Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

СЕНІМ БИІГІ

19.06.2018
ЕКІ ТІЗГІН
СЕНІМ БИІГІ
WhatsAppTelegramFacebook

   Аспантаулар аясында туғаннан ба, бала жасынан арманы асқақ болды. Желдің өтіндегі, елдің шетіндегі алақандай ауылда өмірге келгенде болашақта Алатаудай азамат боларын ешкім дөп басып білмесе де, ұлтының қажетіне жараса екен деген әке мен ананың айдай аппақ тілеуі орындалды. Алты жасында мектеп табалдырығын аттаған бала бұл күнде асқақ шыңды алты асқарды бағындырды. Бозаң тарта бастаған қайратты шашын маңдайын аша тарап, маңайына еңсесін тіктеп қарап қойып, алшаң басып, асқаралы алпыстың асуына шығып – отыр. Ол ұзақ жылдар еліміздің қаржы саласының дамуына, уақытпен бірге заман тынысын сезініп, алға басуына аянбай еңбек етіп келе жатқан Нүсіп Қасымжанұлы Құдайбердиев.

 

   Өздерін аспан асты еліміз деп асқақ көрсеткісі келетін алып жұртпен іргелес жатқан, осынау Ұлы Даланың қойнауы құт, топырағы киелі бір пұшпағы Сүмбе ауылы бұл күнде осындай азаматтарымен мақтанады. Аталарымыз: «Болар бала бесігінде бұлқынады», – депті. Ал бесігінде бұлқынған баланың асқақ арманға ұмтылары анық. Арғы тарихтан қозғамасақ та, өткен ғасырдың өзінде Нарынқол өңірі қазақ руханиятына Мұзарт шыңның мұзбалағы Мұқағалиды, балалар әдебиетінің бағбаны Бердібек Соқпақбаевты, әдеби сын саласының сардары Сағат Әшімбаевты, жазғанынан-ақ байқалатын талғамы Баққожа Мұқайды, кіндігі ауылына байланып, сол жерден-ақ өлең өлкесіне өз үнін қосып өткен Еркін Ібітановты берген қасиетті аймақ. Осыдан кейін бұл өңірден шыққан кез келген алғыр перзент қолына қалам алып, әдебиет әлеміне қадам басатындай болып көрінеді кейбір жұртқа. Ал Нүсіп Қасымжанұлы ол арнаға түспеді. Жоғарыдағы есімдері аталған ағаларының шығармаларымен сусындап өссе де бала Нүсіптің арманы басқа әлемге тартты да отырды. Мектеп қабырғасында жүргенде көк, жасыл түсті тор көз дәптердің ең соңғы бетіндегі көбейту кестесін сыныптастарының біразы ежіктеп жаттап жүргенде Қасымжанның Нүсібі «екі жердегі екім төрт» деп бастап, «он жердегі оным – жүз», деп барып тынысын бір-ақ алады екен. Осыдан-ақ алғыр бала әдебиет саласына емес, көбіміздің көңілімізге қона бермейтін математика саласын таңдайды. Бала арман адастырмады. Бірақ бірден орындала қойған жоқ. Мектеп бітіргеннен кейін сол кездегі саясаттың соқпағымен Нарынқол өңіріндегі комсомол жастар бригадасында еңбек етіп, екі-үш ай ауылда еңбекке араласады. Одан кейін әскерге алынып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Сүмбенің суына шомылып, топырағынан қуат алған жігіт әскерде де қазақтың қайсар перзенті екенін танытып үлгереді. Осыдан кейін ғана өзі армандаған Алматыға келіп, жүрегінің қалауымен таңдаған саласының студенті атанып, халық шаруашылығы институтына қабылданады. Зымыраған уақыт бір орнында тұрған ба? Жастықтың қызығын бірге кешкен достарымен жоғары оқу орнын бітіріп, үлкен өмірге қадам басады. Талабы ұшқыр талантты ұл еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігінің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында ревизиялық бөлімінің ревизоры, аға ревизоры қызметінен бастайды. Содан бергі отыз бес жылғы уақыты жауапкершілігі жоғары, қиындығы да мол қаржы саласына арналып келеді. Жалпы қаржы саласы мемлекет дамуының күретамыры. «Бақпаса мал кетеді, қарамаса бала кетеді» деген екен бабаларымыз. Бұл тәмсілдің біздің әңгімемізге қандай қатысы бар демеңіз. Қаржы саласы да ең күшті бақылауды қажет етеді. «Судың да сұрауы бар» екенін ескерсек, мемлекет қаржысы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпеуі үшін оған шынымен де қырандай қырағылықпен қадағалау қажет. Нүсіп Қасымжанұлы да бұл туралы өз ойын былайша сабақтайды: «Еліміздің бүгінгі биігіне сүйсіне, артта қалған қалыптасу және даму жолдарына көз салып, ой жүгірте отырып, Елбасының 1992 жылдың күзінде енді-енді қаз-қаз басып келе жатқан егеменді елде Мемлекеттік қаржы бақылау комитетін құру туралы Жарлық шығаруы сол кездегі уақыт көшінің тамырын дөп басқандық. Дер кезінде қабылданған аса қажетті шешім еді. Сол бір тарихи кезеңде мемлекет қазынасынан қарастырылған қаржының мақсатты жұмсалуын бақылайтын ведомствоның қызмет етуі өтпелі кезеңнің азды-көпті қиыншылықтарды пайдаланып, өз қалтасын қамдап қалуды мақсат етіп, қалың бұқараға тиесілі материалдық игіліктер мен ақшалай қаражаттарды заңсыз жолмен иеленуге жанталаса ұмтылғандардың күмәнді де, күдікті жолына лайықты тосқауыл қоя алды». 
   Дәл осы шағын ғана пікірден қаржылық бақылау саласының қаншалықты жауапкершілік жүгін көтеріп жүргенін аңғаруға болады. Нүсіп Қасымжанұлының еңбек жолына қарап отырсақ, сонау жылдары дипломын қолына алып, алғаш қызметке тұрғаннан бастап, күні бүгінге дейін аттары әртүрлі болғанымен ұстанған бағыты бір салада табан аудармай еңбек етіп келеді. Облыс орталығы Алматыдан Талдықорған қаласына ауысқан алғашқы жылдары, анығын айтқанда 2005 жылдың көктемінен өткен жылдың күзіне дейін Жетісудың жүрегі саналатын жас қалада еңбек етті. Қаржылық бақылау саласындағы жаңашылдықтарды жанымен қабылдап, оны әріптестерімен талдап, таразылап, бұқара халыққа түсіндіруде де аз жұмыс істелген жоқ. Әсіресе, қаржылық бақылау жүйесіндегі заман талабынан туындаған аудиторлық бағытты тез меңгеріп, сол арқылы тексерудің жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді. «Тал бесіктен жер бесікке» дейін білім іздеу ұлттық дәстүрімізде де, шариғатымызда да құпталған. Тал бесіктегі білім ананың сүті мен ыңылдап салған әлдиімен бойға сіңсе, әріп танып, қолына қалам алғаннан бүгінге дейін іздену, жасым келді деп жасымай, жаһанданған заманға жұтылып кетпеу үшін, сын сағатта ұтылып қалмау үшін білім керек. Осыны зеректігімен ұғынған Нүсіп Қасымжанұлы Экономика және құқық академиясынан да білім алып шықты. Сөйтіп, экономика мен заң саласын қос қанатына айналдырып, табанды еңбек етіп келеді. Сонау жалынды жиырмада басталған еңбек сапарында қай жерде қызмет етсе де, өзіне тән абырой биігінен төмендеген емес. Күрмеуі қиын, талабы күшті, жауапкершілігі жоғары қаржылық бақылау жүйесінде Нүсіп Қасымжанұлының өз қолтаңбасы бар. Облыс экономикасының дамуы үшін тиыннан құралған әр теңгенің өз орнымен жұмсалуы үшін қырағылық танытып, өңірдің өркендеуіне үлес қосып келе жатқан Нүсіп Қасымжанұлы Ұлан, Ғазиз, Асқардай ұлағатты үш ұлдың асқар тау әкесі. Қылығы тәтті алты немеренің ақылман атасы. «Өмірдің бір қызығы бала деген» Абай атам айтқан бұл тәмсіл бәрімізге ортақ. Сол өмірінің қызығына айналған ұрпағымен асқаралы алпыс деген ардақты жасқа келіп отыр. Еңсесі биік, сөзі мығым қалпында жас кезінен таңдап алған мамандығына адалдықпен қарап, соның қызығын көріп келе жатыр. Қазіргі таңда «Қазақстанның аудиторлық ұйымдары және аудиторлары институты» кәсіби аудиторлық ұйымының мүшесі. «Аудит Бизнес Групп» ЖШС-нің Алматы қаласы мен облыстық филиалының директоры. Саналы ғұмырын бір арнадан алыстатпағанының нәтижесі «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісін иеленді. «Ерен еңбегі үшін» медалін жарқыратып кеудесіне тақты. Туған елі де еңбегін елеп «Райымбек ауданының Құрметті азаматы» деген абыройлы атақ берді. Теріскейдегі көршіміз Ресей Федерациясы да еңбегін бағалап «Честь и долг» орденімен марапаттады. Соңынан ерген ұрпақтары да ұлағатты өсіп, әр салада елеулі еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің тұғырлы болуына үлес қосуда. Асқары қазіргі кезде Чехияда екі ел аралық келісім бойынша инженерия саласында еңбек етуде. Жақында ғана сол елдің бокстан өткізген додасына қатысып, чемпион атанды. Қолына найза ұстап, білегіне шоқпар ілген батыр елдің ұрпағы екенін дәлелдеп, былғары қолғаппен жат жерде топ жарып, қазақ есімін танытты. Бұл да болса еңбегімен еленіп, алпыстың асқарына шыққан әке мерейін асқақтатып тастағаны шындық.
   Сөз соңында кейіпкерімнің аспантауларындай асқақ қалпында алшаңдай алға басып, жыр Жамбылдың жасына жетуіне тілектеспін.

Жұматай Оспанұлы 

Қатысты жаңалықтар

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар   

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар  

03.02.2026
Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.