Талдықорған: +7°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Тұтынушылар легі толастамайды

12 қыркүйек 2017
ЭКОНОМИКА
Тұтынушылар легі толастамайды
WhatsAppTelegramFacebook

Миллиондар мекеніне айналған Алматы қаласының Жібек жолы көшесінің бойында облыс аудандарының атсалысуымен ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жылына екі мәрте өткізу дәстүрге айналған бұл ауқымды жәрмеңкеде ауылшаруашылығының 48 түрлі өнімі сауда сөрелеріне шығарылып, 180 млн. теңгеге саудаланды. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 10 млн. теңгеге артық.

Жәрмеңке жұмысына облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, Алматы қаласы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Айдын Керімбек, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Сексенбай Бекішов және барлық ауданның аталған салаға жауапты басшылары мен мамандары қатысты.
Жер жаннаты Жетісудың құнарлы топырағында өскен табиғи таза өнімді сатып алуға алматылықтар таңмен таласа келді. Қала базарларының бағасынан 20 пайызға арзан ет-сүт, көкөніс пен жеміс-жидек, бал мен балыққа деген сұраныс мол болды. Тіптен, бір талы 23 теңгеге бағаланған жұмыртқаға тұтынушылар ұзын-сонар кезекке тұрды. Сөйтіп, бұл күні 30 мың дана жұмыртқа сатылды. 
Қыстың қамын жасап алуды ойлаған қалалықтар қияр мен қызанаққа, сәбіз бен картопқа көп сұраныс тудырды. Ал жаңа сойылған ірі қара мен қой еті, тауық, балық өнімдері еш іркіліссіз саудаланды. Әсіресе, құрт-ірімшік, май мен кілегей, күбіде күрпілдей пісілген сары қымыздың иісі тәбетті ашты. Табиғи өнімнің қадірін білетіндер Райымбек ауданы, Кеген ауылынан келген «Бақдәулет» шаруа қожалығының иесі Рысхан Жұмашеваны айналып өте алмады.
– Жәрмеңкенің өткізілуін асыға күтемін. Себебі, сауда жақсы жүреді. Бүгін 150 литр қымыз, 40 келіге жуық құрт, осы мөлшерде май мен ірімшігімді алып келген едім, бірер сағаттың аралығында орталанып қалды, – дейді  Рысхан апа.
Сауданың көрігін қыздырған ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне Талғар ауданынан 14,6 тоннаның өнімі әкелініп, 4,5 млн. теңгеге саудалады. Қайта өңдеу ісін мықтап жолға қойған ауданның «Байсерке-Агро», «Бекон» және «Макария» ЖШС-нің тауарлары жақсы өтті. 
1100 гектар жерге бақ отырғызып, тамшылатып суару әдісімен мол өнім алуды жолға қойған атақты «Жаркент-Фрукт» ЖШС-нің шабдалысына сұраныс болды.
– Серіктестік жер көлемі жағынан республика бойынша ең ірі бақ өсірушілер санатында. Озық технологияға негізделген жеміс бағы өнімдерінің сапасы өте жоғары. Бір қызығы, биыл алғаш жеміс берген шабдалы сауда сөресіне шығарылысымен сатып алушылар сөмкесіне түсуде. Соған қарағанда, бұл жәрмеңкені қалалықтардың асыға күткені байқалады, – дейді Панфилов аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Қуандық Мұсабеков.
Қала мен ауыл арасына алтын көпір болған ауылшаруашылығы жәрмеңкесін бақылап қана қоймай, алыс-жақыннан тауарын арқалап келген шаруашылық жетекшілерімен, сатушылармен пікірлескен Серікжан Ісләмұлы Еңбекшіқазақ ауданының «Сапар» шаруа қожалығының иесі Ақлима Айтжанованың сөзіне құлақ асты.
– Шаруа қожалығымызда 12 гектар жерге алманың 24 сорты өсіріледі. Жыл сайын Алматы қаласында өткізілетін «Алма» фестиваліне қатысып, 1-орынды иеленіп келеміз. 10 дипломымыз бар. Бірақ, осы алмамды тұрақты түрде сатуыма қолайлы жер таппай жүргенімді несіне жасырамын. Маған осы мәселені шешуге көмектессеңіздер, – деген өтінішін білдірді.
Алма өсірудің шебері атанған апаның бұл тілегін асықпай тыңдаған Алматы қаласы ауылшаруашылығы басқарамасының басшысы Айдын Жанұзақұлының мәселені бір демде шешіп беруі шаруашылық иесінің көңілін жайландырды.
– Алматы қаласы тұрғындарын табиғи таза ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге бұл жолы 180 млн. теңгені құрайтын 360 тонна өнім әкелінді. Жылдағыға қарағанда өнім көлемі 10 тоннаға артып отыр. Облыс әкімі Амандық Баталов ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне белсене  қатысушылар арасында байқау жариялағаны белгілі. Сондықтан да бұл жәрмеңкеге тұрақты қатысып, сапалы да құнарлы отандық өнімін ұсынған шаруашылық иелері қараша айының соңында байқау қорытындысы бойынша марапатқа ілікпек. Осыны ескерген барлық ауданның ауылшаруашылық бөлімдері белсенділік танытуда, – деді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және маркетинг бөлімінің басшысы Талғат Алыбаев.
Сарыала күзде әр шаңырақтың ырысын тасытып, берекесін арттыратын ауылшаруашылығы жәрмеңкесі осылайша қызу өтті. Бұл күнгі жәрмеңкеге сатушы да, сатып алушы да риза болды.

Ұлбосын ИСАБЕК,

Алматы қаласы.

 

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.