Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЕПТІЛІККЕ БАУЛИДЫ

10 маусым 2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
WhatsAppTelegramFacebook

   «Жастар» спорт кешенінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Алтын сақа» атты облыстық ұлттық ойындар спартакиадасы өтті. Жарысқа әр ауданнан іріктеліп келген 200-ге жуық спортшы қатысты.

 

   Шара облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офистің басшысы Ғабит Тұрсынбайдың алғысөзімен бастау алды.
 – Ата-бабаларымыз ойнаған көне ойындарды қайта жаңғырту мақсатында бүгін үлкен жарыс өтуде. Бұл ойындар балаларға тәрбие берумен қатар ептілікті, жинақылықты, көз мергендігі мен қол икемділігін дамытады. Асық ойындары бұған дейін дәстүрлі түрде өткізіліп келсе, ләңгі мен бестас ойыны облыстық деңгейде алғаш ұйымдастырылуда. Ұлттық спорт ойынымыз ұмыт қалмасын десек, көне ойындарды жаңғыртайық, – деп жұртшылықты бұқаралық спортқа шақырды.
   Осыдан кейін ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Алмат Үшкемпіров сөз алып  жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Асық ату ойынынан бастау алған дода Олимпиадалық жүйе бойынша өрбіді. Сақасын шиыра тартып көнге тігілген кенейді жан-жаққа шашқан мергендер дода көркін қыздырды. «Шеңбер» ойынында барын салған спортшылардың өнері жарысқа жиналған көрермендерді тәнті етті. Асқан шеберлік пен аяқтың ептілігін қажет ететін ләңгі ойыны да тартысқа толы болды. Бұл сында өрендер түрлі тәсілдер жасап ләңгі ойынының озық үлгісін көрсетті. Келесі кезекте қаракөз қыздарымыз бестас ойынынан шеберлік байқасты. 
   Жарыс қорытындысы бойынша асық атудан 1-орынды Іле ауданының командасы жеңіп алса, 2-орынды Ұйғыр ауданы еншіледі. Ал, Панфилов ауданынан келген команда үздік үштіктің қатарынан көрінді. Ләңгі тебуден бас жүлде Ұйғыр ауданына бұйырса, Іле ауданы күміс жүлдегер атанды. Талғар ауданы қола жүлдені қанағат тұтты. Бестас ойынынан 1-орынды Ескелді ауданы қанжығасына байласа, Панфилов ауданы тұғырдың екінші сатысынан көрінді. 3-орын Жамбыл ауданына бұйырды.

А. Назарұлы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 17:23
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

Бүгін, 17:12
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Бүгін, 17:07
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Бүгін, 16:59
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Бүгін, 16:53

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.