Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҒАСЫРҒА АЯҚ БАСҚАН АРДАГЕР

05.05.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

    Жүзге келген кісілерді үлкендер «Жарықтық, олардың сүйектері асыл ғой» деп жататын. Бүгінгі әңгімемізге арқау еткен атамыз Байтұма Тұраров сондай адам. Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақ КСР және КСРО Халық ағарту қызметтерінің озаты. Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері.

 

    Байтұма ата Райымбек ауданы Шалкөде өңірінде дүниеге келді. Сексенінші жылдардың ортасынан бері оңтүстік астана – Алматының тұрғыны. Тоқсан тоғыздың сеңгіріне шығып, жүз жастың биігіне аяқ басты.
    Шынар апа екеуінен төрт ұл, үш қыз өрбіген. Олардың ішінен Нұрболаты жастай қайтыс болыпты. Зайыбы мен қызы Аян бертінде дүниеден озды. Атамыздың шүкіршілік ететіні, Аян қызының арты жақсы. Жиендері үлкен азаматтар атанып, айтулы дәрежеге жетті, өркендеп өсті. Ал, Баяны мен Мирасы, Нұрқоныс, Кенжеболат, Мирғалымдары қасында. Бәрі бір-бір шаңырақтың иесі. Ілгері басқан берекелі әулеттер.
   Қырқыншы жылдардағы алапат соғыстан денесіне оқ дарытпай келгендер өте сирек. Сондай сиректің бірі – Байтұма ата. Бұған қарап майданнан алыста, әскери кеңседе қағаз толтырумен ғана айналысқан шығар деп ойламаңыздар. Ол кісі соғыстың алғашқы күнінен соңғы сәтіне дейін, тура бес жыл кескілескен ұрыстың бел ортасында жүрді.
   1939 жылы кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылды. Украинаның астанасы Киев қаласында болды. Орыс тілін жақсы білетін, математикаға жүйрік, қабілетті жас командирлер назарынан тыс қалған жоқ. Білікті сарбаздарды іріктеп әуе шабуылына қарсы күресетін прожектор полкының құрамына қосады. Осы саланы жетік меңгеру тапсырылады. Өйткені бір алапаттың жақындап қалғаны барлығына белгілі еді.
– Бізге жүктелген міндет өте күрделі болды. Алып прожектормен қара түнді қақ жарып, жаудың ұшақтарын іздейміз. Бәрін дәл есептеуің керек. Ұшақтардың қандай қашықтықта жүргенін айтып беру де біздің міндетіміз. Егер мүлт кетсең, жау ұшақтары аяусыз бомбалайды. Көзге көрінбей аспанға түнде көтерілетіні сондықтан. Оларға жарық түсіріп, ұстап алу үшін жанымызды саламыз. Прожектордың өткір сәулесінен жау ұшқышының көзі қарықса, бағытынан айырылады. Біздің зенитші-пулеметші жауынгерлердің нысанасына ілігеді. Осыдан кейін екі жақтың кескілескен ұрыстары басталады.
   Бомбалаушылардың алдында жаудың ұшқыр қимылдайтын ұшақтары жүреді. Олар ең алдымен өздеріне қауіп төндіретін прожекторларды көздейді. Бізді талқандауға тырысады. Кейде солай болады да. Амал не, соғыстың аты соғыс?!  
   Алғашқы кезеңдерде прожекторда кілең жігіттер болдық. Кейін қатарымыз сиреп, олардың орнын қыздар ауыстырды. Бойжеткендерге де команда бердік. Бүкіл майданды біз бірге араладық. Суыққа да тоңдық, аш та қалдық. Айдай жүздері жарқыраған ару қыздарымызды солдат шинеліне орап, жер қойнына тапсырдық. Бұдан артық қандай қасірет бар?! – дейді майдангер ата ерекше толқып.
   1947 жылы он екі мүшесі сау, кеудесіне майдан марапаттарын таққан, жол қапшығын арқалаған жауынгер жігіт түн ортасында ауылдағы жатаған қоржын там үйдің терезесін қағып тұрды. Жақсылық хабарды күтуден жалықпаған әке әдеттегідей ояу жатқан. Жүрегі лүпілдеп далаға атып шықты. Жымия қарап баласы Байтұма тұр. Ұзын бойлы, қапсағай денелі Тұрар қария ұлын қапсыра құшақтады…
   Аңсаған жолға түсуіне нәсіп еткен тағдырына Байтұма ата дән риза. Шәкірт тәрбиелеуден ешқашан шаршаған емес. Қайта бұл жұмыс жанын шабыттандыратын. Оқушылардың арасында болу үшін мектепке қарай асығушы еді. Аудандағы ең атақты математик мұғалім атануының басты сыры осында деп білеміз.
   Шалкөдеден түлеп ұшқан математика ғылымдарының докторы Аужан Сақабековтың мұндай үлкен дәрежеге жетуіне ұстазының қосқан үлесі зор. Байтұма атаның шекпенінен шыққан осы тектес шәкірттерін санасақ, тізімдері өте көп. Барлығы қарт майдангерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтауды ұмытпайды. Арнайы ат басын бұрып, сәлем беріп тұрмаса көңілдері көншімейтінін өздері де біледі. Ұстаз үшін өмірдегі марапаттың ең үлкені осы!
   Зейнеткерлік жастан кейін Байтұма ата мұғалім ретінде мектептің есігін қайтадан ашқан жоқ. «Тағы бір-екі жыл болсаңыз» дегендерге «Мен тәрбиелеген, мен өсірген зерделі ізбасарларым осында да аз емес. Өздеріңмен бірге жүр. Сондықтан мені орталарыңда бар деп есептеңдер» деген екен. Расында солай. Күні бүгінге дейін Шалкөде орта мектебі Райымбек ауданында математиктер дайындаудан көш басынан көрініп келеді. Берік қалыптасқан Байтұма атаның ақ жолы ары қарай сәтімен жалғасып жатыр.
– Әкеміз өте еңбексүйгіш адам. Мінезі сондай жұмсақ. Сабырлы да қарапайым. Оқудан, ізденуден қолы босамайтын. Мұғалімнің әр сабағы ашық сабақтың деңгейінде болуға тиіс деп ұғатын. Оның барлық өнегесін өзі көрсететін. Менің де, барша шәкірттерінің де, қызметтес  әріптестерінің де беретін бағасы осындай, – дейді баласы Кенжеболат аға.
   Ғасырды алқымдаған қария шөбересінің қолынан су ішті. Ондай биікке көтерілу әрбір адам үшін арман. Десек те балалары, үрім-бұтағы аталарының енді жүзге келгенін көргісі келеді.
– Ата, жүзге келіңіз! – дейді бүлдіршіндері мойнынан құшақтап.
– Сендер айтқан соң міндетті түрде келемін. Сұрағандарың да көп емес, бір-ақ жыл. Сондықтан, жүзге жетпесем ұят емес пе?! – деп әдемі әзілімен балаларын күлкіге қарық қылады. Тоқсан тоғыздағы қарияның бүлдіршіндермен қосылып күлгені де сүйкімді. Ата қуанышының сәбидің шаттығындай мөлдір екенін сол кезде анық аңғарасың.

Болат МӘЖИТ,
Алматы.

Қатысты жаңалықтар

АХАТ қызметіндегі цифрландыру

АХАТ қызметіндегі цифрландыру

06.03.2026
Елімізде жарты миллионға жуық педагог-әйел еңбек етеді

Елімізде жарты миллионға жуық педагог-әйел еңбек етеді

06.03.2026
«Қай ғұлама пәрмен берді?». Логотиптегі өзгеріс

«Қай ғұлама пәрмен берді?». Логотиптегі өзгеріс

06.03.2026
Балқаш жағалауындағы жаңа демалыс орындары: Жетісуда үш коммуналдық жағажай ашылады

Балқаш жағалауындағы жаңа демалыс орындары: Жетісуда үш коммуналдық жағажай ашылады

06.03.2026
Медицина қызметкері марапатталды

Медицина қызметкері марапатталды

06.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.