Талдықорған: +8°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЖАСТАРҒА ЖӘРДЕМ БЕРДІ

5 қыркүйек 2017
ӘЛЕУМЕТ
ЖАСТАРҒА ЖӘРДЕМ БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Нұр Отан» партиясының «Сәтті қа­дам» жо­басы аясында «Жастар бо­ла­ша­ғы» тақы­ры­бымен Сарқан ау­да­нын­да бос жұмыс орындар жәр­мең­кесі өтті.  

Шара барысында аудандық партия филиа­лы­ның есеп және статистика секторы, аудандық жұмыспен қамту орталығы мамандары кеңес бер­ді. Сонымен қатар, басқосу барысында жас­тарға жұмыс берушілер қатарында орталық ау­рухана, аудандық білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Сарқан су құбыры», «Сарқан жылу» кәсіпорны, «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көр­сету орталығының өкілдері шақыртылып, жұ­мыссыз 90 адамға көмек көрсетілді.

– Сарқан ауданы бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы жұмыс­сыз­дар саны 1169 адамды құрады. Жұмыс іздеп тіркелгендердің саны – 523. Оның 37-сі жас­тар тәжірибесіне, 43-і әлеуметтік жұмыс ор­ны­на, 303-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 76-сы қыс­қамерзімді кәсіптік оқуға, 81-і тұрақты жұ­мысқа орналастырылды. Барлығы 540 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздар есебінде та­ғы 345 адам тұр, – дейді аудандық жұмыс­пен қамту орталығының директоры  Мадияр Қожахметов.

«Сәтті қадам» жобасы аясында Елба­сы­ның саясатын жастарға түсіндіру, мемле­кет­те жүріп жатқан жұмыстарды кең көлемде насихаттау – басты бағыт. Білім беру, мә­де­ниет саласында және өнеркәсіпте, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, басқа да сала­лар­дың дамуына жастар өз үлестерін қосуы ке­рек. «Жас Отан» жастар қанатының ақпа­рат­тық бағытын кеңейту, жаңа жобалар ая­сында ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыс­та­рын толықтай жаңа форматқа көшіру керек. Бұл жайында «Нұр Отан» партиясы Сарқан ау­дан­дық филиалының есеп және статистика сек­то­рының меңгерушісі Бауыржан Жантасов айтты.

Жәрмеңке барысында 20 адам қайта даярлау курсына жолдама алды, 3 адам аудандық білім бө­ліміне қарасты орта мектептерге орна­лас­тырылып, 1 адам «Сарқан су құбыры» кә­сіп­орнына жұмысқа қабылданды. 30 адам ақылы қо­ғамдық жұмысқа тартылып, 8 адам жастар тә­жірибесі бағытымен әртүрлі мекемеге жұмысқа орналастырылды. Ал 28 адамға заң аясында тегін кеңес берілді.

Бағдагүл АХМЕТЖАНОВА,

«Нұр отан» партиясы

облыстық филиалының баспасөз хатшысы. 

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Бүгін, 22:02
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін, 17:22
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Бүгін, 16:45
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.