Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

«Жетісудан» 7 жас үлкен

26.06.2018
ЕКІ ТІЗГІН
WhatsAppTelegramFacebook
Сонау 1918 жылдан бері шығып келе жатқан басылым талай тартысты заманның куәгері болды. Алаш арыстарының ашық сөзін жариялап, қазақтың ұлттық құндылықтарының сақталуына сүбелі үлес қосты. Талай көненің қолтаңбаларын өзіне түйіп, көсемдердің сөзін бойына жиып, талай сырды ішіне үйіп жатқан бұл сырсандықтың құлпын ашсаң, рухани қазынаның ішіне шомып кетесің. Арыстарымыздың айыпсыз атылғанын, сұм соғыста халықтың қан жұтқанын да көрді бұл басылым. Одан кейінгі солшыл саясаттың сұм-сұрқайлығының да дәмін татты. Желтоқсанда жалын атқан жастардың жанына медет бола алмаса да, халықтың азасына ортақтасты. Тәуелсіздіктің арайлы таңын да бірге атырып, елдің еңсе көтерген әр сәтінен сүйіншілеп, оқырманның ойлы сырласы болды. Облыс көлеміндегі  жаңалықтардың жаршысы атанып, қазақ даласындағы әрбір қуанышқа бөркін аспанға атып қуанып, шаттанғандар қатарында  да осы басылым бар. Бүгін, міне, 100 жастық ғұмырлы тойын атап өткелі отыр. Осы ғасырлық тарихы бар басылымның мерейлі тойы қарсаңында аталмыш үнжарияның ауданымыздағы тұрақты оқырманы, «Жетісудан» жеті жас үлкен қазына қартымыз Күрішбек атаның ойын білмек мақсатта болдық. Атамыз әдетінен жаңылмаған, қасында бір құшақ газет жатыр. Әлбетте, ішінде біздің «Жетісу» да бар. 

 
Біздің келген мақсатымызды білген сәтте-ақ атамыз әңгіменің түйінін ағытты. «Бала кезімізде әке-шешеміздің қолынан көріп қалатынбыз әртүрлі басылымдарды. Ол кездегі заман қиын ғой. Елдің бәрі сауатты емес. Көзі ашық болмаса да көкірегі ояу еді бәрінің. Ауылдағы хат танитын жастарға әлгі газеттерді кешқұрым ауыл қарттары жиналып оқытатын. Жан-жақты жаңалықтардан хабардар болып отыратын. Әке-шешем шала сауатты кісілер еді. Бірақ білімге, оқуға деген ынталары зор болатын. Сол себепті де бізге, яғни балаларына бар мүмкіндігінше білім алуға жағдай жасады. Биікке тек біліммен шығады деп сенді. Сол кісілердің қамқорлығы арқасында біз хат таныдық, сауат аштық. Қолымыздан газеттер түспеді. Солардың қатарында әу баста «Жетісу ісші халық мұхбірі», кейіннен «Көмек», «Ұшқын» деп аталған бүгінгі «Жетісу» газеті де болатын. Өкінішке орай ата-анам дүниеден жас кетті. Сол уақыттарда заманның қиындығы болар, бұл басылымнан көз жұмып қалдым. Бірақ әке-шешенің бізге берген үлкен қазынасы – білім болғандықтан, азамат атанып, еңбек ете бастағанда аталмыш газетпен қайта қауыштым. Ауданға 1933 жылы Ораз Жандосов бірінші хатшы болып келді. Әдебиеттің шын жанашыры, қоғамның әрбір тынысын бақылап отыратын жауапкершілігі мол азаматтың қолынан газет түспейтін. Мені жанына жақын тұтатын. Біраз уақыт жолдас, сырлас болдық. Ел жайын, жер жайын әңгіме ететінбіз. Әр іске ыждағаттылықпен қарайтын. Ұлтқа деген жанашырлығы ерекше болатын. Ол елдің мұңын сөз етіп, аштықтан қырылған боздақтарды ойлап, егілетін.  Тереңінен толғамды сөз айтатын. Оның тұла бойындағы ұлтқа деген сезімі ерек еді. Ұлтын ойлап, жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етті. Міне, сол тау тұлғаның қасында жүрген біз де ұлттық мәселелердің байыбына барып, талай дүниеден хабардар болдық. Сол жылдары, шатаспасам, «Тілші», кейіннен «Сталин жолы» аталған үнпарақ жанымызға серік болды. Саясаттың салқыны Ораз Жандосовты да айналып өтпеді. Айыпталып, азапқа түсті… 
Ұлы Отан соғысы басталып, Отанымызды қорғауға аттандық. От пен оқтың ортасынан аман қайту бұйырыпты маңдайымызға. Соғысқа дейін білім саласында еңбек еткендіктен, елге оралып, сүйікті ісіме қайта кірістім…» Соғыстан кейінгі қиын-қыстау заманды сол тұстағы аталарымыз бен аналарымыз көрді. Ер-азаматтан айырылып, аман келгенінің өзі кемтар болып, бар жауапкершілік, бар міндет ақ жаулықты аналарымыз бен қыз-келіншектерге түсті. Мектепте шәкірт тәрбиелеген атамыз сан балаға тәлімгер ұстаз, рухани әке атанды. Армандарына қанат байлаған талай оқушының жолын ашып, білім құшағына сүңгітті. Әр кезде газет-журналмен, кітаппен серік болуды үйрететін. Сол атамыздың алдын көрген мыңдаған шәкірттің ішінен бүгінде қаншама қаламгер мен ақын, журналист, жазушы шықты. Тіпті оқушыларына әртүрлі басылымдардан қызықты жаңалықтар мен хабарларды оқып береді екен. «Балалар деген қызық қой. Бірнеше рет әртүрлі басылымдарды құшақтап, мектепке апарып, оқып бердім. Содан кейін-ақ «Ағай, газет оқиықшы. Қандай жаңалықтар болып жатыр екен?» деп соңымнан қалмайтын. Шәкірттерімнің білімге деген ынтасы ерек болды. Оған мерзімді басылымдардың да септігі тиді деп толықтай айта аламын» деп атамыз газет-журналдардың адам санасын дамытуға, сауаттылығын аттыруға қосатын үлесін біраз әңгіме етті. Зейнетке шыққан соң Күрішбек Көжекбайұлы «Жетісу» газетінің тұрақты оқырманы болып, бір нөмірін оқымай қалмайтын. «1972 жылы бейнетімнің зейнетін көретін жасқа жетіп, зейнеткер атандым. Ол кездерде газет «Жетісу» атанатын. Міне, сол кезден бастап жыл сайын газет серігім болды. Республикалық, аудандық басылымдармен қатар қолыма «Жетісуды» да алам. Еліміз егемендік алған жылдардағы жанға жайлы жаңалықтар, Елбасымыздың ел іргесін бекем ету жолындағы елеулі істері, бәрі де «Жетісуда» жарық көріп жатты. Соның бәрін оқып, біліп отырдық. Бүгінде балаларым мен немерелерім жаздырып береді. Өзім, болмаса немерелерге оқытам. «Ата көрген оқ жонар» деген ғой бабаларымыз. Әкем Көжекбай білімнің биігі кітап пен газетте деп бағалайтын. Бізді де сол жолда тәрбиеледі. Енді мен де өз ұрпағымның рухани азықты газеттен, кітаптан алғанын қалаймын. Тәубе, ұл-қызымның қолынан газет-журнал түспейді. Олар да мен сияқты балаларына осы жолды ұлағаттайды деп ойлаймын. 
Бүгін хат танып, қағаз, қалам қолыма алғалы бері жан серігіме айналған «Жетісу» газетінің ғасырлық тойы болып жатыр. Басылым бетінде жыл басынан бері танымдық талай дүниені оқыдым. Газеттің тарихын тағы бір мәрте көз алдымнан өткердім. Иә, бұл басылым да мен сияқты талай асылдың сынығын көрді, тарихтың сан сынағын басынан өткерді. Небір білікті редакторлар басшылық еткен басылым қашанда болмасын өзінің анық жолынан адаспады. Бүгінгі күнде де өзекті мәселелердің майын тамызып жазады. Ұлт ұятын ұғынықты жеткізеді. Әлеуметтің әлеуетін арттыратын жайттарды жариялайды. Сондықтан сүйікті басылымыма әлі де ғұмырының ұзақ болуын тілеймін. Менен жеті жас кіші «Жетісуым» ұлттың айнасы болсын. Абырой биігінен түспей, «халықтың көзі мен құлағына һәм тіліне» айналсын», – деп батасын берді ғасыр-ғұмырды артқа қалдырған дана қартымыз.
Жер жаннаты Жетісу жұрты сүйіп оқитын басылымның ғасырлық мерейтойына біз де құтты болсын айтамыз. Азаматы атқа қонса, анасы үйде отырып тақымын қысатын қазақпыз. Ендеше журналистік саланың титтей де болса жүгін арқалап жүргендіктен біздің де «Жетісу» дегенде ойымыз ерек. Басылымның беделі – қазақ журналистикасының беделі. Ендеше беделің биік болсын, «Жетісуым»!
 
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Ұйғыр ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.