Талдықорған: +4°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА ОРАЛДЫ

27 қазан 2017
РУХАНИЯТ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА ОРАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

 

Латын әліпбиіне көшудегі келелі сөз бен түйінді тоқтамды тіл мамандары ғана айтуы тиіс. Өйткені, тілтанушылар – Қазақстанда қабылданған бірнеше әліпбидің арғы-бергі тарихын ғылыми тұрғыда зерттеген, қазіргі қазақ тілінің фонетикасын жан-жақты талдаған кәсіби филологтар. Достық үйінде өткен «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады» атты басқосуға қатысушылар «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген халық нақылын алдыға тартып, жаңа әлемдік графикаға кезең-кезеңімен көшудің негізгі бағыттарын талқылады.

Жиынды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай жүргізді. Тарихқа тоқталсақ, Елбасының латын графикасына көшу туралы алғашқы бастамасы дәл осы Ассамблеяның сессиясында көтерілген еді. Міне, одан бері 11 жыл өте шықты. Қазіргі таңда әлем елдерінің 80 пайызы ана тілдерін латын әліпбиімен таңбалайды. Басқосуды осындай мән берер мәліметтермен бастаған Ғабит Тұрсынбай: «Латынға көшу дегеннен гөрі оралу деп атағанымыз абзалырақ. Өйткені, Қазақстанда 1929 – 1940 жылдар аралығында латын әліпбиі бірыңғай жазу үлгісі ретінде қолданылғанын бәріміз білеміз», – деді.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев Ассамблея мүшелеріне латын графикасына қатысты орыс тіліндегі түсіндірме кітапшаны таныстырды. Кітапшада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына, қазақ тілін латын әліпбиінде таңбалаудың маңыздылығына түсініктеме берілген. Әсіресе, қазіргі таңда ел ішінде тарап жүрген «Орыс тіліне қысым көрсетіле ме?» деген арандатушы сауалға нақты дәлелдермен жауап келтіріледі. Бұл ретте Мемлекет басшысы латын графикасына тек қазақ тілі көшетінін, орыс тілі кирилл таңбасында қала беретінін, алайда тілдердің қолдану  аясы бұрынғыдай тең дәрежеде сақталатынын айтқан болатын. Кітапшада осыған орай туындайтын нақты 20 сұраққа дәлелді жауаптар ұсынылады.

Латынға көшкен Әзірбайжан мемлекетінің жастары ана тілін жетік біледі әрі ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Бұған латын графикасын қолданудың оң ықпалы тигені анық. Бұл жайында І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Айна Рахимова әңгіме өрбітті. Ол Баку қаласында іссапарда болып, латын қарпіне көшудің қаншалықты тиімді екенін зерттеп көрген. Әзірбайжан жастарымен пікірлесіп, Қазақстандағы тілдік ахуалмен салыстырған. Нәтижесінде, жазудың тіл мәртебесін көтеруде үлкен маңызға ие болатынын анықтайды. Ассамблея мүшелері маман пікіріне қолдау білдіріп, өз ойларын ортаға салды.

Жиын соңында қатысушылар латын қарпінде оқытатын маман даярлау, жаңа графикада оқулықтар жазу жайында өз ұсыныстарын білдірді. Айта кетейік, бүгін Елбасы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойып, апострофты нұсқаны 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен қолданысқа енгізуді тапсырды.

Қуаныш ТҰНҒАТАР.

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Бүгін, 19:46
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

Бүгін, 17:30
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

Бүгін, 17:09
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41
Мемлекеттік қызметті шектеу

Мемлекеттік қызметті шектеу

Бүгін, 16:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.