Талдықорған: +10°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Мемлекеттік қолдау күшейеді

16.11.2017
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл жолғы Үкімет отырысында төрт мәселеге назар аударылды. Онда ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі шараларға көңіл бөлініп, электронды сауда-саттықты дамыту мәселелеріне ден қойылды. Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға мән беріліп, келесі жылы Оңтүстік Кореядағы Пхенчхан қаласында өтетін  ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына дайындықтың қалай жүргізіліп жатқаны талқыланды. 
ҚР Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуға- новтың айтуынша, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында, сондай-ақ, 2017–2021 жылдарға арналған АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ауылшаруашылығының басым бағыттарын дамыту және АӨК-ке мемлекеттік қолдауды жетілдіру бойынша карталар әзірленген. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы кооперациясын дамыту, аграрлық қайта өңдеу, АӨК қарқынды техникалық қайта жабдықтау, тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау, агрохимия, мал азығы өндірісі, көтерме-үлестіру орталықтары, егіндіктерді ұлғайту, отарлы қой шаруашылығын дамыту бойынша он карта қабылданыпты. Ендігі кезекте аграрлық ғылымды дамыту, сиыр еті өндірісі, субсидиялаудан жеңілдікті несиелендіруге көшу арқылы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру карталары әзірленбек. 
ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов электронды сауда-саттықты дамытуда 2018–2020 жылдарға арналған Жол картасы әзірленгенін және бекітілгенін баяндады. Онда белгілі болғандай «Интернет-дүкен» түсінігін, сондай-ақ сатушылар мен делдалдардың интернет-дүкендер құру мәселелерін регламенттейтін нормаларды қарастыратын «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңға түзетулер жасалған. Сондай-ақ, мобильді төлемдердің жеңілдетілген тетігін енгізуді ынталандыру, мобильді төлемдерге комиссияны төмендету бойынша ұсыныстар, электронды шот-фактураны пайдалануға толық көшуді қамтамасыз ету мәселелері пысықталуда. Жол картасында сондай-ақ «UNCTAD» көрсеткіштерін арттыру бойынша іс-шаралар қарастырылған. 
Ал ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың 2017–2018 жылдарға арналған жол картасы әзірленген. Жыл соңына дейін Бірыңғай интеграциялық платформаны пилоттық енгізу көзделген, оның аясында елдің әрбір азаматының жеке ұяшығы денсаулығының электронды паспорты болады. Сондай-ақ, жекелеген қызметтердің жұмысы автоматтандырылмақ. Келесі жылы қағазсыз денсаулық сақтау жүйесі Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында, сонымен бірге республикалық деңгейдегі бірқатар ұйымда пилоттық режимде іске қосылады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары медициналық құжаттаманы қағазсыз форматта жүргізуге толықтай көшеді. Осылайша, денсаулық сақтау саласын цифрландыру арқылы медицина қызметкерлерінің еңбек өнімділігі ұлғайып, халықтың медициналық қыз-         меттерге қанағаттану деңгейі артпақ.   
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы алда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында әлемнің сексеннен астам елінен бес мыңнан аса спортшы мен ресми тұлға қатысатынын және қазақстандық спорт делегациясының тоғыз спорт түрінен өнер көрсетеді деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді. 
Жиын барысында күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты бірнеше лауазымды тұлғалар сөз сөйледі. Осыған байланысты ой қорытқан Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Сонымен бірге электронды сауда-саттықты дамытуда тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және бизнесті онлайн сауда-саттыққа ынталандыру бойынша тәсілдерді қарастыратын заңнаманы жетілдіру шараларын қабылдауды, сондай-ақ, қысқы Олимпиада ойындарына дайындықты күшейтуді тапсырды. 

А. Байжұмақызы.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.