Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Аңызға айналған алып тұлға

07.08.2017
КҮЛТӨБЕ
Аңызға айналған алып тұлға
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында  «Жетісудағы жүздесу» жобасы басталды. Аты айғақты шараның алғашқы қонағы – Кеңес Одағының және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов. Театр мен кино өнерінің ақтаңгері, сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі, театр абызы Талдықорған топырағына табан тіреп, жетісулықтардың құрметіне бөленді. І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында әр кино мен театрда ойнаған сайын өнерінің жаңа қыры танылатын тұлғаның өмірбаянын суреттейтін фильм көрсетілді. «Сыр тұнған айсберг» атты деректі фильм өнерден бағын тапса да, өмірдің қаталдығына тап болған актердің бар болмысын көрсете білді. Алаштың ардақтысын облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ ыстық ықыласпен күтіп алды.

Өнер үшін жаратылған жанды құрметтеп келгендердің қарасы қалың. Әсіресе, орындарынан тік тұрып, қошеметпен қарсы алғандары  мың өліп, мың тірілген өнер иесінің қуанышын еселей түсті.  Шара шымылдығы кеш тізгінін ұстаған Жұматай Оспанұлының «Өнердің қара шаңырағысың, театр» атты туындысымен түрілді. Иә, Асанәлі Әшімов алғашқы қызметін театр сахнасынан бастады. Ол әр замандағы, әр қоғамдағы әрқилы бейнелерді шебер сомдай білген өнер маманы. Ол – өзі алып шыққан образ кейіпкерлерін халық жүрегіне сақтай білген біртуар тұлға. Ұлт перзенті қазақ есімін күллі әлемге паш етті. Сексен жасында басын иіп Жетісуға жеткен қарттың  өнердегі өмірі ғасырлардан-ғасырға жалғасын табатындығы ақиқат. 
Шарада даңқты дарын иесінің өмірі бейнеленген фильмнің тұсауы кесілді. Жетісу жеріндегі Асанәлі Әшімов туралы деректі фильмнің премьерасы көптің көзіне жас үйірді. Арасында күлдіріп, жігерлендіріп те жіберді. Қарт Алатау мен аңыз адамды салыстырып басталған деректі фильм жұртшылықтың жүрегін баурап алды. Расымен де Алатау қандай биік болса, абыз ақсақал да соншалықты абыройлы болды. Иә, өмір оған қуанышы мен қайғысын теңдей бөліп берді. Өмірінің өзі – театр, драма, комедия, трагедия. Көңіл бөліп қарасаң  нағыз актердың маңдайына жазылған өмір ме дерсің. Бойындағы талантының арқасында өнер әлеміне тосыннан енген әртістің студенттік сәтінен танымал  болуына дейінгі аралық анық суреттелген. Кіп-кіштентай балалық шағының өзі қан майданға аттанатын әке бейнесімен әсерлі. Майдан даласына кетіп бара жатқан әке төрт жасар баласын алақанына салып, емірене иіскеп, төбесіне көтерген. Осы бір көріністер ақсақалдың көзінде әлі күнге сурет болып сақталып келеді. Мектеп табалдырығына жалаңаяқ барып, дәл солай қайтқан күндері де әлі күнге санасында сайрап тұр. Өзінің естелігінде бір күні оқуға жалаңаяқ барғанында жаңбыр жауып, қасындағы балаларды әке-шешелері алып кетіп, оқу ғимаратында қалып қойғаны бар. Сол бір күн кішкентай балаға бір ғасырдай көрінгені бүгінде жылы естелік. Ел біткеннің еңсесін түсірген соғыс оты өшкен соң  жаңа өмірге ұмтылған Әшімовтер отбасы Кентау қаласына көшіп келеді. Аталмыш ауданда мектеп бітіріп, арман қуып Алматыға аттанады.  
Иә, ол кездегі жас түлектің қиялы тіптен бөлек еді. Актер болу ойына да келмеген, шешесінің қолын ыстық суға малуды аңсап, басшы боламын деген тілекпен агроном мамандығына тапсырмақ болады. Бірақ сынақтан сүрінген арманшыл балаға тағдыр үлкен жолды тарту етті. Ол өнер әлемі болатын. Бала күніндегі досы Райымбек өнер факультетіне түсіп Асқар Тоқпановты қонаққа шақырғанда белгілі өнер иесінің назары бірден оттай жанып тұрған көк көзді жігітке түскен. Міне, дәл осы сәттен бастап қазақ өнерінің көгінде жарық жұлдыз туған еді. Жалындаған жас жүрек өнер ордасына бас сұғып, оқуын жалғастырды. Білімгерлердің арасында жүріп, өздігінен өмір сүруге де икемделіп алған болатын. Ал туабітті шығармашылығы шыңдалған үстіне шыңдала түсті. Оқу барысында қаншама дос тауып, олармен табысып, бір үзім нанды бөліп жеп, қызықты күндерді бастан кешті. Өзінің естелігінде тіпті киімге дейін бірінікін бірі киіп кететіндігін айтып күліп алды. Қылшылдап тұрған жас жігіт оқу табалдырығында жүріп талай сұлудың жүрегін жаулап та үлгерген болатын.  Бірақ өзі миллион арудың ішінен Майраны таңдады. Иә, Майра ол кезде өзімен бірге консерваторияда оқитын білімгер. Екеуі бір-бірін ұнатқан соң жарасым тапты. Ғұмырлас достары, студенттік сырластары Нүкетай Мышбаева, Сәбит Оразбаев кинокартинада Асанәлі туралы жылы естеліктерін арнап өтті. Олар әлі күнге дейін кездескен сайын жастық шақтың естеліктерін айтып, риясыз күліп алады. Расымен де білімгер шағынан бастап Асанәлі бөлек, дара адам болып қалыптасты. Қазақ актерларының ішіндегі интеллектуалдық дәрежесі биік, ойы терең, ізденімпаз, алғыр, бірсыдырғы емес, неше қабаттан тұратын, астары көп әртіс деген жоғары бағаларға ие болды. «Театр менің махаббатым, театр мені адам қылды» деп тереңнен толғайтын кино әлемінде жұлдызы жанған актер ең алдымен өзін театр әртісі деп атайды.  Студент шақтан Әуезов театрына жолдама алып, талай рөлдерді қанық етіп ойнап берген. Аталмыш ғимарат оның әлі күнге дейінгі ыстық ұясы. Тынышың қашқанда жаныңа құдіреттен шипа қылатын сезімге толы сахна актермен ерекше сырласатын. 
Иә, ол сол театрдың төрінде қаншама рет мың өліп мың тірілді. Ең соңғы қатысқан қойылымы «Ымырттағы махаббат». Өнер иесі ойнаған қойылымда, сахна пердесі ашылған сәттен көрермен сілтідей тынады. 1969 жылы өзі қойған және басты рөлді сомдаған Макс Фриштің «дон жуаны»  актердың шеберлігіне дау жоқ екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өнер оны магниттей өзіне тартып алды. Ш. Аймановтан бастап барлық режиссердың әзілкеш, әдемі жігітке көзі түседі. Ерекше мүсінді қазақ баласы театр сахнасында көптеген рөлді сомдап, сол арқылы кино әлемінде де сұранысқа ие болды. Алғаш рет С. Мұқановтың «Ботагөз» романының желісімен түсірілген фильмде бой көрсетті. Кейіннен қазақ киносының дамуына үлес қосып, 100-ден аса кесек рөлді сомдады. Әуезовтің «Абайында», Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш- Баян Сұлуында», «Еңлік-Кебекте» басты рөлдермен халық жүрегін жаулай алды. Ал «Қыз Жібек» фильміндегі Бекежан образы әртістің шеберлігі мен өнер үшін туылғандығын танытты. Бүгінде көпшілік өнер иесін Бекежан арқылы таниды. Кейіннен «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Сіз кімсіз, К мырза?» фильмдерімен жұлдызы жарқырай түскен актер адамдығы мен адалдығын екі әлемде бірдей ұштастыра білді. Бүкілодақтық даңққа ие болған Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібегіне» түсіп жатқан уақытта, Шәкен Айманов «Атаманның ақыры» фильміне Шадияровтың рөліне шақырады. Ол фильм жауапкершілікті болған соң екі киноға бір уақытта түсуден бас тартқан өнер иесі Шәкен Аймановқа түспей-ақ қояйыншы деп өтінеді. Бірақ Айманов: «Шадияровты Шадияров ететін тек қана Әшімов», – деп өз дегеніне көндірді. «Менің өмірім мен өнерімнің ұстаздары Ш. Айманов, С. Қожықов, Асқар Тоқпанов», – деп актер осы ақсақалдарды жиі еске алады, сағынады. Әсіресе, өзіне деген сенімге селкеу түсірмей қабылдайтын Аймановты тағдырдың тарту еткен сыйы деп біледі. Кейіннен шыққан «Транссібір экспресін» Шәкен Аймановтың шәкіртімен бірігіп, соған естелік ретінде түсірген. 
Өзі актер боламын деп ойламаса да, бойындағы дарын тулап шығып, түбі өнерге алып келген Асанәлінің жұлдызы жарық болды. Иә, Асқар Тоқпанов жетелеген  өнер жолы актерге сәтті болды, бақты болды. Ал өмір жолы ше?! Қатыгез қайсібір сағаттар басынан өтті. Бірақ ол өмірдің  жолдаған улы оғына қасқайып қарсы тұрып, денесін тоса білді. Басына бұлт үйіріліп келген қаралы күндерден қашпады, сабыр етті, төзім қылды. Әйтпесе, екінің бірі көтере бермес қиындық өнер иесін есеңгіретіп тастағаны анық. Қос қанатын сындырды. Шуақ шашқан күн сәулесінен айырды. Бақытын бөліп алды. Жары Майра, Ұлдары Мәди мен Сағи, және анасы о дүниелік болып кеткенде күрсіністен көңілін көтере алмай, тағдырдың сынағына жолықты. Өзі сүйіп, таңдап қосылып, енді бақыттымын деген жан-жары Майраға деген сағынышын басу өнер адамына оңай болмады. Шерін табиғат-анаға тарқатып, қайғысын тек сонымен бөлісті. Құзар шыңға, тауға барып түңілісін тарқатты. Оның жоғалтып алған жақындарына деген жоқтауын тау ғана еститін. Бірақ Зейнолла Қабдоловтың жігерлі сөзі жылаған жанның жүрегін бірден жұбатып алды. «Інім, басыңды көтер. Абайдың екі баласы қатар кеткенде Абай жатып қалған. Бірақ ол Әбіш пен Мағауия жалғыз сенің балаң емес, халықтың баласы деген сөзден есін жиып, елге көңіл айтқан болатын», – деген сөзі дәл өзіне арналғанын сезіп абдырап қалған көңілін сол мезетте жиып алған.  Ошағының оты өшсе де, жан дүниесін қара басса да, екі аяғынан қайта тұруға талпынды. Серпілуге сәл қалған шақта тағдыр оған тағы соққы берді. Алдындағы ауыр сынақтан айыға алмай жүргенде жан жүрегіндегі жараны емдейтін, қаншама жыл қойнына сыйдырған театр ол үшін есігін тарс жапты. Ол сонда да сырын сыртқа шашпай, ешкімге күйе жаққысы келмеді. Ол жеңілді, жеңді, қайта тұрды. Қанша күрсінсе де өмірге күлімдеп қарағысы келді, тіпті, өлімге де. Қабаттаса келген қайғы-қасірет қабырғасын қайыстырды, қинады. Дегенмен, сахнада талай батыл да батыр ердің рөлін сомдаған саңлақ сынбады. Өмірдегі рөлін де сынақ деп қабылдап, шебер сомдай білді.
Кейіннен күпті болған көңіліне Бағдат кездесіп, басындағы бұлттың ыдырауына үлкен септігін тигізді. Аталмыш кинокартинада актердің басынан өткен осынау трагедиялық дәуір айшықты кестеленген. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейінгі әр сәт үлкен сезіммен бейнеленген. Бір тағдыр, бір өмірді көз алдынан сырғанатып өткізген жұртшылық абыз актерға үлкен құрмет көрсетті. Білдей бір  ғұмыр, бір тағдыр кинолентамен көңілден  өте шықты.         
Көрсетілім соңынан сахнаға көтерілген абыз ақсақал жұртшылыққа алғысын айтты. «Қай жерге барсақ та иіліп сәлем беретін балалар мені шабыттандырады. Біз шабыттың адамымыз. Табиғаты кең, адамдары тең Жетісу өлкесі жүрегіме жақын», – деп ақжарма тілегімен ақтарылды. Өз өмірінен сыр шертетін фильмді Асанәлі Әшімов Жетісу жұртшылығымен алғашқы рет көріп отыр екен. «Менің сыншым да, міншім де, жетістігім де барлығы – халық» деген дарын иесі әрдайым елдің берген бағасымен санасады. Ол өз сөзінде залдағы көрермен көзқарасынан өзіне деген пейіл мен мейірді байқағанына шексіз қуанышты екенін жеткізді. Баға жетпес байлығы – отбасын сахна төріне шақырып, Жетісу жұртшылығымен сәлемдестірді. Аңыз адамның етегінен ұстағанына бақытты екендігін үнемі тілге тиек ететін жары Бағдат сөз алып, жұлдызы биік жанмен жолықтырған тағдырына ризашылығын айтты. «Өмір бойы сахнада келе жатқан ел азаматын ардақтай білуім – сіздердің ниет-тілектеріңізден», – деп тілегін түйіндеді. Артынан ерген қызғалдағы, қызы да жұртшылыққа деген ыстық ықыласын жеткізді. 
Кино мен театр өнерін Асанәлісіз елестету мүмкін емес. Сексеннің сеңгіріне шыққан абыз жетпіс жасында өмірге келген ұлының есімін де Асанәлі деп қойған. Өнер иесінің өмірлік ізін жалғастырып, рухани мұрасын иеленетін Асанәлі де болашақта актер болуды армандайды екен. Ол жұрт алдында Фариза Оңғарсынованың «Әке» өлеңін шабыттана оқып, әкесінің жолын жалғастыру үлкен бақыт екенін жеткізді. 
Алаштың ардақтысына деген ыстық ықыласын арнаған облыс әкімі  Амандық Баталов актермен алғаш кездескен сәттерінен естелік айтты. 
– Сонау 25 жасымнан сіз мен үшін үлкен тұлға болатынсыз, мен сізді құрмет тұтамын. Жетісулықтардың сізге деген құрметі ерек, ықыласы бөлек. Өнердегі сара жолыңыз, өмірдегі дара жолыңыз, қайталанбас қолтаңбаңыз жас ұрпақ үшін үлкен тәрбие, тамаша тектілік. Шығармашылықтағы баспалдақтарыңыз, өмірлік тәжірибеңіз қоғам үшін үлкен құндылық. Сондықтан бұл жүздесудің маңызы зор, мәні терең. Жасыңыз жүзге жетсін, қазақ өнеріне қызмет ете беріңіз, – деген облыс басшысы асыл тұлғаның иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.

Көзі тірісінде аңызға айналған Асанәлінің бар ғұмыры өнерге арналды. Өнер өлімнен құтқарды, өнер өкініш пен өксіктен сақтады. Бүгінде абыз қарт абырой мен атақтың асқар биігінде. Көрсетіліп жатқан құрмет те шексіз, шапағат та шектеусіз. Сексен жасына орай Елбасы «Еңбек Ері» атағын беріп, ерекше ілтипат көрсетті. Бірақ өнер иесі үшін ең үлкен құрмет – халықтың қошеметі. 
Иә, Алаштың ардақтысы үшін марапаттың төресі – ел ықыласы. Өмір – шахматтың тақтасындай ақ пен қара. Асанәлі Әшімовтің жиі қайталайтын сөзі осы. Міне, соған мойымаған аңыз адам сан салалы соқпақтан сүрінбей өтіп келеді. Кездесуден кейін көпшілік аңызға айналған Асанәлі Әшімовпен естелік суретке түсіп, қолтаңбасын алып жатты.

Құралбек Сәбитов

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.