Талдықорған: -3°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Хат артында адам бар

21.09.2017
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы облыстық басқармасы өңірдегі жергілікті атқарушы органдарға жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізіп, жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау саласында көптеген заңбұзушылықтардың барлығын анықтады. Осыған орай облыстық әкімдіктің кіші залында аудандармен бірлескен семинар өткізілді. Облыстық әкімдік аппаратының қызметкерлері, облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары, аудан, қала әкімдерінің аппарат жетекшілері, ауылдық округ әкімдері сынды жауапты мамандар қатысқан жиынды облыс әкімі аппаратының басшысы Батыржан БАЙЖҰМАНОВ ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы басшысының орынбасары Олеся Самойленко баяндама жасап, тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді атап өтті. Баяндамашының айтуынша, жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі бойынша ұдайы қайталанатын бұзушылықтар толастамай тұр. Прокурорлық қадағалау хаттамаларында көрсетілген жауапты тұлғалар істеген қателігі үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғанымен осы саладағы кемшіліктер еш өзгеріссіз қалып отыр. Мысалы, 2015 жылы тәртіптік жауапкершілікке 73 лауазымды тұлға тартылса, былтыр бұл көрсеткіш 60 лауазым иесіне тиесілі болған. Ал, биылғы 6 айдың ішінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған жергілікті атқарушы органдардағы 48 лауазымды тұлғаның бәрі де қатардағы атқарушы мамандар. Соған қарап, басшы лауазымындағы тұлғалардың жіберілген қателік үшін жауап бермейтінін байқау қиын емес. Дегенмен, жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініш толастамай  тұр. Статистикалық мәліметтерге қарағанда 2015 жылы облыстың мемлекеттік органдарына 133 мың 422 өтініш түссе, оның 124 мың 816-сы жергілікті атқарушы органдарға жіберілген. Былтыр барлығы 194 мың 818 өтініш болса, оның 138 мың 554-і жергілікті органдарға тиесілі. Биылғы 6 айдың ішінде 92 мың 823 өтініш берілсе, оның 61 мың 25-і жергілікті атқарушы органдарға берілген.
– Осы статистикалық мәліметтерге қарап, өтініштердің басым бөлігі жергілікті атқарушы органдарға түскенін біліп отырмыз. Солай болуы керек те. Өйткені, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық сала бойынша құзыреттілігі кеңейген, – деген Олеся Владимировна анықталған кемшіліктердің үлес салмағын саралап шықты. – Өтініштердің басым бөлігі Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары мен Талдықорған қаласының жергілікті атқарушы органдарына түскен. Және өтініштердің негізгі бөлігін табиғи-шикізаттық ресурстарды пайдалану, жер пайдалану мәселелері құрайды. Биылғы 6 айдың ішінде түскен өтініштердің 26%-ы, яғни 24 мың 133-і табиғи-шикізаттық ресурстарды пайдалану жөнінде болса, 23%-ды қамтыған жер мәселелері 21 мың 149 өтінішке тең. Одан бөлек, жұмыспен қамту бойынша 18 мың 564 өтініш, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша 8 мың 354 өтініш түскен. Осы өтініштердің басым бөлігінің мерзімінде бұзушылық байқалып отыр. Яғни, өтінішті қарау белгіленген мерзімнен кешігіп қолға алынады. Биыл біздің басқарма Еңбекшіқазақ, Талғар, Райымбек аудандарының атқарушы органдарына тексерулер жүргізіп, аудандық әкімдіктердің барлық бөлімшелерінде көптеген бұзушылықтардың орын алғанын анықтады. Мәселен, Еңбекшіқазақ аудандық «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі 108 шағымданушыға ескерту-талонын мүлде бермеген. Осы бөлімге «Rich Garden» ЖШС-нен алуға болатын субсидияның есебін анықтау үшін 2016 жылдың 22 тамызында берген өтінішіне қыркүйек айының 14-і күні, яғни арада 24 жұмыс күні өткен соң бір-ақ жауап берілген. Ал, ескерту-талон бермеу бұзушылығы қатары тіптен көп. Атап айтсақ, Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округінде 792, Талғар аудандық әкімдігінің аппаратында 531, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде 23, Талғар ауданы, Бесағаш ауылдық округінде 3, аудандық сәулет бөлімінде 2, Тұздыбастау ауылдық округінде 2, Райымбек ауданы, Жылысай ауылдық округінде 2, Жалаңаш ауылдық округінде 1 шағымданушыға ескерту-талон берілмеген.
Осындай заңбұзушылықтарды жіпке тізгендей етіп атап берген баяндамашының сөзіне қарағанда мұндай кемшіліктердің облыстың өзге өңірлеріне де тән екендігін анықтау қиын емес. Аталған кемшіліктер мен бұзушылықтарға орай Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Талдықорған қаласы әкімдері аппаратының басшылары есеп беріп, кеткен кемшіліктердің нақты себебін түсіндірді.
Семинарды түйіндеген облыс әкімі аппаратының басшысы Батыржан Байжұманов қарапайым халық пен жергілікті атқарушы органдар арасында тығыз байланыс, ықыласты қарым-қатынас орнауы үшін барлық жауапты мамандарға өз істеріне жауапкершілікпен қарау керектігін ескертіп, жеке және заңды тұлғалардың өтініш-шағымдарына мерзімінде, нақты жауап беру қажеттігін тапсырды.

Мәди АЛЖАНБАЙ.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.