Талдықорған: +1°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Азамат рухын ардақтады

01.08.2017
КҮЛТӨБЕ
Азамат рухын ардақтады
WhatsAppTelegramFacebook

Асыл азамат, ардақты әке, белгілі кәсіпкер, меценат Жанайдар Егінбаевтың өмірден өткеніне біраз жылдың жүзі болды. Көзі тірісінде  облыстық мәслихат депутаты болып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор еңбек сіңірген жанды Жетісу жұртшылығы ешқашан ұмытпақ емес. «Жастар» спорт сарайында өткен білікті маман, тағылымды басшыны еске алу турнирі осы сөзімізге дәлел бола алады. Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген ардагерлер командалары волейболдан  облыстық жарыс өткізіп, ардақты азаматты еске алды. 

Осыдан екі жыл бұрын әуе апатынан көз жұмған «Талдықорған жолдары» ЖШС директоры Жанайдар Егінбаев жақсылығымен, шарапатымен талайдың жүрегінде сақталып келеді.  Жүрегі жақсылыққа толы жанды келер ұрпақтың танып, біліп құрметтеуі керек. Міне, осыны мақсат еткен ұйымдастырушылар турнир дайындығын жоғарғы деңгейде  жасаған. 
Шараның ашылу салтанатына жиналғандар ел ағасын еске алып, ән арнап, арнау айтты.  Әсіресе Нұрила Бектемірованың сөзіне жазылған Жания Спанованың орындауындағы «Аққан жұлдыз» әні көпшіліктің көңілін тербеп, жүрегіне жетті. Ардақты азаматтың жары Қаламқас Бабашева шараның ұйымдастырылуына ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. Білікті маман, тағылымды басшы тірі болса осы күні асқаралы 67 жасқа толатын еді. Мұны «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев  өз сөзінде айтып өтті.
Аталмыш ойынға қол ұшын созып, демеушілік жасаған Жанайдар Егінбаевтың курстасы, досы Тасболат Битенов өз сөзінде: 
– Бүгін бұл жерге Жанайдарды жақсы көріп, құрмет тұтатын жандардың бәрі жиналып отыр деп білемін. Біз ел-жұртының қамқоршысы бола білген азаматпен 1967 жылы танысқанбыз. Содан бері дос болып, жақын араласқанбыз. Отбасылық шаттығымыз да ортақ болды, – деп шынайы тебіреніспен ой толғады.
Шығыс Қазақстан облысынан келген «Дерикар» ЖШС директоры Тасболат Қажмұханбетұлы досының атына ұйымдастырылған турнирмен қатар шара соңынан берілетін асқа да демеушілік еткен. 
Осыдан бес жыл бұрын өңірімізде 3-4 волейбол командасы болса, бүгінде жастар арасында 38, ардагерлер арасында 8 белсенді команда бар. Бұл өңіріміздегі волейболға деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Ардагерлер арасындағы сегіз команданың барлығы аталмыш турнирден табылып, жақсы ойын өрнегін көрсетті. 
Ардагерлер арасындағы бәсеке басынан-ақ  қыза түсті. Ойын шеңберлі жүйеде өткізіліп, жиналған жұрттың қызығушылығын оятты. Атап өтерлігі, облыс әкімі Амандық Баталов та аталмыш турнирде ойын көрсетіп,  шара шаттығын арттырды. Ойын қорытындысында  шеберлік танытқандар мен жарыс жеңімпаздарын марапаттаған  Амандық Ғаббасұлы жүзден жүйріктерге құрмет көрсетті. Командаларға кубок, грамоталар мен ақшалай жүлделер табысталып, алғашқы үштік марапатталды.  Бірінші орынды Талдықорғанның ардагерлері алса, екінші орыннан Қарасай ауданы көрінді. Ұйғыр ауданының ойыншылары қола жүлдені еншіледі. Міне, тіршілікте артына мол өнеге қалдырған, жақсы істерімен ел жүрегінде қалған азаматқа деген ел құрметі осындай болды.

Құралбек СӘБИТОВ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026
Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.