Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚОС АРЫС

06.04.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

    Облыстық «Жетісу» газетіне бас редактордың идеология жөніндегі орынбасары болып орда бұзар аталатын отыз жасымда келдім. Бұл 1964 жыл еді. Ол жүгері жаршысы, айғайшыл патша Никитаның шет-шегі жоқ шаруашылық өзгерістерінен ел есін енді ғана жинап, тәрбие мәселесіне, өткен тарихына, даңқты дәстүрлеріне көңіл бөле бастаған кезі еді. Сталиндік зұлмат жылдары жазықсыз жалаға ұшырап, құрбан болған арыстардың көген түбіндегі көне көзіндей қуғын-сүргіннен аман оралған ардагерлер қанаттас қайраткерлерін жұрттың жадында қайта тірілтіп, ақтау үшін естеліктер жазып, газет-журналдарды жиі аралайды. Солардың біразы бізге де келетін.

 

    Көбіне-көп газеттің насихат жағына жетекшілік ететін маған жиірек соғып, естеліктер айтып шер тарқатады. Олармен әрбір әңгіме-дүкен өз алдына бір тарихи мектеп еді. Әсіресе, Ақтөбе, Орал, Қарағанды облкомдарының хатшысы болып тұрып нақақ сотталған Мақай Жүнісов, Шәріп Өтепов, Рақымалы Байжарасов және алматылық ардагер Хұсайынбек Әміров көзі енді ашылып, бұрқана бастаған бұлақтай түпсіз шежіре жандар еді. Бір келгенінде орыс басылымдарын көбірек күйттейтін Хұсекең қария:
– «Огни Алатау» басылымындағы әріптестерің бастауын соноу «Заря Свободы» газетінен алғалы жатыр ғой. Алғаш Кеңес өкіметі орнаған тұста осы Алматыда қазақша-ұйғырша аралас «Жетісу ісші халық мұхбыры» деген де газет шыққан. Сендер де бастауларыңды содан алғандарың абзал болар, – деді.
    Бірден елең еткізген бұл жаңалықты мен әуелі әріптесім әрі ақылшым, бірінші орынбасар Кәкімжан Қазыбаевқа айттым. Ол да қуанып қалды. Іле екеуміз бас редакторымыз Әбдуәли Қарағұловқа кіріп, игі хабарды жеткіздік. Көпті көрген қарт қаламгер, тәжірибелі тарлан аз-кем ойланып отырды да:
– Дұрыс екен. Бірақ ол газеттің алғашқы сандарын табу керек. Ол үшін архив ақтаруға тура келеді. Оған қайсың барасың? Мемархивтің анықтамасы міндетті түрде керек. Кәне… – деп екеумізге кезек қарады. Сосын: – Өзің бастаған екенсің, өзің жеріне жеткіз енді, – деп маған қарап жымиды.
   Сөйтіп, мемлекеттік мұрағатқа барып, сирек басылымдар бөлімінде отырып, сарғайып сартап болған көне газеттерді саралауға кірістім. Сәтті болар іс өз-өзінен оратыла кетеді ғой. Дес бергенде «Мұхбырдың» тұңғыш нөмірі бар тікпесі қолыма түсті. Қуанышым қойныма сыймағаны соншалық, тікпені көтеріп ай-шай жоқ жүгіріп, Мемархивтің бас директоры, атақты ғалым, айтулы партия қайраткері Серікбай Бейсенбаевтың алдына кіріп бардым. Жағдайымды түсінген кеңпейіл көшелі азамат:
– Келін ұл сыйлағандай қуаныштысың ғой. Кәне, таптың ба? – деп қолын созды. Алдына тігіндіні жайып қойып, көзін жүгіртіп алғашқы санынан бастап, «Мұхбырды» шолып шықты да алдын ала мен дайындаған анықтаманың мұртын басып, қайта бастырып: «Саған да рақмет!» деп қолын қойып, мөрін басып берді.
Аржағы әдеттегі шаруа ғой. Осылай «Жетісу» газетінің маңдай тұсына «1918 жылдың 21 маусымынан шыға бастады» деп жазылды. Бұл 1967 жыл еді. Бір қызығы, ол тұста алғашқы екі газеттің де тұңғыш редакторларының көзі тірі болатын. Мына «Қос арыс» сол жылдары жазылған.
    Кешегісін қадірлей білмеген елдің бүгінгінің бағасына жетіп, ертеңін бағалай алуы қиын екенін енді түсінген кез еді ол. Н. Хрущевтің ию-қию өзгерістері тұсында ұмыт қалған даңқты дәстүрлер қайта қолға алынып, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің жиырма жылдығы атап өтілгеннен кейін ардагерлердің еңсесі көтеріліп, ерлік, еңбек салтымыз кеңінен насихаттала бастаған-ды. Онда ақ шашты ардагер ағаларымыз жастармен ғана емес, баспасөз қызметкерлерімен де жиі-жиі жүздесіп, редакцияларға бұрған ат ізін суытпайтын. Сол жылдары шапаты ғана арықша келген ашаң жүзді, ақ шашты бір адамды ара-тұра осы «Жетісу» редакциясынан ұшырататынмын. Бұл кісіні жұрт Рудольф Павлович деп жататын.
    Орыс тілін сәл сындыра сөйлейтін ол ашық-жарқын әңгіме-дүкен құрып, осы өлкенің арғы-бергі тарихынан сыр шертер еді. Жасы еңкейіп қалса да еңкіш тартпаған еңсесі тіп-тік, егде кісінің қажыр-қайратына қайран қалатынмын. Баяғы қария басқа да бөлмелерге кіріп, қызметкерлермен ылғи жылы ұшырай шүйіркелесе әңгімелесіп жүретін ұдайы. Сондықтан оны сексенде дегенге сенбегендейміз де. Бірақ уақыт  доңғалағы кері айнала ма, жылжыған жылдар өз дегенін жасайды ғой.
– Кеңес елі екінші Отаным десем де, Жетісу кіндік кесіп, кір жуған жерім сияқты. Себебі, өмірімнің үштен екісін осы өлкеде өткердім, – деуші еді Рудольф Павлович Маречек.
    Дүниені дүр сілкіндірген ұлы дауылдың алдында атамекенінен айдалып, Ресейге келіп қоныс тепкен революционер, чех жұмысшысының баласы адамзат тарихында тың парақтың бетін ашқан жаңа дәуірді құшақ жая қарсы алды. Бұл қуаныш оны жаңа қоғамның қабырғасын қалау жолындағы күреске құлшындырды. Алматыдағы алғашқы большевиктік газеттің редакторы болып тұңғыш қол қойған Р. Маречек ауыл-селоларды кеңестендіру сияқты игі іске жанының жалынын құйды. Қалың бұқараны бақытты өмір құруға шақырып, тап жауларына қарсы күреске үндеген «Заря свободы» газетінің әр нөмірінен-ақ жалынды  күрескердің жарқын ойлары сайрап жататын.
– Жетісуды жайлаған жалпақ елге, алуан ұлт еңбекшілеріне жұмысшы-шаруа көсемінің идеяларын жеткізу о тұстағы ең тұлғалы міндет болатын. Ал біздің газет болса, бір ғана орыс тілін білетіндердің игілігі еді. Сондықтан редакция жанынан қазақ бөлімін ашуды ұйғардық. Бұл бөлім бірер ай орысша газеттің беттерінде қазақша мақалалар да жариялап тұрды. Тұңғыш қазақ газетінің ұйтқысы да осы бөлім болды. Айтқандай, редакторының көзі тірі ғой. Аяулы досым менің Сабыржан Шәкіржанов осы астананың (Алматыны айтқаны – ред) өзінде тұрады, – деп еді Рудольф Павлович тамағын сәл кеней орыс тілін аздап сындыра сөйлеп. Галстугын түзеп қойып содан соң сауалымызға жауап бере бастайды.
   Шау тартқан сайын дос көңілдің шапағы күшейе түсе ме деймін. Арамыздағы ардагерлердің қайсысы болса да әңгімелесе қалсақ, алдымен досын ауызға алады. Соның еңбегін еңселірек санап отырады. Бұл да сол арнадан ауар емес.
    Араға біраз уақыт салып, сол досының, Сабыржан ағаның үйінде отырдық. Балуан тұлғалы, бүркіт қабақты шымыр адам бұл. Толық беті әжімін онша білдірмейді. Ашық қасқиған маңдайынан, иегінің үстіне ғана қиып қойған қысқа сақалына шейін ғажап бір келісім бар. Тек соқтықпалы соқпағы көп күрес күндерінің салмағы ауыр науқастың зардабы оның зердесіне әжім тастап кеткен. Сонан болар, ол тәп-тәуір өріліп келе жатқан әңгімесін кілт үзіп алып, арғы ағысынан жаңылып қала береді. Ондайда қызы, биология ғылымының кандидаты Мақсума: «Әти-ау, бұл былай емес пе еді?!» – деп жебеп жіберіп отырады. Сар желіп әңгіме желісін салдыртып жүре береді.
1918 жылғы маусымның басында Жетісу партия ұйымы қазақ тілінде газет шығару туралы шешім қабылдады. Жалынды большевик, дарынды шешен Тоқаш Бокин осының алдында ғана дұшпан қолынан қаза тапқан-ды. Ендігі редактор болар адам бұрыннан башқұрт, татар газеттеріне атсалысып, озық ойымен көзге түсіп үлгерген осы Сабыржан Шәкіржанов еді. Ол «Заря свободы» газеті жанындағы қазақ бөлімінде қызмет атқарып та, қаламының желі бар журналист екенін танытқан. Сондықтан тұңғыш ұлт газетін ұйымдастыру Сабыржан Шәкіржановқа жүктелді де орынбасары болып белгілі революционер С. Ғаббасов белгіленді.
   Жоқтан бар жасауға тура келді. Орыс газетіне қазақша жарияланар азын-аулақ мақалаларға деген әріп тұтас газеттің қарасын да көрмейді. Осыдан келіп алдында тәркіленген  алашорда баспаханасының базасын пайдалануға тура келді. Газетті көркемдеуші суретші деген онда атымен жоқ. Әйтеуір әуесқой суретші Ғариф Зейнуллалин қол үшін беріп, нөмір сайын бірер сурет жариялап тұруға жағдай туды. «Жетісу ісші халық мұқбыры» деген атпен шыққан басылым негізінен қазақша болғанымен онда қырғыз, өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде де материалдар жарияланып тұрды.
    Жарайды, газет те шықты. Ал ол оқырмандарына қалай жетпек керек? Хат танитын адамның саусақпен санарлықтай шағы. Бұл арада жаңа газеттің қызметкерлеріне қазақтар «кітапшы Ақметкерім» атап кеткен сатушы А. Зейнуллалин көмек қолын ұсынды. Оның шағын дүкенінің алды таң ата-ақ қырдан келген қазақтар мен қала кедейлеріне толып кетеді. Ақметкерім оларға күн сайын газеттің жаңалық хабарларын дауыстап оқып береді. Өзінің қолы тимей қалса, хат танитын басқа бір танысын жұмсайды. Осының бәрі жас газеттің жұрт арасында беделге жылдам ие болып, жедел тарауына игі ықпал етті.
   Газет жұмысына кейіннен большевиктер басшылық жасады. Әсіресе, Павел Виноградов, Ораз Жандосов оны ұдайы назарда ұстап отырды. Төңкеріс дұшпандарының іштен жегідей жеген әрекеттері істік ұшына шыққанда шиеленіскен жағдайды сабасына түсіргелі арнайы келген жалынды жазушы Дмитрий Фурмановтың газетке көмегі адам айтқысыз болыпты.
   Бір күні ол өзіне қазақ газетінің редакторын шақырып алады. Амандық-саулық сұрасқан ол:
– Жолдас Сабыржан Шәкіржанов: «Көмек» деген сөз дәл қазір екіұшты мағына беретін сияқты. Асылы, большевик газетінің кімге көмектесіп отырғаны айқын болуы керек ғой. Ендеше осыны неге өзгертпейміз. Лениннің «Искрасын» естіген боларсыз. Қазақша оны не дейді? – деп бұйра шашын бір сипап Дмитрий Андреевич белдігін түзеп қойды.
– «Искра» қазақша «ұшқын» деген сөз.
– Ұшқын! Естілуі жақсы екен. Дұрыс онда. Жалпы газеттің атын осылай атау абзал.
    Содан бастап Жетісу өлкесінің қазақ газеті «Ұшқын» атанады. Алғашқыда еңбекші халық өмірінің жаршысы болып ұйымдасып, жаңа қоғам құру жолында большевиктер көп көмек берген газет, енді болашақ ұшқыны сияқты шырайлана берді. Күн санап қабырғасы қатайып, бұғанасы бекіген газеті сияқты жас редактор да саяси жағынан шыңдалып, ой-өрісін нұрландыра берді. Бұл үшін үздіксіз ізденіп, ұдайы үйренумен болды. Ел арасындағы нелер асылды жиып халықтың ақыл-ойы ғасырлар бойы жинақтаған қымбат қазынаны қағазға түсіріп отырды. Сондай бір сапарда бойтұмар ғып мойнына асып жүрген бір келіншектің киелі деген кітабын бар тапқан-таянғанын беріп сатып алғаны бар. Сөйтсе хат танымайтын әйелдің Құран деп сыйынып жүрген кітабы Жоңғар хандығының заңдар кодексі болып шықты. Осындай ізденімпаздығы Сабыржан қария кейін ұстаздық жұмысқа ауысқанда молынан кәдеге асты.
Сәкен Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» кітабында келтіретін салт-сана, әдет-ғұрып жырларының «Шақыру, арбау, байлау, жырлары» атты тұтас бір бөлімін Іледегі Есік тұрғыны Абайдың аузынан жазып алған Сабыржан дейтін адамы дәл осы Шәкіржанов. Соның ішінде түйені қара құрт, жылан шаққанда айтылатын бір арбау бар.
Дау-дау,
Дауың бар ма түйемде?
Дауың болса түйемде,
Жүрші былай біреуге.
Құдай-тағала бақ берсе,
Төре тиер біздерге,
Орман таудың басында
Дегелек тұр сақылдап
Монтаны тұр тақылдап
Қара тұяқ басына
Шығайын деп тұр жақындап,
Шық, тәңірден қатты жарлық келді, – дейтін жолдарды оқығанда ұлтымыздың ұмыт бола бастаған салт-санасын кейінгі кенже ұрпаққа аманат етіп қалдыру үшін ардагер ағаларымыздың қаншалық тер төккенін аңғару қиын емес. Оның үстіне бұл жырлардың көркемдік кестесі қандай десейші?!
– Осы ұқыптылығым балаларымның бойына кішкенеден дарыған, – дейді ол сөз арасында.
    Шынында солай болса керек. Сабыржанның үлкен ұлы Жәудәт «Мұхбыр», «Көмек», «Ұшқынның» барлық нөмірін тігіп жүріп, әкесіне сыйлыққа деп бала күнінде киноға кіретін ақша алыпты. Оны Сәкең бертін архивке тапсырған көрінеді. Жалпы орталық, облыстық архивтердегі С. Шәкіржановтың қоры аса бай. Сол ұқыптылық оның балаларына ғылым жолына түскенде адастырмас жұлдыз болғанға ұқсайды. Жәудәті қазір Ригада тұрады. Балтық бойы елдеріндегі елеулі ғалымдардың бірі. Ал кейінгі ұлы Өзбек Шәкіржанов Алматыдағы машина жасау зауытын басқарды.
– Иә, армансыз адам жоқ десек те, ұлымды ұяға, қызымды қияға қондырып, солардың қызығын көріп жолға салып отырған жайымыз бар. Сонда да тойларыңа тік басып өз аяғыммен бара алмағаным  жаныма қатты батты, – деп жылап жіберді ол сөзінің аяғында.
Біз оны газеттің мүшел мерекесіне орай құттықтап, редактораттың шешімімен таныстырғалы барғанбыз. Тура сол тұста С. Шәкіржанов кеңес қоғамын нығайтуға сіңірген еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған еді. Аз-кем отырып алғашқы адымнан басталған алыс сапарымызды тағы бір шолғандай болдық. Жазулы хаттай зерделі қариялардың арамызда жүргеніне не жетсін, шіркін?! Бірақ «өлместі құдай жаратпайды, сынбасты ұста соқпайды» деген бар емес пе?! «Жетісудағы» алғашқы екі газеттің бастау көзінде болып, бастапқы нөмірлеріне қол қойған қос арыс Рудольф Павлович Маречек пен Сабыржан Шәкіржанов та өмірден өтті. Ал бізге сол ардагерлеріміздің көзін көріп, сөзін тыңдағанымыз бір ғанибет. 

Cарбас АҚТАЕВ,
«Парасат» орденінің иегері,
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты 

Қатысты жаңалықтар

Ырғайты ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Ырғайты ауылдық округінің әкімі тағайындалды

06.03.2026
Қызылащы ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Қызылащы ауылдық округінің әкімі тағайындалды

06.03.2026
Ирандағы жағдай әлемдік мұнай нарығына қалай әсер етеді?

Ирандағы жағдай әлемдік мұнай нарығына қалай әсер етеді?

06.03.2026
«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.