Талдықорған: +1°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Сарыарқа төсіндегі салтанат

13.07.2017
КҮЛТӨБЕ
Сарыарқа төсіндегі салтанат
WhatsAppTelegramFacebook

Астанада сейсенбі күні «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі аясында Алматы облысы Мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтті. Арқа төріндегі ауқымды шараға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ, Астана қаласының әкімі Әсет ИСЕКЕШЕВ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ, «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ қатысты. Жетісудың өнерін паш еткен шара «Қазақстан» орталық концерт залында ұйымдастырылды. Алдымен Астана тұрғындары мен қонақтары облыстағы қылқалам шеберлері мен қолөнершілердің төл туындыларымен танысып, концерт залына кіреберістегі көрмені аралады.

Зал облыстың өнерін тамашалауға келген көрерменге лық толды. Сүйінбай атындағы облыстық филармония  өнерпаздары мен «Алатау әуендері» шығармашылық ұжымы астаналықтарды ерекше әсерге бөледі. Концерт басталар сәтте зал жарығы кенеттен өшті де, үлкен экран бетіне Жетісудың тұмса табиғаты жарқ етіп шыға келді. Мерекелік леп сыйлаған бейнекөріністе көрерменге әдемі өзен-көлдер мен асқақ таулардан тұратын Жетісудың жақұттары ұсынылды. «Жетісу – жұмақ мекені» деп аталған концерттің шымылдығы әйгілі сазгер Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен түрілді. Концерт      М. Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің, республикалық байқаулардың жүлдегері, дирижер Арман Аманжолов жетекшілік еткен хор сүйемелдеуімен ашылды. Өнерпаздардың талантына астаналықтар бас иіп, қайта-қайта қошеметпен қол соқты. Аталған оркестрден бөлек, «Алтынай», «Сазген», «Адырна», «Құлансаз» секілді әйгілі ансамбльдердің өнерін Астана тұрғындары ыстық ықыласпен қабылдады. Сонымен бірге, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қанат-Айтгүл Құдайбергеновтер, Ұлжан Айнақұлова бастаған танымал сахна саңлақтары Мәдениет күнінің көркін кіргізді. Қара домбыра көмейінен төгілген «Махамбет» күйі залда отырғандардың рухын жанып, мерейін асқақтатты. Күй құдіретіне елтіген көрермен ерлікке толы тарихқа қайта оралғандай әсер алды. Ұлжан Айнақұлова мен Бейбіт     Мұсаның орындауындағы «Тойбастар» әні думан көрігін жандандыра түсті.
«Өнерде шекара жоқ» деген рас-ау. Халықаралық байқаулардың жеңімпазы Жомарт Тәкебаев, Асхат Мәдиев, Тілек Нағымбаев итальяндық әндерді шырқай жөнелгенде зал тағы да сілтідей тынды. «О, Соломио», «Ғашық сарбаз», «Герцогтың әні» секілді әлемге танымал туындыларды жетісулық өнерпаздар нақышына келтіре шырқады. Кеште «Талдықорған әуендері», «Шапағат» шығармашылық ұжымдары және Қанат-Айтгүл Құдайбергеновтер «Солай» әнін орындады. Көрермен «Бахор» тобының биін де жоғары бағалады.
Сахнада тек қазақ туындылары ғана емес, орыстың, татардың, кәрістің және өзбектің мәдениеті мен өнері ұсынылды. Жетісу – ән мен жырдың, ұлттар мен ұлыстардың алтын бесігі. Кеште Сарыарқа төсі Жетісудың өнерімен сусындады. Концерттен кейін көрермендер өздерінің алған әсерімен бөлісіп жатты. Солардың қатарында белгілі қазақ спортшысы Нұрбақыт Теңізбаевтың анасы Рысжан апай да бар. Ол ұйымдастырушыларға алғыс айтып, үлкен әсерге бөленгенін тілге тиек етті. Ал Астана қаласының тұрғыны Сәуле Омарова мұндай кештің есінде мәңгі сақталатынын жеткізді. Сәуле жетісулық жерлестерімен осындай мерекеде жолыққанын жақсы ырымға балап, барлық облыс тұрғындарына татулық, тыныштық және зор денсаулық тіледі.
Астанадағы облыстың Мәдениет күндері осы аптаның аяғына дейін жалғасады. Салтанатты шараға 400-ге жуық өнер адамдары атсалысуда. Жетісу өлкесінің тұрғындары Есілдің ерке қаласында қызықты көрмелер, қойылымдар, спорттық іс-шаралар, концерттік бағдарламалар ұйымдастыру үстінде. Райымбек пен Қабанбай батырдың, Балпық би мен Қабылисаның, Сүйінбай мен Жамбылдың, Мұқағали мен Тұманбайдың кіндік қаны тамған өлке өнерпаздары Сарыарқа даласын төрт күн бойы ән мен жырдың бесігінде тербетпек.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.
Астана.​

Қатысты жаңалықтар

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026
Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.