Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

27 сәуір 2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
WhatsAppTelegramFacebook

    Талдықорғандағы «Жастар» спорт кешенінде голбол спортынан облыстың ашық чемпионаты өтті. Жарыс облыстық спорт басқармасы, «Жетісу-Шабыты» мүгедектер қоғамдық бірлестігі және қаладағы мешіт қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өңірімізде тұңғыш рет жалауын желбіретіп отыр. Көру қабілеті төмен жандар арасындағы айтулы бәсекеге бес аудан, екі қала және Атырау мен Оңтүстік Қазақстан облысынан жетпіске жуық спортшы қатысты. 

 

   Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Алмат Үшкемпіров:
– Елбасымыз өзінің жолдауында 2020 жылға дейін қазақстандықтардың отыз пайызын дене шынықтыру мен спортқа тарту керек екендігін айтқан. Біз бұл межеге жету мақсатында алдағы уақытта  осындай жарыстарды көбірек өткізетін боламыз, — дей келе қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, жарысты ашық деп жариялады. 
   Осыдан кейін Талдықорған қаласы орталық Иман мешітінің наиб имамы Керімбек Даутов салауатты өмір салтын насихаттау барысында ұйымдастырылып отырған шараның маңызы зор екендігін айтты. Сонымен қатар спортпен шұғылдану (садақ ату, суда жүзу, күрес) да пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүйікті амалы болғандығын жеткізіп, додаға түскелі тұрған спортшыларға сәттілік тіледі. 
   Голбол – сезімтал болуды талап етеді. Бұл Европа елдерінде жақсы дамыған спорттың бір түрі. Қазақстанда 2015 жылдан бері даму үстінде. Мұнда ойыншылар допты мүлде көрмейді, тек оның сылдыры арқылы ғана доптың қай бағытта келе жатқандығын болжап бағады. Үш ойыншыдан құралған әр команданың мақсаты – қарсыластарының қақпасына допты өткізу. Командалар жарыстың басталуын асыға күтті. Спортшылар мейлінше жақсы өнер көрсетуге тырысып бақты. Нәтижесінде, ұпай жағынан өзгелерден басым түскен Қарасай ауданының спортшылары топ жарды. Ал, екінші орын алматылықтарға бұйырса, Талғар ауданының намысын қорғап келген голболшылар үшінші орыннан көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, кубок, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Данияр САҒЫНДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

4 қараша 2026
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

4 қараша 2026
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

4 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.