Талдықорған: +7°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

НАҚТЫ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

20 наурыз 2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

    Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен селекторлық отырыс өтті. Күн тәртібінде келелі екі мәселе қаралып, тақырып аясында нақты тапсырмалар беріліп, жауапкершілік жүктелді. Бірінші мәселе бойынша өңіріміздегі қала, аудандардағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, өткен жылғы атқарылған істері қорытындыланып, биылғы міндет, мақсаттары қаралды. Ал екінші мәселеде мемлекеттік рәміздердің аудан, қалаларда қолданылу жайы айтылды. Жиынға аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен рәміздер туралы комиссияның мүшелері қатысты.

 

     Өңірімізде үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс істейді. Дегенмен, жұмысы әлі қалыпқа түсе алмай жатқандары да жетерлік. Осы орайда Жақсылық Мұқашұлы үлкен қалалардағыдай мазмұнды шаралар өткізуді әлі үйрене алмағандарға тапсырма жүктеп, қателікті енді болдырмау қажеттігін қадап айтты. Алғашқы мәселе бойынша сөз алған Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Амандос Садырбаев үкіметтік емес ұйымдардың өткен жылғы көрсеткішінің көңіл қуантарлық екендігін баяндады. Ол өз сөзінде аудандағы қоғамдық бірлестіктердің өткізген шаралары мен жүзеге асырған жобалары жайында кеңінен айтып өтті. Бірақ баяндама соңынан аудандағы 16 үкіметтік емес ұйымның 6-уы ғана жұмыс атқаратындығы тілге тиек етіліп, себебі сұралды. Осыған орай баяндамашы қызмет белсенділігі төмен қоғамдық қорларды атап, олардың кемшілігін түзетуге күш салатынын айтып өтті. Олардың ішінде аудандық мешітті тұрғызу үшін құрылған ұйым, футбол федерациясының жастар құрамы, еркін күресті дамыту қоры, т.б. бар. Сондай-ақ Ақсуда соңғы бес жылда екі үкіметтік емес ұйым ғана құрылған. Мұның төмен көрсеткіш екенін жеткізген комиссия мүшелері жүйелі жұмыс жасау керектігін ескертті.  
    Келесі сөз кезегін алған Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Лепесов қаладағы үкіметтік емес ұйымдар қызметінің қарымын айтып, өткізілген шаралар тізбегімен таныстырды. Кеншілер қаласындағы қорлардың ойға қонымды, көңілге толымды жұмыстарына жоғары баға берілгенімен әлі де ауқымды шаралар өткізу керектігі ескертілді. 
    Келесі мәселе бойынша Мемлекеттік рәміздердің аудандарда қолданылу жайы тарқатылды. Осы орайда Еңбекшіқазақ, Талғар аудандық газеттерінің мемлекеттік, саяси ақпарат саласындағы атқарған жұмыстарына талдау жүргізіліп, нәтижесінде кейбір кемшіліктер анықталған. Жиынға қатысқан аталмыш газет редакторлары қателіктердің түзетіліп, кемшіліктердің жойылғанын жеткізді. 
    Тақырып бойынша алғашқы баяндама жасаған ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Маупашева басқарма мамандарының аудандарды аралап Мемлекеттік рәміздерді орналастыру бойынша әдістемелік көмек көрсеткендігін айтты. Облыстық комиссия Панфилов, Ұйғыр аудандарындағы Мемлекеттік рәміздердің заңды қолданылуымен танысу барысында бірқатар кемшіліктерді тапқан. Панфилов аудандық кәсіпкерлік бөлімінде Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба орналастыру ережесін бекіту туралы қаулыға сәйкес комиссия құрылмаған. Сондай-ақ, Ұйғыр ауданындағы, Шарын ауылдық орта мектебінде Мемлекеттік Ту тіпті орнатылмаған. Міне, осы кемшіліктерді жіберген аудан әкімдерінің орынбасарлары сөз алып, қателікті түзететіндігін, кейбір кемшіліктің орны толғанын жеткізді.
    Жиынды қорытындылаған Жақсылық Мұқашұлы жаһандық қатерлерге төтеп беретіндей мемлекет құру үшін аталған кемшіліктердің тіпті болмауы керектігін тілге тиек етіп, облыстық «Жетісу» телеарнасы мен облыстық газеттерде Мемлекеттік рәміздерді орналастыру бойынша кемшіліктерге орын берген аудандар мен қалалар жайында сыни мақалалардың жарық көруін тапсырды. Сондай-ақ, аудандарға Мемлекеттік рәміздер жайында арнайы бейнеролик дайындап, ел арасына насихаттау жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырма берді. 

Құралбек СӘБИТОВ.

 

 

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Бүгін, 20:13
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Бүгін, 20:05
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Бүгін, 18:00
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.