдік интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы оң мен солын танымай, солқылдақтық танытып жүрген жандарға теріс үгіттеп, мемлекеттің бүтіндігін ішінен бұзғысы келетін қадамдар анық байқалады. Жамандықтың түп-тамыры бір. Сондықтан лаңкестік, экстремизм, терроризм сынды жағымсыз істердің айырмасы жоқ. Ол үшін қару алып, бүлік шығаруды көздейтіндер мен халықты алаңға шығып, түрлі талап қоюға шақыратындар бірдей. Сол себепті, қара ту алып, Тигр мен Эфрат өзендерінің аймағындағы Сирияда халифат құрмақ болған лаңкестер мен шет мемлекетте жатып, Қазақстан азаматтарын азғырған Әбілязов әрекетінің айырмасы шамалы дер едім. Олардың бәрі де еліміздің тыныштығын, тұрақтылығын, бейбітшілігін, ырыс-құт, бақ-берекесін көп көреді. Ұрпағымыздың білімді, тәрбиелі, ұлттық құндылықтармен сусындап өскенін қаламайды. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан атты байтақ елдің тынышын кетіріп, сәбилердің күлкісін тиюға мүдделі. Болашақтың күні ашық, жұлдызы жарық болуы шынайы күлкіде екендігін ескерсек, лаңкестердің пиғылы еліміздің келешегін көре алмауда жатқандығын байқау қиын емес.
Ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесін өзіндік ұстанымымен, өзіндік бағытымен жүргізген халқымыз елдің тынышын алған бүлікшіні аяусыз жазалап, әрбір рудың беделді ақсақалының тезіне салдырып отырған. Соның әсерінен болар ұшқан құстың қанаты талар, шапқан аттың тұяғы тозар ұлан-байтақ далаға түрме атаулы салынбады. Жазықтыға айыппұл ретінде көп жылқы салық салынды. Ол төлей алмаса руынан алынды. Есесіне басбұзар немесе бүлікші өз руының белді де бай адамына өмір бойына жалшы болды. Сол арқылы телі мен тентегін әрбір тайпа өзі түзетті. Оны көрген жастар жамандықтан қашық жүріп, жақсылыққа жақын болудың дұрыстығын білді. «У ішсең руыңмен» деген сөздің мәнісі осында жатыр.
Ендеше, ұлттық тәрбиенің негізгі тетіктерін іске қосып, адасқандардың жетегінде кеткен жастарымызды осылайша тәрбиелеуіміз керек. Өйткені, ұрпақ тәрбиесі бейжай қарайтын нәрсе емес. Әлемдік өркениеттің қаңсығын таңсық көрген жастарымыздың бітім-болмысын, кескін-келбетін ұлттық тәрбие арқылы сақтай аламыз. Әйтпесе, бәрі керісінше болады.

Облыстық ішкі саясат басқармасы

 

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.