Талдықорған: +5°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Қатаң тапсырма берілді

12 қыркүйек 2017
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

«Құрылыс нысандарының жұмыстарын тездету керек, бірақ басты талап – сапасы», – деді Іле ауданына арнайы іссапармен келген облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов. Назарға түскен бірінші нысан Байсерке округіне қарасты Ынтымақ ауылында салынған мектеп болды. Ауылға кіреберісте орналасқан жаңа ғимараттың алдынан Іле ауданының әкімі Қыдыргелді Медеуов, құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Тұрысбеков және жауапты мамандар қарсы алды. 

Жаңа нысанның өз уақытында өткізілмеуіне бірнеше мәселе себеп болған. Құрылысқа жауапты «Бекжан Құрылыс» ЖШС  екіауысымды жұмыс тәртібін жүйелі ұйымдастырмаған, жұмысшылар саны да аз. Тағы бір себебі жобаға өзгертулер енгізген. Мамандардың айтуынша, бұл мектеп әуелде G4 спутник қаласының маңында орналасқандықтан, жылу, су, кәріз жүйесін осы болашақ қаланың инфрақұрылымына жалғамақ болған. Осыған байланысты өзгертулер енгізілгендіктен, уақыт та созылып, тапсыру мерзімі  1 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Аталмыш серіктестік Қоянқұс ауылындағы 600 орынды мектепке де жауапты. Бұл жерде де құрылыс жұмыстары аяқталмаған. Тапсырыс мерзімінен 20 күн кешігуде. Аудандық құрылыс бөлімі бұл олқылыққа айыппұл  саламыз деп отыр.  Соңғы ескертумен құрылыс жұмысын аяқтауға 1 қарашаға дейін уақыт берілді.   Сонымен қатар, Ащыбұлақ округіне қарайтын Төле би ауылындағы 300 орынды жаңа мектептің де құрылыс жұмыстары аяқталмаған. Мұндағы себеп, іргетасы жаңа қаланғандықтан жұмыс ауқымды болды, оның үстіне қаржыландыру мәселесі кешіктірілді   деп түсіндірілді. Жауапты компания қараша айында тапсырамыз деп уәде берді. 
Соңғы кезекте Междуреченск ауылы Шабыт шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысы назарға алынды. 80 гектар жерді алып жатқан тұрғын үйдің  инженерлік коммуникация жүйесіне жауапты «Ария Жаңа Астана» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2 айға кешіктіріп келеді. Бұл нысан «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынуда. Жобаның құны 2,2 млрд. теңгені құрайды. Мұнда да қаржы мәселесіне байланысты жұмыс кешеуілдеген. Құрылыс нысанында 70-ке жуық адам жұмыс істейді. 
Облыс әкімінің міндетін атқарушы  Лаззат Махатұлы аудан әкімімен  құрылысы аяқталмаған мектептерді түгелдей аралап, көзбен көріп, сауалдарына жауап алған соң, құрылыс жұмыстарын тездетуді бұйырып, сапалы болуын талап етті. Нысанға жауапты компания басшыларына мойнына алған жұмысқа жауапкершілікпен қарап, өз уақытында тапсыруды міндеттеді. Сонымен қатар бүгінгі күннің өзекті мәселесі құрылыс материалдарын тасымалдауда шамадан тыс тиелген жүк машиналары мемлекеттің үлкен қаражатына салынған жолдарды бүлдіріп жатқанын сынға алды. 

Мақпал МЫСА,

Іле ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.