Талдықорған: +11°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ұлттың ұйытқысы

11 қыркүйек 2017
РУХАНИЯТ
Ұлттың ұйытқысы
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар қаласында ақ- жаулықты аналардың басқосуы өтті. Үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайната, баласын ойната жүріп, еңбектің  бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі. Келелі жиынды ұйымдастыруға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық аналар кеңесі мұрындық болды. 

Форумға барлық аудандардың аналар кеңесі мүшелері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, «Әжелер шуағы» ансамблі мен «Жас Отан» жастар қанатының қызметкерлері қатысып, мазмұны терең әңгіме өрбітті.
Аналар кеңесі форумының салтанатты ашылуымен аудан әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы құттықтады. Форум жұмысының модераторы облыстық аналар кеңесінің төрайымы Жамал Баймәдиева күн тәртібінде қаралатын негізгі тақырыптарды тарқата келіп, әйелдердің еңбекқорлығы, ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны жайлы пікір алмасуға шақырды. Түгін тартса майы шығатын Талғар ауданында тіршілік жасап отырған аналардың істері ілгері басып, ел экономикасының өрлеуіне өзіндік үлестерін қосып отырғандығын айрықша атап өтті.
Жиында аудандық әйелдер көшбасшысы мектебінің жетекшісі Нәйля Үмбетованың «Гендерлік саясатты іске асыру бағытындағы әйелдердің бизнесте алар орны» тақырыбында жасаған баяндамасы көптің қызығушылығын тудырды. Бұдан кейін аудандық аналар кеңесінің төрайымы Мәрия Сихымбаева «Достықтың алтын тамыры – халықтар бірлігінде» атты баяндамасын оқыды.
Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтау міндетін мақсат тұтты. Бұл күнде аудан халқының 51 пайызын әйелдер құрайды. Талғар қаласы мен 10 ауылдық округте аналар кеңесі құрылып, 50-ге тарта мүшесі айтылған мәселелер төңірегінде жұмыс жүргізіп келеді.
Аудандарда демографиялық өсімге атсалысып отырған алтын құрсақты аналар аз емес. Оған аудан бойынша 66 «Алтын алқа», 225 «Күміс алқа» иегерлерінің бары дәлел.     
Форум жұмысын қорытындылаған Жамал Қасымбекқызы Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті бір Жолдауында: «Қоғамның өркениетті деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді», – деп тұжырымдауында үлкен мән жатқандығын жеткізді. Ақ жаулықты аналар басқосуында Талғар аудандық этномәдени бірлестіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Достық блогы» атты театрландырылыған көрініс те форумға қатысушы аналардың көңілін серпілтті.

Ұлбосын ИСАБЕК,
Талғар ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Елімізде агротуризм саласы жаңа белеске көтерілді

Елімізде агротуризм саласы жаңа белеске көтерілді

Бүгін, 10:30
Жетісуда газ бен өрт қауіпсіздігі күшейтілді

Жетісуда газ бен өрт қауіпсіздігі күшейтілді

Бүгін, 10:27
Ұлттық тәрбие – ел болашағының тірегі

Ұлттық тәрбие – ел болашағының тірегі

Бүгін, 10:21
Мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкараға барады

Мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкараға барады

Бүгін, 10:08
Қазақстан білім беру бойынша Орталық және Оңтүстік Азияда бірінші орынға шықты

Қазақстан білім беру бойынша Орталық және Оңтүстік Азияда бірінші орынға шықты

Бүгін, 10:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.