Талдықорған: +6°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫ» ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

20 наурыз 2018
КҮЛТӨБЕ
"ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫ" ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

     ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Тұмар» Ұлттық телевизиялық байқауын еліміздің ең сапалы, өзекті өнімін анықтау арқылы қазақстандық телевидениені дамыту, кәсіби мамандарды қолдау мақсатында бекіткен болатын. Қатарынан екінші рет өтіп отырған аталмыш бәйгеде Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы «Үздік өңірлік телеарна» номинациясын жеңіп алды. Осыған орай облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ «Жетісу» телеарнасына ат басын бұрып, журналистерді арнайы құттықтады.

 

     Бәйгеге 2017 жылы эфирге шыққан бірегей телевизиялық жобалар қатысып, оған ұлттық және аймақтық телекомпаниялар, студиялар, продюсерлік орталықтар және басқа да медиаөндіріс ұйымдары үміткер ретінде өнімдерін ұсынған болатын. Сан телеарна мен оның кіл жүйрік журналистері қатысқан байқауда жеңіс тұғырынан көрінген телеарна ұжымын құттықтап келген өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы:
– Ел үшін еткен еңбегіміз, төккен теріміз сіздер арқылы насихатталады. Экономикамызды дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, қоғамда заман талабына сай орын алып жатқан жайттарға дер кезінде тиісті көңіл бөліп, қордалы мәселелерді шешу бізге парыз болса, сіздерге оны талап деңгейінде насихаттау міндет болып саналады. Міне, бұл тұрғыдан отандық телеарналардың ішінде өзіндік орны бар «Жетісу» телеарнасының табысты еңбек етіп келе жатқаны бізге, жетісулықтарға аян, – дей келе «Жетісу» телеарнасының жетістігін шын жүректен құттықтап, бұл жеңістің барша жетісулықтарға ортақ екендігін атап өтті. «Қашанда осы бір тұғырдан танбай, билік пен бұқара арасында алтын көпір болып жүре беріңіздер», – деген ақжарма тілегін айтып, «Қарекет» бағдарламасының да үздік деп танылғанымен құттықтады. Қос қуаныш үшін арнайы сыйақы бөлінетіндігін де жеткізді. 
     Өз кезегінде «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек сөз алды. Ол:
– Арнайы келіп құттықтап жатқаныңыз үшін алғыс білдіреміз. «Жетісудың» жеңіске жетіп, отандық телеарналар ішінде биік тұғырдан көрінуі сіздің қамқорлығыңыздың арқасы  және бізге артылған сенім мен жауапкершілік. Соған орай аптасына 30 түрлі хабар тарататын өңірлік телеарнаның жұмысын жақсартып, сапасын арттыра түсуге күш салып, отандық үздік телеарналардың бестігіне кіруге тырысатын боламыз, – деді.
     Игі шара барысында өңір басшысы телеарнаның дамуына, жаңалықтардың көрерменге жоғары деңгейде жетуіне ерекше үлес  қосып жүрген Гүлжанат Мақұлжанова, Назгүл Досжан, Ақкөңіл Қабылбекова, Данияр Мұстафаев, Айдар Құсайынов пен Айбек Құттыбек сынды телеарна қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.
     Бұл орайда журналист Гүлжанат Мақұлжанова өңір басшысына деген ризашылығын айтып, журналистерге деген ерекше көңіліне, қамқорлығына дән риза екенін жеткізсе, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін тауанды тарихтағы айбарлы хандар салған мыңжылдық шаһарлардай сәулетті ғимараттарымен Талдықорғанның тотыдайын түрленіп келе жатқандығын тілге тиек етті. Осындай жерде қызмет етіп жатқан жалынды да дарынды азаматтар мен жақсылыққа жаршы болып жүрген журналистер қауымының биік белестен көрінбеуі мүмкін емес екендігін айтты. Мақтанғандық емес, облыстық «Жетісу» газетінің де еліміздегі өңірлік маңдайалды басылым екендігін айта келіп, алдағы «Огни Алатау» және «Жетісу» газеттерінің 100 жылдық мерейтойына орай баспанасыз жүрген журналистердің тұрғын үй жағдайын шешіп беруді өтінді.  Өңір басшысы аталмыш өтініштің шешімін табатындығын айтты!
     Үздік деректі кино, телевизиялық сериал, әлеуметтік жоба, ақпараттық бағдарлама, өңірлік телеарна сынды бірқатар номинация бойынша өткен бұл байқауда өңірдің тыныс-тіршілігін, экономикалық жағдайын сан қырынан көрсетіп, қоғамда орын алып жатқан түрлі жаңалықты жұртшылыққа сапалы түрде кеңінен насихаттап, «Болмыс», «Тұжырым», «Құтты қонақ» сынды бірақатар бағдарламалар арқылы көрермен көзайымына айналды. Сондықтан жергілікті телеарна үшін «Тұмар» ІІ Ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпазы атану – үлкен жетістік. Заман ағымына қарай халық сұранысы бойынша тың бағдарламалар жасап, тарихымызды тірілтуге, рухани байлықтарымызды терең зерттеп-зерделеуге айрықша ден қойып, оны насихаттауға күш салып отырған «Жетісу» телеарнасының әлі де талай белесті бағындыратынына сенімдіміз.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ.

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

3 қараша 2026
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

2 қараша 2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

2 қараша 2026
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

2 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.