Талдықорған: +5°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ КЕРЕК

29 қараша 2017
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық әкімдікте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай атқарылып жатқан шараларды пысықтаған селекторлық жиын өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Жақсылық ОМАР басшылық етті. Селекторға аудан әкімдерінің  орынбасарлары және салаға жауапты мамандар қатысты. 

Атқарылып  жатқан жұмыстар жайлы  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев баяндама жасады. Ол өз сөзінде  рухани қазыналарды табу, зерттеу барысында жүргізіліп жатқан  жұмыстарға тоқталды.  «Сакралды Қазақстан»  бойынша тарихи орындарға жастарды апару,  экспедиция  барысында зерттеушілермен кездесу өткізу   жайын айтты.  Сондай-ақ, облысымызды таныстыру мақсатында түсірілген деректі фильмнің аяқталғаны қуанышпен жеткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар ұшан-теңіз.  Қасиетті орындарға мүмкіндігі шектеулі жандарды апарып, аралату да жақсы жарасымын тауып келеді. Жақында ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өз бетімен жүріп-тұра алмайтын балалар Қаратал ауданындағы  әулие-әмбиелердің кесенесін аралады. Балалар шын қуанып, қанаттанып,  сергіп қалды.  Шырақшылар да  ұл-қыздардың алдағы күнге деген үмітін ұштап, баталарын беріп, жүректеріне шуақ сыйлай білді.  Бұл – тек бір ғана шараның игілігі. 
Ендігі міндет –  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының игілігі жайлы  елге айтып,  басқалардың да  зердесін ашу. Бұл орайда  бұқаралық ақпарат құралдары  мен ғаламторда  ақпарат беру маңызды.   Жақсылық Мұқашұлы аудандардан  бағдарлама бойынша іске асырылған шаралар, оны ақпарат беттерінде жариялаудың барысы жайлы сұрады.   Бірнеше ауданның атына сын айтылды. Мысалы, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандары  шара өткізу және оны  көпшілікке паш ету жағынан артта қалған. Бұл орайда облыс әкімінің орынбасары жауапты адамдарға нақты тапсырма беріп, белгіленген уақытқа дейін  жұмысты жандандыруды тапсырды.   
Селекторлық жиындағы екінші мәселе  Президент күніне орай  ашылатын 100 нысанның уақытында қолданысқа берілу жайы.  Барлық аудандағы әлеуметтік  нысандардың құрылысы аяқталыпты. Мереке күні ел игілігіне ұсынылатын нысандар заман талабына сай салынған. Кейбіреулеріне ішкі жабдықтары да қойылып үлгерген.

 

Гүлжан ТҰРСЫН​

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Бүгін, 19:46
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

Бүгін, 17:30
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

Бүгін, 17:09
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41
Мемлекеттік қызметті шектеу

Мемлекеттік қызметті шектеу

Бүгін, 16:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.