Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мал шаруашылығы өркендейді

25.04.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Үкімет басшысы Бақытжан САҒЫНТАЕВ   Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасына етті мал шаруашылығын дамыту бойынша шаралар енгізуді тапсырды. Бұл туралы кезекті өткен Үкімет отырысында айтылды. Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері – «Астана-1» ААЖ жобасын іске асыру, медициналық жабдықтарды сатып алу, бірыңғай номенклатура қалыптастыру және сервистік қызмет көрсету мәселелері де осы жиында сөз болды.

ҚР Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев ауылшаруашылығы саласының стратегиялық даму бағыттарына сараптама жасалып, нәтижесінде ауылшаруашығы өнімдерін экспортқа бағыттау және импортты алмастыруға бағытталған он бес басым бағыт анықталғанын айтып өтті. Бағдарламаны жүзеге асыру фермерлер класын құруға ықпал етпек. Бағдарлама аясында фермерлік шаруашылықтардың саны өсіп, ауыл тұрғындарына жұмыс орындарын ұлғайтуға, сондай-ақ, ірі қара мал басын көбейтіп, сиыр және қой еті өндірісін арттыруға жол ашылмақ. Экспорттан түсетін пайда көлемі көбейіп, еңбек өнімділігі жақсармақ. Асыл тұқымды мал басын көбейту осы бағдарламаның негізгі шарты. Азық өндіру, оның ішінде суармалы жерлердің маңайына мал бордақылау алаңдарын шоғырландыру көзделеді. 
Арман Қайратұлы типтік фермерлік шаруашылықтарды қаржыландыру тетіктерін айтып, жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын салу шығындары әкімдіктер арқылы берілетін инвестициялық субсидиялар есебінен жабылатынын мәлімдеді. Бағдарлама ауылшаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік бермек. ҚР АШМ етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың нақты міндеттері мен мерзімдері көрсетілген Жол картасын әзірлеген. Жол картасын АӨК-ті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізу ұсынылды. Бағдарламаның негізгі міндеті – шаруа қожалықтарын дамыту.   
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Мәлелов өз хабарламасында «ҚазАгро» құрылымы арқылы жаңа бағдарламаны іске асыру аясында фермерлік шаруашылықтарды, шағын бизнес субъектілерін қаржыландыру жоспарланғанын атап өтті. Осылайша фермерлер малды одан әрі көбейтіп, өсіру үшін төлдейтін мал сатып алуға, ауылшаруашылығы техникасын және мал азығы өндірісіне қажет  жабдықтар сатып алуға, мал ұстайтын орындарды салуға, айналым қаражаттарын толықтыруға және бизнес жүргізуге қажет өзге де мақсаттарға 15 жыл мерзімге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау-  ды ескере отырып, жылына      4 пайызға несие ала алады. 
Биыл фермерлерді қаржыландыруға шамамен 50 млрд. теңге бағыттау жоспарланған. Бағдарламаның тұжырымдамасы Дүниежүзілік банк, Азия даму банк сияқты халықаралық ұйымдар сарапшыларының қатысуымен әзірленген, олар өз қаражаттарын тарту арқылы Бағдарламаны іске асыруға белсенді түрде атсалыспақ. «Атамекен» ҰКП басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов  жаңа бағдарлама мал шаруашылығын дамытуға оң әсерін тигізетінін мәлімдеді. 
– Жаңа үлкен нарықтар ашылып жатқандықтан тиісті органдармен жоспарланған іс-шараларға қатысты барлық мәселені тағы бір рет талқылау қажет. АӨК-ті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында етті мал шаруашылығын дамыту бойынша кешенді шаралар қаралуы тиіс, – деді Бақытжан Әбдірұлы. 
ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, БҰҰ ЮНКТАД-пен бірлесіп «Астана-1» ақпараттық жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндай жобалардың бірі – «Бірыңғай терезе». Мамыр айында «Бірыңғай терезе» порталын және оның компоненттерін пилоттық режимде іске қосу жоспарланған. Кедендік рәсімдерді жүргізуді жылдамдатудың маңызды бағыты – физикалық инфрақұрылымды дамыту. Аталған бағытта барлық автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жоспарланған. 
«Қазақстан – Қытай шекарасында «Нұр жолы» жаңа өткізу пунктінің құрылысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша жүріп жатыр. Құрылысты аяқтау мерзімі 2018 жылдың маусым айы. Қалған 8 автомобиль өткiзу пункттерінің реконструкциясын ҚХР-дан жеңілдетілген үкіметтік қарыз тарту есебінен жүзеге асыру көзделген, – деді Бақыт Тұрлыханұлы. 
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ақпараттандыру туралы» Заңға сәйкес «Астана-1» ақпараттық жүйесін құру туралы техникалық міндет бекітілгенін айтып өтті. Осы жылдың сәуір айында «Астана-1» ақпараттық жүйесі мен оны «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қорымен ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылған. Жол картасы әзірленіп, бекітілген. Оның аясында талап етілетін құжаттар саны азайып, қызмет көрсету мерзімі 26 жұмыс күнінен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылған, сондай-ақ, атқарылатын жұмыс жартылай автоматтандырудан толық автоматтандыруға көшіріледі. Бүгінде     63 кеден бекеті жердегі байланыс арналары арқылы, 8 өткізу бекеті спутниктік байланыс арқылы желіге қосылған. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов «Астана-1» АЖ-ны енгізу саласындағы мәселелер мен оның бизнеске тигізер пайдасы туралы айтып берді.
Сондай-ақ, жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында медициналық техниканың ұлттық базасының құрылатынын мәлімдеді.

 

Айгүл Байбосынова,
“Жетісу”

 

Қатысты жаңалықтар

АХАТ қызметіндегі цифрландыру

АХАТ қызметіндегі цифрландыру

06.03.2026
Елімізде жарты миллионға жуық педагог-әйел еңбек етеді

Елімізде жарты миллионға жуық педагог-әйел еңбек етеді

06.03.2026
«Қай ғұлама пәрмен берді?». Логотиптегі өзгеріс

«Қай ғұлама пәрмен берді?». Логотиптегі өзгеріс

06.03.2026
Балқаш жағалауындағы жаңа демалыс орындары: Жетісуда үш коммуналдық жағажай ашылады

Балқаш жағалауындағы жаңа демалыс орындары: Жетісуда үш коммуналдық жағажай ашылады

06.03.2026
Медицина қызметкері марапатталды

Медицина қызметкері марапатталды

06.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.