Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЙДЫННЫҢ АСҚАН АСУЫ

05.05.2018
КҮЛТӨБЕ
АЙДЫННЫҢ АСҚАН АСУЫ
WhatsAppTelegramFacebook

   Отанды қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ол тек қана қанды қырғын, шабуыл-шайқаспен ғана өтелмесі белгілі. Олай ойлаудың өзі білместік болар. Еліміздің күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға болатынын көзімізбен көріп жүрміз. Қазақ елі – әуелден жауынгер, намысшыл, ұлтжанды халық қой. Сондықтан ешқашанда рухты азаматтарға кенде болған емес, болмайды да. Бүгінгі біз айтқалы отырған әңгіме соның жарқын дәлелі.

 

   Иә, қолына фотоаппаратын ұстап қалт еткен сәттерді көзден таса қылмайтын «Талдықорған» газетінің фотографы Айдын Нұршановты қайта әскерге шақырғанын естігенде елең ете қалдық. Неге десеңіз, кеше ғана Отан алдындағы борышын өтеп келген жас жігіттің тәжірибесіне әскер басшыларының иек артарына сеніңкіремедік. Бізге әскердегі қызықты оқиғаларын баяндағанда шындығына күмәнмен қарап, күлетінбіз. Автоматты      8 секундта шашатын мергеннің бүгінде фотограф болып жүргені біртүрлі һәм көзге қораш көрінетіндей. Сөйтсек, нысанасынан мүлт кетпейтін сарбаз суретте де соны пайдаланады екен. Шынымен де объектіге дәл тигізу яки мүлт кетпеу жауынгер мен фотографтың басты міндеті. Оны о бастан түйсінген Айдынның айдарынан жел есіп тұр. Естеріңізде болса, 2015 жылы елімізде алғаш рет аумақтық әскер құрылған болатын. Биылғы өтетін республикалық парадқа сол аумақтық әскерлер де өз өнерлерін ортаға салмақ. Отардағы 40-шы әскери базада борышын өтеп жүрген сарбаздарға Айдын сияқты іске шебер жігіттермен тәжірибе алмасу керек болған.
– Мен Шымкент қаласындағы 6698 әскери бөлімінде 1 жыл болдым. Онда жауынгерлігіммен ерекше көзге түскен болуым керек командирлер қалуымды өтінді. Содан қараша айында Қаракемерде сержанттық курста 2 ай оқып, бөлімше командирі атандым. Өкінішке қарай, дайындық кезінде сол қолым сынып, үйге қайтуға тура келді, – дейді өз сөзінде Айдын Мырзаханұлы.
    Отбасында ортаншы ұлдың орны қашанда бөлек. Әкесі Мырзахан Нұршанов пен анасы Алмагүл Тұрарованың берген тәрбиесі көзге бірден ұрып тұр. Отанға деген сүйіспеншілігі адамды тамсандырмай қоймайды. Жауапкершіліктен  ешқашанда қашқан емес. 5 жылда бір рет өтетін жауынгерлік парадқа белсене қатысып, өз үлесін қоспақ ниетте. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 14 облыс әкіміне Ту табыстайтын сәттің куәсі болмақ. Ел мүддесін өз мүддесінен биік қойған азаматтың ерлігі көпке үлгі болары анық.
   Қай уақытта да Отан үшін аянбай еңбек ету, Қарулы Күштің қатарын толықтыру – патриоттық іс. Ерлік ешқашан  ұмытылмайды, жылдар өткен сайын оның мәртебесі өсе түсері ақиқат. Бүгінде тәуелсіз мемлекеттің маңызды нышандарының бірі – төл Қарулы Күштерімізді құра алғандығы. Егемендіктің алғашқы кезеңінде мемлекет әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасының негізі қаланды. Жалпы әрбір ер-азаматқа әскерге бару Отан алдындағы борыш саналады.
   Осы орайда айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Жалпы заң бойынша 18 бен 27 жас аралығындағы азамат  Отан алдындағы борышын өтеуге құқылы. Соны естен шығармаған абзал. Тек әскерден денсаулығы жарамсыз, балалы болғандар  ғана босатылады. Негізінде сарбаздың техникалық білімі, тепсе темір үзетін денсаулығы болуы – оны әскерге жарамды ететін шарттардың ең негізгілері.
   Отан үшін отқа түскен батырларымыздан бері қарайғы кезеңде, өткен ғасырдың басында Алаш арыстары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының елдігін, мемлекеттігін сақтап қалу жолында жан қиды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ жауынгерлері патриоттықтың озық үлгісін танытып, өзге ұлттардың алдында еңсесі биік тұрды. Бірақ мұнымен Кеңес өкіметінің қайғылы тарих беттері біткен жоқ. Он бес елді бір тудың астына біріктірген Қызыл империя құрдымға кетерден бұрын Кеңес әскерін Ауғанстан жеріне кіргізген болатын. Қайсарлығы қанында бар қазақ жігіттері майданның алғы шебінен табылды. Қазір, құдайға шүкір, бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз.
   Қазақтың: «Тәрбие – тал бесіктен» деген тәтті тәмсілі бар. Түйсінген жанға терең тағылым. Отан үшін отқа түсетін ұрпақ өсіру баба серті. Қашанда ата аманаты болып қалған ұлан-байтақ қазақ даласын аман сақтап, бейбіт күнде баянды тіршілік ету алдымен тәрбиеге байланысты. Сондықтан Отан алдындағы борышты әскери билет үшін емес, әр азамат өз парызым деп түсінгені абзал. Біз дайым Айдын сияқты патриот жігіттердің көп болғанын қалаймыз.

Мұхтар КҮМІСБЕК.
 

Қатысты жаңалықтар

АХАТ қызметіндегі цифрландыру

АХАТ қызметіндегі цифрландыру

06.03.2026
Елімізде жарты миллионға жуық педагог-әйел еңбек етеді

Елімізде жарты миллионға жуық педагог-әйел еңбек етеді

06.03.2026
«Қай ғұлама пәрмен берді?». Логотиптегі өзгеріс

«Қай ғұлама пәрмен берді?». Логотиптегі өзгеріс

06.03.2026
Балқаш жағалауындағы жаңа демалыс орындары: Жетісуда үш коммуналдық жағажай ашылады

Балқаш жағалауындағы жаңа демалыс орындары: Жетісуда үш коммуналдық жағажай ашылады

06.03.2026
Медицина қызметкері марапатталды

Медицина қызметкері марапатталды

06.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.