Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАУЫРЛАС ЕЛМЕН БАЙЛАНЫС жаңа деңгейде жанданады

15.04.2018
КҮЛТӨБЕ
БАУЫРЛАС ЕЛМЕН БАЙЛАНЫС жаңа деңгейде жанданады
WhatsAppTelegramFacebook

Өңір делегациясын бастаған облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ  ресми сапармен Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласына барды. Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайда қонақтарды Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев қарсы алды.

Қонақтар алдымен Төле би кесенесінде болды. Мұнан соң облыс басшысы «Ташкент трактор зауыты» ААҚ-да болып, «Өзагротехмаш» холдингтік компаниясы шығарған агротехникамен танысты. Алматы облысының аграрлық өңір екенін ескерген өзбек кәсіпкерлері трактор техникаларын ауылшаруашылығында қолдану тиімділігін жан-жақты  қамтып көрсетті.
Облыс әкімі Жетісу өлкесінде астық жинау желісін ашу жоспары барын Өзбекстан Вице-премьері Нодир Отажоновпен және «Өзагротехмаш» ХК басқарма төрағасы Мұрат Каримовпен болған екіжақты кездесуде айтты.
– Қазақстан – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бірі. Сонымен қатар, біздің өңір ҚХР ауқымды нарығына апаратын қақпа.  Біз сіздерді барлық инфрақұрылымы тартылған «Талдықорған» индустриалды аймағынан жинақтау цехын ашуға шақырамыз. Бұл орайда айта кетерлігі, ТМД-дағы бірден-бір құрғақ порт та біздің облыста орналасқан. Бұл өнімдеріңізді өзге елдерге қысқа мерзімде жеткізуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Амандық Баталов.
Вице-премьер Нодир Отажонов Өзбекстанда техника шығару ісі дамып келе жатқандықтан облыс әкімінің бұл ұсынысы қызығушылық туғызғанын айтты. Мәселен,  холдинг өткен жылы 1,5 мың бірлік техника шығарса, биыл бұл көрсеткіш 6 мыңға жетпек.    Н. Отажоновтың пікірінше, бұл сыртқы нарыққа шығудың да қажеттігін көрсетіп отыр. Ол үшін өзбек тарапы жақын арада нарық мүмкіндіктерін бағалап көру үшін Алматы облысына өз өкілдерін жіберуге ниетті екендіктерін айтты.
– Бізде Қазақстанмен бірігіп жүзеге асырғымыз келетін жобалар өте көп. Бүгін Алматы облысының әкімі тарапынан айтылған нақты ұсыныс сол жобалардың іс жүзінде жүзеге асырылуына ықпалын тигізуі мүмкін, – деді Өзбекстан Вице-премьері.
Екі елдің инвестициялық әлеуеті Қазақстанның Өзбек-   стандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған шарада жалғасын тапты. Бауырлас елдің іскерлік компаниялары өзара кездесті.
– 2018 жылды Президенттеріміз «Өзбекстанның Қазақстандағы жылы» деп жариялады, бұл өз кезегінде бауырлас екі мемлекеттің өзара байланысын жаңа деңгейге көтеретініне сенімдіміз. Алматы облысы – Қазақстан Республикасындағы табиғи байлығы мол, инвестициялық климаты қолайлы аймақтардың бірі. Осы кездесулер арқылы екі жақтың кәсіпкерлері өзара тиімді серіктестік қатынастарын дамытудың жаңа бағыттарын ашады деген үміттеміз. Осы ретте облыстың Өзбекстанмен сыртқы тауар айналымы 2017 жылы 36 млн. АҚШ долларын құрағанын атап өту керек. Алматы облысынан Өзбекстанға шығарылған экспорт 15,8 млн. АҚШ доллары болса, импорт 20,2 млн. АҚШ долларына жеткен. Өзбекстаннан бізге минералды тыңайтқыштар, моторлы көлік құралдары,  жеміс-жидектер, басқа да ауылшаруашылығы өнімдері жеткізіледі. Екі ел арасындағы бауырластық, көршілік қарым-қатынастардың жарқын мысалдары экономика, ғылым мен мәдениет салаларында да бар. Бүгінгі кездесу Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасының көпқырлы байланыстарын одан әрі нығайтып, кеңейтеді деген сенімдемін, – деді облыс әкімі.
Сапар аясында «Түркістан» концерт залында жетісулық өнерпаздар қазақтың ән-жырынан шашу шашты. 900 орынды зал көрермендерге лық толды. Концерттік бағдарламамен қатар ташкенттік тұрғындарға қолөнершілердің бұйымдары мен қылқалам шеберлерінің туындылары, сондай-ақ, Алматы облысының туристік потенциалын танытатын көрме ұсынылды.
Бір жарым сағатқа созылған концертте сөз алған Өзбекстанның Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Озодбек Назарбеков өнерде шекара жоқ екенін, Жетісу әртістерінің жоғары кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, өңірдің рухани байлығын паш ете білгенін атап өтті.
Алматы облысы делегациясының Өзбекстандағы сапары жексенбіге дейін жалғасады. Облыс өкілдері Өзбекстанның бірқатар қалаларында болып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырады деп күтілуде.

 

Алматы облысы әкімінің
баспасөз қызметі

 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.