Талдықорған: +6°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Көрме үміті ақталды

5 қыркүйек 2017
ЭКОНОМИКА
Көрме үміті ақталды
WhatsAppTelegramFacebook

25 тамыз күні сағат 12.38-де «ЭКСПО – 2017» көрмесі үш миллионыншы қонағын қарсы алды. Ол Мәскеу қаласының тұрғыны, 38 жастағы Юрий Шурыгин. Астанаға іссапармен келген ресейлік азамат алдымен «Нұр Әлемді» тамашалағанын айта келіп, өз елінде де дәл осындай көрменің ұйымдастырылғанын қалайтынын жасырмады.

– Қазақстанның павильоны маған қатты ұнады. Әрине, мұндай ауқымды шараның бізде де өткізілгенін қалаймын. 2025 жылы ЭКСПО Екатеринбург қала­сын­да өткізілуі мүмкін. Біз өз еліміз үшін жанкүйер боламыз, – деп мерей­той­лық қонақ өз әсерімен бөлісті.

 «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ бас­қарма төрағасы Ахметжан Есімов ме­рей­тойлық конақты құттықтап, естелік сый­лықтар табыстады. Сондай-ақ, Ах­мет­­жан Есімов «ЭКСПО – 2017» көр­ме­сіне келушілердің 15%-ын шетелдік қо­нақтар құрайтынын, соның ішінде ре­сейлік келушілердің басым екендігін тіл­ге тиек етті.

– Көрменің басты мақсаттарының бірі – туристік саланың қарқынды да­муы­на ықпал ету болатын. Бұл мақсат орын­далды. Жұмыс орындары көбейіп, та­быс көлемі артты. Әсіресе, шағын және орта бизнес саласында мультип­ле­ка­тивтік әсер жақсы байқалды. Ел­ор­да­лық қонақүйлердегі меймандар саны екі есе көбейді. Дәл осындай жанданыс мей­рамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарында да байқалады, – деді Ұлт­тық компания басшысы.

Ахметжан Есімов Елбасының жа­қын­да «ЭКСПО – 2017» көрмесі нысан­да­рын пайдалану жоспарын бекіткенін тіл­ге тиек етті. Көрме жұмысы аяқтал­ған­нан кейін ЭКСПО аумағында про­фи­лак­ти­калық жұмыстар жүргізіліп, негізгі ны­сандардың жұмысы басталады. Еске салсақ, 24 тамызда көрменің басты ны­саны – Қазақстанның Ұлттық па­виль­оны «Нұр Әлем» нысанына мил­лио­нын­шы келуші тіркелген болатын.

Айта кетелік, үш ай мерзімде көр­меге шамамен 2 миллион келуші тір­ке­леді деп жоспарланған еді. Дегенмен, бұл болжам екі айға жуық уақытта жүзеге ас­ты. 4 тамыз күні көрме екі мил­лио­нын­шы келушіні қарсы алған еді. Ол 34 жа­сар оралдық кәсіпкер Гайса Жумалиев бо­латын.

Көрменің үш миллионыншы келу­ші­сіне қошемет көрсету рәсімінде сөз сөй­леген «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлт­тық ком­паниясы» АҚ басқарма төрағасы Ах­метжан Есімов: «ЭКСПО үмітімізді ақтап шықты», – деген пікірін қуанышпен жет­кізді.

– Жақында кәсіпкерлер тобы ЭКСПО жұ­мысын ұзартуды сұраған. Алайда халықаралық көрмелер бюросының рег­ла­менті үш ай. Шетелдік қатысушы ел­дер­дің бюджеттері бар, олар үш айға ғана қа­растырылған. Сондықтан мерзімді ұзар­ту мүмкін емес. Осы тұста бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрме келу­шілеріне айтарым, халықаралық па­вильон­дарды көруге асығыңыздар, өйт­кені 10 қыркүйекте олар өз жұмысын аяқ­тайды, – деді ол.

 EXPO – 2017 ресми аяқталғаннан кейін отандық бизнеске пайда табуға мүм­кіндік береді. Жақында Президент кө­р­меден кейінгі қолдану тұ­жы­рым­да­масын бекітті. ЭКСПО-ның кейбір ны­сан­дары мұра ретінде қалып, про­фи­лак­тикалық жұмыстан соң, кішігірім үзі­ліс­тен кейін туристік нысандар ретінде қай­та пайдалануға беріледі. Бірінші кезекте бұл басты нысан – «Нұр Әлем» павильо­нына қатысты. Жуырда оған 1 млн. адам­ның келгені белгілі болды. Меніңше, ол болашақта туристер тарапынан үлкен сұ­ра­нысқа ие болады. Жаңа туристік нысан – туристерді тартатын орын. Айта кетсек, Париждегі Эйфель мұнарасына жылына 7 млн. адам келеді. Уақыты кел­генде «Нұр Әлемге» де осыншама турист келе­ді деп болжануда. Қысқасы, ЭКСПО ту­ризмнің дамуына түрткі болады. Оның толық нәтижесін көрме аяқталғаннан кейін көреміз.

Қажет АНДАС.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.