Талдықорған: +6°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жоғары білімнің жаңа белесі

01.06.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы бірқатар тапсырмаларды іске асыру жұмыстары елімізде жан-жақты жүргізілуде. Оның жалғасы болған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» міндетінде өзекті мәселелер қамтылған. Осы орайда, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде атқарылып жатқан ауқымды істерге тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Аталмыш оқу ордасының бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Еркінбаеваның айтуынша, Елбасының бағдарламалық мақаласы жарияланған күннен бастап университетте көптеген шара атқарылып келеді. Оны іске асыруды қамтамасыз ету үшін І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» жобалық офисі ашылған. Сондай-ақ, университеттегі профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық әлеуетін ескере отырып, 6 жобалық бағыт бойынша сараптау топтары құрылған. Оның ішіне «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Ұлттық бірегейлікті сақтау. Туған жер»; «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» кіреді. Ал өңірлік сараптамалық кеңестің төрағасы міндетін университет ректоры, г.ғ.д., профессор Қуат Баймырзаев атқарады. Сонымен қатар, Ләззат Еркінбаева алдағы уақытқа қойған жоспарларымен де бөлісті. Айта кетсек, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Саналы азамат» бағыты бойынша «Ұлы дала жастары» жобасы іске асырылуда. Биыл мамыр айында аталған жоба шеңберінде «Еңселі Елордам – рухани кең ортам» атты студенттік фестиваль өтті.  Ал қазан айында «Рухани жаңғыру – Қазақстанның серпінді дамуының негізі» атты үлкен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу жоспарланған. 
Биылғы жылғы Жолдауда білім берудің жаңа сапасына көшіп, университеттердегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту керектігі назарға алынды. Жетісу мемлекеттік университетінде атқарылған жұмыстар тізбегіне қарап, бұл мәселе де назардан тыс қалмағанын байқаймыз. Бүгінде білім беру үдерістерін мүмкіндігінше кеңірек қарау маңызды. Қазіргі заманғы педагогикалық білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдағы білікті мамандардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау. Алматы облысы аймағындағы жалғыз мемлекеттік жоғары оқу орны ретінде біздің университет Болон декларациясы параметрлеріне сай білім беру жүйесін модернизациялау арқылы аймақтың және елдің инновациялық дамуына өз үлесін қосуда. Болашақ педагогтарды, білім берудің мазмұны мен технологияларының жаңартылуын ескере отырып даярлау мәселелеріне, болашақ мұғалімдердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін қолдану дайындығы назарға алынды. Педагогтың кәсіби стандартына және жаңартылған орта білім мазмұнына сәйкес білім беру бағдарламалары әзірленуде. Көптілді кадрларды дайындау мақсатында бакалавриаттың 7 педагогикалық мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары  әзірленіп, жаңартылған орта білім беру мазмұнына сәйкес бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына жаңа пәндер енгізілді. Педагогикалық кадрларды табысты даярлау мақсатында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес университеттің профессор-оқытушы құрамы да кәсіби біліктілікті көтеру курстарынан өтуде. Ал болашақ мұғалімдерді практикалық-бағыттау дайындығын жүргізуді жүзеге асыруға тоқталсақ, «дефектология» мамандығы бойынша дуалды оқыту моделі әзірленіп, жоғары оқу орны, облыстық білім беру басқармасы және нақты мектептермен үшжақты келісімге қол қойылған. Бұдан бөлек, педагогикалық мамандықтардың бітіруші курс студенттеріне жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту семинарлары ұйымдастырылмақ. 
Жоспарланған шаралардың мақсаты – Елбасымыздың халыққа Жолдауын жан-жақты қолдау, міндеттерді іске асыру және қоғамдық сананы жаңғырту үрдісіне жастарды белсенді түрде жұмылдыру.
 Әмина Құдайбергенова,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университетінің студенті

 

Қатысты жаңалықтар

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026
Төл алу науқанына дайын

Төл алу науқанына дайын

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.