Талдықорған: +9°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Көрмедегі джаз кештері

24 шілде 2017
КҮЛТӨБЕ
Көрмедегі джаз кештері
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздегі Орталық Африка Республикасының Елшілігі өздерінің Еркіндік және Нельсон Мандела күнін атап өтті. Бағдарламаға сәйкес, шарада «Soweto» ішекті квартеті мен АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обаманың «Айқын жетістігі үшін» сыйлығының иегерлері Дэни  мен Дэнниел Петерсон өнер көрсетті. Сонымен бірге Малайзия павильонының күнделікті бизнес-бағдарламасының аясында «Жасыл қаржыландыру» апталығы өтті. Білім және тәжірибе алмасуды мақсат еткен  «Жасыл қаржыландыру» апталығын Халықаралық Астана қаржы орталығы исламдық қаржыландырудың басшысы Әлібек Нұрбеков басқарды. Бір аптаға жалғасқан шара аясында Малайзия жасыл энергия ілгерілетуден бөлек,  туризм, білім беру, су және жасыл инновациялар, ақылды қалашықтар секілді экономиканың өзекті саласын көрсетті.

 

Көрменің «Astana» ала­ңындағы джаз кештері халық­аралық көрменің іскерлік ат­мо­сферасына ерекше үн қос­ты. Таяу Шығыс пен Жерорта теңізіндегі джаздың әртүрлі этникалық музыкалық бағыттарының қоспасы Израиль павильонында ұсынылды. «Yogev Shetrit» триосы бұрыннан дәстүрлі солтүстікафрикалық, андалуздық, біртума еврей және левантиялық музы­каны жеткізумен айналысып келеді. Туған жерінде музыканттар ерекше естілетін және бірқилы стильге ие, тоқтауды білмейтін экспериментшілер ретінде белгілі.
Джаз эстафетасы Италия павильонында қолдау тапты. Күн сайын мұнда интернационалдық, қазақстандық-ита­льян­дық джаз-бэнд жанды музыка кеші өтуде. Джаз әуесқойлары ауқымды репертуарлық диапазонға ие саксофоншы әрі композитор Габрие­ле Буонасортенің соломен өнерін ұсынды. Сондай-ақ, «ЭКСПО – 2017» сахнасында Корея Республикасының Ұлттық күні паш етілді. Іс-шараға Сауда, өндіріс және энергетика министрлігінің тұрақты комиссары Ким Енг Сам, Кореяның сауда және инвестицияларды ықпалдастыру агенттігі бас директоры Ким Дже Хонг, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, Корей павильонының комиссары Ким Дэ Сик және Корея павильонының Құрметті Елшісі әрі танымал актер Сон Кан Джун қатысты. 
Сауда, өндіріс және энер­гетика министрлігінің тұрақты комиссары Ким Енг Самның айтуынша, Оңтүстік Корея жаңартылмалы энергия көздері арқылы елдегі энергия өндірісін 2030 жылға қарай 20%- ға арттыруды жос­парлап отыр. Комиссар мырза өз сөзінде Корея павильонын тамашалағандар саны 150 мыңнан асатынын да тілге тиек етті. Сондай-ақ, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасқа да тоқталып өтті. Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров Қазақстан мен Корея мемлекеттері тығыз экономикалық және достық  қарым-қатынаста екенін айтты. Ол Қазақстанда көп жылдан бері «KIA» және «Hyundai» сияқты Корей компанияларының өнімдері үлкен сұранысқа ие екенін сөз етті.  
Ұлттық күнді мерекелеу бағдарламасының ресми бөлігінен кейін көрмеге келушілер танымал корейлік «B-Boy» тобының бишілері,  сондай-ақ, «K-pop» және «Sorea Band» тобының өнерін тамашалады. Корей дәстүрлі жекпе-жек өнері – таэквондодан да шоу көрсетілді. Айта кетейік, қонақтар мен журналистер үшін танымал Корей әртісі Со Кан Джунның қатысуымен фан митинг ұйымдас­тырылды. 

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

27 қазан 2026
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

27 қазан 2026
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

27 қазан 2026
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

27 қазан 2026
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

27 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.