Талдықорған: +8°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жылдам хабар алғызған

7 қазан 2017
ЭКОНОМИКА
Жылдам хабар алғызған
WhatsAppTelegramFacebook

«Қазпошта» АҚ – ҚР Ұлттық пошта операторы, ол Дүниежүзілік пошта одағында Қазақстанның пошта әкімшілігінің мүддесін білдіреді, жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Компанияда жаңғырту және қызметтерді сапалы ұсыну үдерісі белсенділікпен жүргізілуде. Бұл қызмет көрсетудің жақсаруын ғана емес, пошта желісінің техникалық, операциялық, технологиялық, ақпараттық жаңаруын да білдіреді. 

Қазіргі күні «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалында 2237 адам қызмет етеді. Біздің қызметкерлер тұрғындарға көрсететін қызметтердің барлығын өз деңгейінде атқарып келеді. Қазір пошта жай жазбаша хат-хабарлар, басқа да пошталық жөнелтілімдер тасымалдау қызметін көрсетеді, SALEM, TENGE, WESTERN UNION, Юнистрим сияқты шұғыл ақша аударылымын жіберу, барлық салық және коммуналдық төлемдерді төлеу, жазылым бойынша мерзімді баспасөз басылымдарын тарату, филателия өнімдерін сату осының ішінде. Бүгінгі күні көптеген зейнеткер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері өз алымдарын (зейнетақысы мен еңбекақысын) «Қазпошта» АҚ карточкасы арқылы алады. «Қазпошта» АҚ мемлекеттік қолдау есебінен 7 (жеті) негізгі салық төлемін ешқандай комиссиясыз қабылдайды. Сонымен қатар автокөлік иелеріне арналған жаңа қызмет түрін көрсетеді. Қазақстандықтар жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды біздің филиалдарда төлей алады.  Еліміздегі ең ірі филиалдар желісі болғандықтан айыппұлдарды дер кезінде төлеуге жағдай жасалды. 
Қазіргі кезде 1499 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Байланыс орталығының телефоны тәулік бойы қолжетімді болатын режимге ауысты. Байланыс орталығы компанияның қызметтері жайлы толық мәліметпен бірге бөлімшелердің, поштаматтардың және банкоматтардың мекенжайы мен жұмыс істейтін уақыты жайлы сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар, 1499 байланыс орталығына қоңырау шалып, клиенттер «EMS Kazpost» курьерін шақырып, қызмет көрсету келісімшартына тапсырыс беріп, төлем картасы бойынша операцияларды іске асыра алады.
Талдықорған каласында қалалық автобекетте, «Мактуб» сауда үйінде, № 8 пошта байланыс бөлімшесінде үш поштамат орнатылған. 2016 жылдың есебі бойынша поштамат арқылы 5368-ден астам сәлемдеме жөнелтілсе, биылғы өткен айларда 8159 сәлемдеме жеткізілген. Бұл біздің жетістігіміз, клиенттерімізге деген ыңғайлылық. Биылғы жылдың басынан орта есеппен алатын болсақ «Гибридті электронды пошта» арқылы 27 219 жөнелтілім жасалыпты.
Іле ауданы, Боралдай кентінде Қазақстанда алғашқы болып, дербес энергиямен жабдықталған «жасыл» мобильді пошта бөлімшесі ашылды. Боралдай кентінде және оған таяу саяжайлар мен елді мекендерде бүгінгі таңда 80 мыңдай тұрғын бар, күн сайын бөлімшеге 200 адамға дейін келеді, ал зейнетақы беретін күндері ол сан екі есе артады. «Қазпошта» өз жұмысына ең соңғы технологияларды пайдаланады. Жаңалықтардың бірі ретінде темір жол және ұшақ билеттерінің біздер арқылы ауыл тұрғындарына қолжетімді болғанын айта кеткен жөн. Билеттерді онлайн түрде post.kz сайты арқылы сатып алуға болады.
Әр клиентке жеке кредиттік есептер ұсынылуда. «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС кредиттік есептерін алуға мүмкіндік беретін жаңа қызмет іске қосылды. Клиенттер электронды-цифрлы қолтаңбасы мен интернетке шығу мүмкіндігі жоқ болса да кредиттік есептерін кез келген пошта бөлімшесінен ала алады. Әлеуметтік белсенділік саясаты мен серіктестер желісінің өсуінің нәтижесінде 2016 жылы 345-тен астам кредиттік есептер берілсе, биыл бұл көрсеткіш екі есе көбеймек. 
Пошта саласының қызметкерлерін кәсіби мереке – Дүниежүзілік пошта күнімен құттықтай отырып, олардың күнделікті өмірде мол табыстарға жетуін тілеймін!

Мұхит КӘРІБАЕВ,
«Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры. 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41
Мемлекеттік қызметті шектеу

Мемлекеттік қызметті шектеу

Бүгін, 16:30
Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Бүгін, 15:45
Көне үйдегі көркемсурет әлемі

Көне үйдегі көркемсурет әлемі

Бүгін, 14:30
Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Бүгін, 12:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.