Талдықорған: -6°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

54 КУРСАНТ ОҚУ ҮЗДІГІ АТАНБАҚ

30.05.2018
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
54 КУРСАНТ ОҚУ ҮЗДІГІ АТАНБАҚ
WhatsAppTelegramFacebook

      «Ежелден ел тілегі ер – тірегі, Адал ұл ер боп туса – ел тілегі.» деп даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы айтқандай бүгінгі әңгімеміз Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бітіруші түлектері жайында болмақ. Офицер боламын, Отан қорғаймын, Тәуелсіздік туын биікке көтеремін, ел тілегін ақтаймын деп мақсат қойған азаматтар, бүгінде бес жыл уақытты артқа тастап, басты күн мемлекеттік аттестациялық емтиханға да келіп жетті. Осы сыннан сүрінбей өтсе, иықта қос жұлдыз лейтенант алатын күнде тым жақын.

 

    Мамыр айының 21 жұлдызынан бастап Радиоэлектроника және байланыс-әскери инженерлік институтында бітіруші түлектері үшін мемлекеттік аттестациялық емтихан басталды. Бітірушілер үшін бұл өте маңызды күн. Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қарулы Күштерінің білікті де шенді офицерлері құрамынан комиссия төрағасы және мүшелері тағайындалып, қазіргі таңда әскери институт қабырғасында өз жұмыстарын бастады. Жылдан жылға қорғаныс басшылары білім саласына өзгерістер енгізіп, институт оқытушы-профессорлар құрамымен тыңдаушы курсанттарға  талаптарды күшейткен болатын. Институт бастығы полковник Асқар Досбосынұлы Мұстабеков, әрбір бітіруші түлектің, ертеңгі күні командир атанып, жеке құрам алдында үйренгенімен бөлісетінін және де адам өміріне, әскери техникаға, тәуелсіздік тұғырына жауапты екендерін екерте келе, сын сағатта сыннан сүрінбей өтулеріне тілектес екенін айтты.
       Курсанттар топтарға бөлініп, белгіленген күндері таңдаған пәні және де дене дайындығы бойынша мемлекеттік емтихан тапсырып, дипломдық жұмыстарын қорғайды. Биыл институт қабырғасында 214 бітірушінің 42 сі оқу үздігіне, 12 сі оқу үздігінің төс белгісіне үміткер. Былтыр 2017 жылы  оқу үздігі 32 болса, оқу үздігінің төс белгісін 4 бітіруші таққан болатын. Бір жыл ішінде институт оқытушы-профессорлардың қажырлы еңбек етуінің нәтижесінде оқу үздіктерінің саны еселенгені көрініп тұр.
     Біліммен спортты, өнермен зиаткерлікті қатар серік етіп, осы бағыттарда биік жетістікке жеткен курсанттар жетерлік. Бес жыл ішінде 214 курсанттың 186 әр түрлі санатта спорттық дәрежеге қол жеткізді. Оладың 4 спорт шебері атанса, 7 спорт шеберлігіне үміткер. Солардың бірі курсант А.Рақымжанов оқуда озат атанып, оқу үздігінің төс белгісіне үміткерлігімен қоса дзюдо мен қазақша күрестен спорт шеберлігін қорғап, Республикамыздың бірнеше дүркін чемпиондығын жеңіп алды. Курсант А.Байсалбаев Қазақстан Қарулы күштерінің сапында, гір тасын көтеруден ТМД Қарулы Күштерінің арасында өткен сайыста екі дүркін күміс жүлдегер, Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы атанып, спорт шебері атағын қорғады. Сонымен қатар оқу үздіктері және спорт шеберлері курсант Р.Исмайлов гір тасын көтеруден, курсант М.Наурзбаев спорттық бағдарлаудан Ел чемпиондығын жеңіп алды.     
      Көңілді тапқырлар клубының сахнасында жарқындай жарқылдап, өткір әзілдерімен көремендердің көз айымына айналып, жоғарғы лигаға дейін көтерілген «Байланыс жігіттерінің» курсанттары Д.Сұлтанбай мен  С.Аманжулов оқуда озат, спортта алғыр, өнерде команданы жеңіске жетеледі. Ал оқу үздігінің төс белгісіне үміткер курсант С.Құрбанбек ақындық өнерді бойына сіңіріп, қоян қолтық төбелестен Республика жүлдегері атанып, керемет ұйымдастырушылық қабілетімен ротасын тек жақсылыққа, жеңіске жетеледі. Алдағы уақытта әскери институт атынан, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Ел Президенті қолынан бес оқу үздігі, алтын медаль алуға жоспарланып отыр.
      Айта берсек барлық үздіктер мақтауға тұрарлық, әрқайсысының оқу жылдарында жеткен жетістіктері жетерлік. Жүздесіп, сұрасаң мақсаттары айқын, талаптары таудай. Ту сыртынан бақыласаң бірінен-бірі асып, білсем, үйренсем деген талпыныстары жоғары. Көз тимесін бұл біздің Қазақ елінің болашақ Отан қорғаушы офицерлері. Жиырма алты жыл ішінде Қорғаныс саласының басшылары, білікті командир дайындауда дұрыс бағытты таңдағаны айдан анық. Институт басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы және бітіруші түлектердің батальон, рота, взвод командирлері өздеріне қойылған жауапкершілікті толықтай орындап, алдағы уақытта біліктіде білімді, кәсіби деңгейі жоғары, бойында Отансүйгіш қасиеті жалындаған,  антына адал офицерлердің санын арттыруды мақсат қойып отыр.
     Бүгінгі әңгімемізді Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, «Офицер — бұл Әскердің абыройы! Офицер —  мемлекеттік қызметкер ғана емес, ол көптеген адамдардың өмірі сеніммен тапсырылатын мемлекет адамы», деген сөзімен аяқтай келе, бітіруші түлектер мемлекеттік аттестациялық емтиханнан сүрінбей өтіп, Егеменді еліміздің Айбынды Армиясының адал офицері болсын деп тілек білдіремін.

Ербол АЛИБАЕВ,
РЭжБӘИИ баспасө қызметінің бастығы
 запастағы майор

 

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.