Талдықорған: +6°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Талқылауды қажет етеді

5 қазан 2017
РУХАНИЯТ
Талқылауды қажет етеді
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлттық рухтың төңірегінде өрбитін әңгімеден саналы адам іргесін аулақ сала алмасы хақ. Сондықтан да латын әліпбиі төңірегінде болып жатқан түрлі талқылауларға мен де өз ойымды қосуды жөн санадым. 

Кейбір авторлар қазақ фонетикасындағы төл дыбыстарды диграф (қосарланған әріптер) арқылы білдірсек десе, енді біреулері  төл дыбыстарымызды оқшаулай бермей, бір символмен ғана белгілеу керек деген уәж айтады. Мысалы, а-ә, г-ғ, и-і, н-ң, о-ө, ұ-ү, х-һ әріптері арқылы берілетін дыбыстарға француз әліпбиіндегі жұмсақтық белгісі – апостроф қойылса жеткілікті көрінеді.
Осы орайда оқырман назарына 1939 жылы Қапал педагогикалық училищесін бітірген, Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан көкем Зинал Жармұхамбетовтың аттестатын ұсынамын. Мұның бір бетіндегі жазулар орысша да, екінші бетіндегісі сол кездегі қолданыстағы латын әліпбиімен жазылған қазақша мәтін. Мұнда диграф деген атымен жоқ, кейбір дыбыстар апостроф арқылы ерекшеленген. Төл дыбысымыздың үшеуі: ә, ө және ү қазіргі кириллицадағы, өзіміздің қолданыстағы әріптермен белгіленген. Ал Ж, І, Ғ, Ң, Ұ, Қ қаріптері латын әліпбиінің C, J, G, N, U, Q қаріптеріне апостроф қою арқылы бедерленгенін, ы қаріпінің орнына ь кириллицадағы жіңішкелік белгісі, н әріпінің орнына латынның n, х қаріпінің бізге таныс х қалпында қолданылғанын көреміз.
Бұл әліпби қазақтың қолында билік болмаған кезінде қабылданып, қолданыста болғанын ескерген жөн. «Әсіре қызыл тез оңар» демекші, әріпімізді латыншалаймыз деп жүріп диграф не апострофтан тілімізге қауіп төніп жүрмесін. Негізінде, диграфтан келетін тоғыз түрлі қауіп бар. Апострофтың да қазақ тілін жетік білмейтіндерді шатастыратыны анық.   Кеңес кезінде орыстандыру саясатының кесірінен қазақтың 18 мың сөзі өзгеріске ұшырады деген деректі оқып едім. Енді жаһандану заманында барымызды бағалай алмай, құндылықтарымызды құлдыратып алмас үшін оңтайлы латын графикасын қабылдауымыз қажет. Дегенмен, латын әліпбиіне қатысты қазақ фонетикасының төл дыбыстарын айқын білдіре- тін ә, ұ, ү, і, ң, ғ, ө, һ қаріптері әлі де жан-жақты қарап, пысықтап алуды, тілші-ғалымдармен бірлесе тағы да талқылауды қажет етеді. 

Әбдісамат МЫЛТЫҚБАЕВ,
ҚР ҰҚК және Ауған соғысының ардагері.

Талдықорған қаласы.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.