Талдықорған: +1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Жаңғыруға бастар ізгі қадам

21.12.2017
ТҮПСАНА
Жаңғыруға бастар ізгі қадам
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың тұлпары шапса тұяғы тоза­тын, қыраны ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр даласына, құтты да қайырлы мекенге ежел­ден иелік еткен, еркіндік аңсаған ұлтымыздың ұлы да, ең асыл мұраты еңселі ел болып, әлемге қазақ деген жұрттың, Қазақстан атты мемлекеттің барын мойындату еді. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары сол ұлы мұрат орындалды. Қазақстан өз алдына дербес мемлекет атанды. Міне, одан да бері жылжып жылдар өтті. Ширек ғасырдан астам уақыт артта қалды. Қазақ елінің Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен замана көшіне ілескен қазақ елін төрткүл дүниенің төрт бұрышы түгел таныды, қаны бұзылмаған, қасиеті қашпаған қазақ деген өр мінезді ұлттың барын Біріккен Ұлттар Ұйымы төрінде отыратын алпауыт мемлекеттердің атақтары дардай басшылары да біліп, пікірімен санаса бастады.

Бағытын бағамдап, жеткенін саралап, барын бағалаған қашанда жүрісінен жаңылмайды, алға қойған мақсатын бағындырады дегендей, ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты деп білетін Тәуелсіздікке қол жеткізген хал­қы­мыз жылдан-жылға әлемге өзі­нің оң табыстарын, өзінің алға үздіксіз ілгерілеуін паш етіп келеді. Сондықтан да егемендігіміздің әрбiр жылының бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша. Ал Отанымыздың әрбір жетістігі – еліміздің әрбір азаматының мәртебелі мақтанышы. Біле білген адамға өмірдің әрбір сәті өнеге, әрбір кезеңі үлкен тәжірибе мектебі.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы кезеңдерінде экономикамызды сауықтырып, халықтың әл-ауқатын түзеп алуға аса мән берілді. Одан кейін әлемдік саяси сахнадағы орнымызды нақтылап алып, кейінгі жылдар рухани тұрғыда жаңғыруға жіті мән бере бастадық. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының арқасында жоғалта жаздаған асыл мұраларымызды қайта қалпына келтіріп, түгендедік. Енді міне Елбасының жарқын бастамасын басшылыққа алып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы азаматтардың санасы сілкініп, тілдің тұсауын шешіп, жадыны жаңғыртып, құндылықтарды қайта оралта бастадық.

Бүгінде әлемде төрткүл дүниедегі жаһанданудың әсер-ықпалы тимеген ел сирек шығар?! Ғасырлар тоғысында, жаңа мыңжылдық межесінде жалғыз Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем буырқанып, зор өзгерістерді басынан кешіруде. Осы көштен қалмауды мақсат еткен еліміз Тәуелсіздіктің 26 жылында кейбір мемлекеттер жүздеген жылда бағындырған асуларды абыроймен еңсеріп, биік белестерді бағындырдық.

Әрине, қазіргі ақпарат заманында кірпік қаққандай ғана уақыт болып саналатын жылдар барысында, жаһандық деңгейдегі жылдам өзгерулер мен мүлде жаңа жүйелердің қалыптасу кезеңін бастан кешіріп жатқан заманда, бүгінгінің қалыптасқан жүйесімен тоқтап қалмай, заман талабына сай келетін, дамыған елдермен терезесі тең мемлекет атануымыз біреулерге ертегі сынды көрінгенімен, бүгінгі күннің ақиқаты екенін көріп те, естіп те жүрміз. Енді осы биіктен аласармай, алға қарай қарыштай беру үшін үнемі жаңару мен жаңғыру жолында болуымыз қажет.

Тәуелсіз Қазақстанда мемлекеттік саясаттың табандылықпен, жүйелі де қарқынды жүргізіліп жатқандығының тағы бір нақты айғағы – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарық көруі. Рухани жаңғыру – халқымыздың рухани ке­мелденуі мен өсіп-өркендеуіне ықпал ететін, тарихымыз бен болмысымызды түгендейтін, ұлт­­тық салт-дәстүрімізді, тарихымыз бен әдебиетімізді басқаларға мойындатып, біліміміз бен бірегейлігімізді әлемге танытатын, ұлтқа серпін беріп, рухани жаңғыруына бастайтын бағдарламалық мақала, тың бағыт десек артық айтқандық бола қоймас.

Егемен елдің ұлттық рухын көтерудің маңызы зор. Бабалардан мирас болып, қанымызға сіңіп қалған ізгі қасиеттерді қай­та түлетуіміз қажет. Біз үшін ұлт­тық рухты көтеру – маңызды міндет. Ұлттық рух – ұлтжандылық, отан­шылдық, патриотизм, ол – мемлекетке адалдық, ол – қабылдаған заңдарға бағыну, бас ию. Міне, осы құндылықтарды жастардың бойына сіңіре білсек, онда құқықтық мәдениетті, Елбасы ерекше атап өткен ұлттық праг­ма­тизмді қалыптастыра алдық деп ауыз толтырып айтуымызға болады. Қоғамның экономикалық, əлеу­меттік, мəдени дамуы жақсы деңгейде болса, адамдардың сана-сезімі де соған сай биіктей береді, жоғары дəрежеде болады. «Ұлттық бірегейлікті сақтау және нығайту – көп қырлы әрі жауапты міндет. Оны лайықты деңгейде іске асыру жаһандық өзгерістер заманындағы тұрақты дамудың кепілі. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ұлттық бірегейлік пен қазақ жерін мекендеген ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ-бірлігін арттырудың өзіндік үлгісін қалыптастыра алды және бүгінгі таңда өзге мемлекеттер дамудың қазақстандық үлгісіне қызығушылық танытып, егжей-тегжейлі талдау жасауға кірісті.

Елдің тағдыры мен ер­теңі – мемле­кет құраушы ұлт ретінде қазақтың қолында бол­са, жарқын болашақтың ке­пілі болып табылатын тұ­рақ­тылық пен татулық, өзара түсіністік, құрмет пен сый­лас­тық Қазақстанды мекен ете­тін барлық ұлт өкілдерінің берекесі мен бірлігіне байланысты. Болашағынан үміті бар мемлекет бүгіні мен ертеңін бірдей ойлайды, өткенін саралап, келешегін болжайды, алдына ұлы мақсаттар қойып, соған жетуге ұмтылады. Бұл ретте азаттықты аңсаған ата-бабамыздың арманына қол жеткізген жас мемлекетіміз өз алдына үнемі биік мақсаттар қойып, асқақ белестерді бағындыруға талпыныста боларына күмәнім жоқ.

Мәңгілік ел болу үшін Елбасының «Рухани жаңғыру» стратегиясында айтылған ұлттық ерекшелігімізді сақтау, озық дәстүрлерді ұстану, кежегені кері тартып, дамуымызға тежеу болатын жаман әдеттерден арылу, бәсекеге қабілеттілікке, білімпаз болуға ұмтылу, сананың ашықтығы және басқа да қадір-қасиеттерді жас ұрпақ өз бойына мықтап сіңіруі қажет. Ұлттың құндылығы саналатын барлық інжу-маржандарымызды теріп, жинап, ұрпақтан ұрпаққа табыстау — біздің мақсатымыз әрі парызымыз болуы шарт. Ұлы мемлекетке айналу жолындағы аға буынның қолға алған игі ісін жаңа сатыға көтеретін көзінде оты бар, елінің нағыз жанашыры, білімі мен ой-өрісі кең жастардың қолында екендігі баршаға ақи­қат.

Адам өмір бойы үйренеді, ұдайы жетілу үстінде болады. Өсер елдің жастары өмірге өте құштар, білім алу, ғылым жолын қуу, әрдайым оқу мен іздену жолында жүреді. Қай заманда болмасын, табыстылықтың басты факторы – білім екендігі сөзсіз. Мемлекет пен мемлекеттің, адам мен адамның, ұлт пен ұлттың бәсекесі қызып тұрған мына заманда әлемдегі дамуы алдыңғы қатардағы мемлекеттермен тең дәрежеде болу үшін жастарымыздың білімі мен ғылымдағы жетістіктері бәсекеге қабілетті болуы қажет. Сондықтан да жастарымыз әрдайым сапалы білімді бірінші орынға қоюы тиіс. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік санайтын ұлт қана табысқа жете алады. Осы тұста айта кетер болсақ, соңғы жылдары өңірімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан ерекше қолдау жасалып келеді. Бұл өз кезегінде білімнің салтанат құрып, кеңінен қанат жаю­ы­на жол ашпақ. Өйткені сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәр­­биелеу болашаққа жасалған бас­ты инвестициямыз.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­ламалық мақаласы бүгінде халық арасында кеңінен қолдау тауып, ұшқан құстың қанаты талатын кең байтақ атамекеніміздің түкпір-түпкірінде көптеген игі шаралардың өтуіне себепкер болып отыр. Жалпы болашаққа бағдар беретін әрі рухани жаңғыруға үндейтін бағдарламалық мақаланың маңызы күн санап артып, нұрлы болашақтың темірқазығына айналуда.

Тарих көшi ұзақ. Мұратымызға асықсақ та аптықпай жетейік. Тәуелсіздікті ұстап тұру оңай емес, ал оның келешегін кемелді ету одан да қиын. Бұл күнделікті тынымсыз еңбекті, жігерді, қа­жыр-қайратты, ел­дің әрбір азаматының осы бағыттағы жауапкершілігі мен нақты әре­кетін талап етеді. Ынтымағымызды ыдыратпай, бiрлiгiмiздi жоғалтпай, әрбір істі жұмыла бiрiгіп атқарсақ, ауыр жүгiмiздiң жеңiлдерi анық.

Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елiмiзде дәулеттi де сәулеттi өмiр орнайтынына кәмiл сенімдімін. Өйткенi сөзiмiз – адал, iсiмiз – ақ. Ең бастысы Қазастанның бүгiннен нұрлы, бүгiннен де кемел болашағы бар, ал жастарының сол күнге деген берiк сенiмi бар.

Осындай алмағайып заманда Тәуелсіз ел ретінде көк туын биікке тіктеген еліміздің жарқын болашаққа жол тартқан көшін бәсеңдетпей, төрт құбыласын түгендеп, «Мәңгілік ел» болу жолындағы Ұлы мақсат — мүддеге жұмылуы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салып берген егемен елдің тізгінін ұрпақтан — ұрпаққа мирас етіп табыстау – әрқайсымыздың бабалар алдындағы ұлы борышымыз екендігін жас ұрпақ терең түсінсе деген тілегім бар.

 

Алматы облысы әкімі  баспасөз қызметінің

бас маманы Ожаров Қуаныш

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.